Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Қарағанды қаласы
Калыбекова Сымбат Бектасовна — №8 негізгі орта мектебінің география пәні мұғалімі
Тақырып
§ 41–42. Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Сабақтың мақсаты
I. Білімділік
Табиғат кешендеріне сипаттама бере отырып, Оңтүстік Американың табиғат зоналарына жеке-жеке тоқталу.
II. Тәрбиелік
Оңтүстік Американың қайталанбас тіршілік дүниесін қорғау және сақтау шараларын түсіндіру арқылы эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.
III. Дамытушылық
Оқушылардың картамен, кестемен және электронды оқулықпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.
Сабақтың ұйымдастырылуы
Көрнекіліктер
- Жарты шарлар картасы
- Атлас
- Таратпа материалдар
- Электронды оқулық
- Оңтүстік Американың табиғат зоналары картасы
Сабақ типі және әдіс-тәсілдері
Сабақ типі: аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдер:
- әңгімелеу
- сұрақ-жауап
- пысықтау
- көрсетілім
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- Сәлемдесу, сыныпты түгендеу
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
- Назарын сабаққа аудару
II. Үй тапсырмасын тексеру
§ 40. Оңтүстік Американың ішкі сулары. Географиялық диктант.
- 1) Оңтүстік Американың негізгі суайрығы — Анд тауы.
- 2) Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама — Анхель, ол Гвиана таулы үстіртінде орналасқан.
- 3) Түбінен мұнай өндірілетін көл — Маракайбо.
- 4) Амазонка су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің ауданымен пара-пар.
- 5) Титикака көлі үндістер тілінен аударғанда «қалайы алаңы» деп аталады.
- 6) 300 тармаққа бөлініп, биік жартастардан құлап ағатын, табиғаты аса көркем сарқырама — Игуасу.
- 7) Жазда кеуіп қалатын тұзды көл — Поопо.
Бағалау шкаласы
III. Өткен сабақты бекіту
Қайталау сұрақтары арқылы §40 тақырыбындағы негізгі ұғымдар жүйеленеді.
IV. Жаңа сабақтың мақсатын қою
Оңтүстік Американың табиғат зоналарын карта бойынша анықтау және олардың ерекшеліктерін салыстыру.
V. Жаңа сабақты түсіндіру
Материк аумағында климат пен жер бедеріне байланысты табиғат зоналары айқын ажыратылады.
Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Материкте төмендегі табиғат зоналары таралған:
- 1) Ылғалды экваторлық ормандар (гилея)
- 2) Ауыспалы ылғалды (муссонды) ормандар
- 3) Саванналар мен сирек ормандар
- 4) Субтропиктік қатты жапырақты мәңгі жасыл ормандар мен бұталар
- 5) Жалпақ жапырақты ормандар
- 6) Субтропиктік дала (пампа)
- 7) Шөлейт және шөл
- 8) Анд тауларындағы биіктік белдеулер
Ылғалды экваторлық ормандар (гилея) және ауыспалы ылғалды ормандар (сельвас)
Табиғат жағдайы
Орман іші өте ыстық әрі қапырық; төменгі қабатқа күн сәулесі аз түседі.
Топырағы
Қызыл-сары ферралитті.
Өсімдігі
Ағаштар 80 м-ге дейін өседі. Шөптесін өсімдіктер сирек. Лианалар, папоротниктер, орхидеялар, гевея, бальса, хина, какао, сейба, қауын ағашы таралған.
Жануарлары
Бақырауық және ілмекқұйрық маймылдар, жалқауаң, тапир, опоссум, құмырсқа жегіш, қан сорғыш жарқанаттар, пекари, капибара, ягуар, пума, тоты құстар, тукан, гаоцин, колибри, ұзындығы 12 м-ге жететін анаконда. Жәндіктер өте көп.
Саванналар мен сирек ормандар: льянос және кампос
Ориноко саваннасы — льянос, Бразилия саваннасы — кампос. Саванна келбеті жыл мезгілдеріне қарай айқын өзгеріп отырады.
Топырағы
Ферралитті қызыл топырақтан қызыл-қоңыр топыраққа ауысады.
Өсімдігі
Льяноста пальмалар, акациялар, биік шөптесін өсімдіктер басым. Кампоста ағаш аз; тікенекті кактус, мимоза, сүттіген, бөтелке ағашы, кебрачо кездеседі.
Жануарлары
Пекари, ергежейлі бұғылар, тапир, жалды қасқыр, сауыттылардың бірнеше түрі, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы.
Субтропиктік дала (пампа)
Пампа Ла-Плата жазығын алып жатыр. Жазы ыстық, ал қыста температураны төмендететін желдер жиі соғады.
Топырағы
Құнарлы шымды қызғылт топырақ.
Өсімдігі
Пампа шөбі, қоңырбас, қамыс.
Жануарлары
Пампа бұғысы, пампа мысығы, пампа түлкісі, оцелот, кеміргіштер. Өзен жағаларында теңіз шошқасы және терісі бағалы саз құндызы мекендейді.
Шөлейт және шөл зоналары (Патагония, Атакама)
Шөлейт (Патагония)
Топырағы
Сұр, қоңыр топырақ.
Өсімдігі
Сирек шөптер, аласа кактусты тікенекті бұталар, жастық тәрізді өсімдіктер.
Жануарлары
Сауыттылар, кемірушілер, пампа бұғысы, пампа мысығы, магеллан түлкісі, ірі құстар, гуанако ламасы және пума.
Атакама жағалық шөлі
Тәулік ішінде температура 25–30°C шамасында ауытқиды. Мамыр мен қараша аралығында бриз желдерінің әсерінен салқын, «соқыр» тұмандар — гаруа қалыптасады.
Осы ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктердің ерекше тобы ломас деп аталады.
Анд тауларындағы биіктік белдеулер және айрықша деректер
Тау жануарлары
Ламаның жабайы түрлері — викунья мен гуанако мекендейді. Жергілікті халық альпако мен кәдімгі ламаны қолда ұстайды.
Пуна белдеуі
3500–3900 м биіктікте биік таулы шөптесін өсімдіктерден тұратын пуна белдеуі басталады. Бұл белдеуде аласа ағаштар, жастық тәрізді бұталар, селеу, бетеге және ерекше әсем Раймонд пуйясы өседі.
Нақты дерек
Кактустың шыққан жері — Бразилия таулы үстірті.
Терминдер мен ұғымдар
- Гилея
- Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары.
- Сельвас
- Амазонияның ауыспалы ылғалды ну ормандары.
- Льянос
- Ориноко саваннасы.
- Кампос
- Бразилия саваннасы.
- Пампа
- Ла-Плата жазығын алып жатқан жазық дала.
- Гаруа
- Атакама шөлінде мамыр–қараша аралығында қалыптасатын «соқыр» тұмандар.
- Ломас
- Ылғалды бүкіл денесімен сіңіретін тамыржемісті және түйнекті өсімдіктер тобы.
- Гуано
- Құстардың саңғырығы; аса бағалы азотты тыңайтқыш.
Бекіту сұрақтары
- 1) Оңтүстік Американың жазық бөлігінде қандай табиғат зоналары орналасқан?
- 2) «Ғаламшардың өкпесі» деп қай аймақты атайды?
- 3) Льянос пен кампостың қандай айырмашылықтары бар?
- 4) Анд тауының символы саналатын жануарларды ата.
- 5) Амазония ормандарының қазіргі экологиялық жағдайы туралы не айта аласың?
Семантикалық карта (жедел пысықтау)
Төмендегі ұғымдарды сәйкестендіріңіз: сельвас, гилея, льянос, кампос, пампа.
Ылғалды экваторлық ормандар
Гилея
Ауыспалы ылғалды ормандар
Сельвас
Ориноко саваннасы
Льянос
Бразилия саваннасы
Кампос
Субтропиктік дала
Пампа
«Ғаламшардың өкпесі»
Амазония ормандары
Электронды оқулық тапсырмалары
- 1) Оңтүстік Американың өсімдіктері мен жануарларының атауларын жаз.
- 2) Оңтүстік Американың картасын құрастыр.
- 3) Қалайы–вольфрам белдеуін тап.
- 4) Берілген номенклатураны орнына қой.
- 5) Оңтүстік Американың шөгінді және магмалық тау жыныстарын жаз.
- 6) Оңтүстік Американың ойпаттарын көрсет.
- 7) Оңтүстік Американың таулы қыраттарын белгіле.
- 8) «Артығын тап» тапсырмасын орында.
- 9) Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін тауып, картадан белгіле.
Үлестірмелі материалдар
№1
- 1) Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін картадан көрсет.
- 2) Ең биік сарқырама қай өзеннің саласында орналасқан? Картадан көрсет.
- 3) Оңтүстік Американы қандай мұхиттар шайып жатыр?
№2
- 1) Дүние жүзіндегі суы ең мол өзен қай материкте? Оны картадан көрсет.
- 2) «Мысты таулар» дегеніміз не?
- 3) Неліктен Анд тауының жағалауында Атакама шөлі қалыптасқан?
№3
- 1) «Қалайы алаңы» деп қай көлді атайды? Көлді картадан көрсет.
- 2) Парана өзенінде қандай сарқырама бар?
- 3) Патагония үстірті материктің қай бөлігінде? Картадан көрсет.
Үй тапсырмасы
- 1) §41–42. «Табиғат зоналары» тақырыбын мазмұндау.
- 2) Кескін картаға Оңтүстік Американың табиғат зоналарын белгілеу.
- 3) Төмендегі үлгі бойынша кестені толтыру: табиғат зонасы — табиғат жағдайы — топырағы — өсімдігі — жануарлары.
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы