Ш Ұ Б А Т

Шұбат стандарты: қолдану аймағы және негізгі талаптар

Жарамдылық мерзімі: 01.01.1998 бастап 01.01.2007 дейін.

1. Қолдану аймағы

Осы стандарт сүтқышқылды бактерия дақылдарымен және сүт ашытқысымен ашытылып, майлы пастерленген түйе сүтінен әзірленетін, тағам ретінде пайдалануға арналған қышқылды сүт өнімі — шұбатқа қолданылады.

Осы стандарттың 4, 5, 6 және 7 бөлімдерінің талаптары міндетті болып саналады, ал басқа бөлімдерінің талаптары — ұсыныстық сипатта.

Қауіпсіздікке қатысты міндетті талаптар

Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін сапа көрсеткіштеріне қатысты міндетті талаптар 4.5 және 4.6 тармақтарында баяндалған.

Стандарт сертификаттау мақсаттары үшін қолдануға жарамды.

2. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта төмендегі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған:

МЕСТ және өзге құжаттар тізімі

  • МЕСТ 1341–84 — Пергамент. Техникалық шарттар.
  • МЕСТ 3623–73 — Сүт және сүт өнімдері. Пастерлеуді анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 3624–92 — Сүт және сүт өнімдері. Қышқылдылықты титрометриялық анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 3629–47 — Сүт өнімдері. Спиртті (алкогольді) анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 5037–78 — Сүт және сүт өнімдеріне арналған металл флягтар. Техникалық шарттар.
  • МЕСТ 5867–90 — Сүт және сүт өнімдері. Майды анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 9225–84 — Сүт және сүт өнімдері. Микробиологиялық талдау тәсілдері.
  • МЕСТ 14192–77 — Жүктің таңбалануы.
  • МЕСТ 15844–92 — Сүт және сүт өнімдерге арналған шыны бөтелкелер. Техникалық шарттар.
  • МЕСТ 17151–81Е — Парақты алюминийден жасалған шаруашылық ыдыс. Жалпы техникалық шарттар.
  • МЕСТ 26754–85 — Сүт. Температураны өлшеу тәсілдері.
  • МЕСТ 26809–86 — Сүт және сүт өнімдері. Қабылдау ережелері, сынаманы іріктеу және анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 26927–86 — Шикізат және тамақ өнімдері. Мышьякты анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 26931–86 — Шикізат және тамақ өнімдері. Мысты анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 26932–86 — Шикізат және тамақ өнімдері. Қорғасынды анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 26933–86 — Шикізат және тамақ өнімдері. Кадмийді анықтау тәсілдері.
  • МЕСТ 26934–86 — Шикізат және тамақ өнімдері. Мырышты анықтау тәсілдері.
  • ҚРСТ 166–9 — Шұбатқа арналған түйе сүті.
  • ССТ 10–16–92 — Бөтелкеге арналған көп айналымды пластмасса жәшіктер.
  • ССТ 10–167–88 — Бөтелкелерді тығындауға арналған шертпекті, сырты жылтыр тығындар. Техникалық шарттар.
  • ТШ 6–09–5472–90 — Химиялық реактивтерге және аса таза заттарға арналған шыны ыдыс. Техникалық шарттар.
  • ТШ 63–24–38–91 — Бөтелкелерге, банкаларға және сүт өнімдері бар қағаз пакеттерге арналған көп айналымды жәшіктер. Техникалық шарттар.
  • Санитарлық нормалар (№ 5061–89) — Азық-түлік шикізаты мен тамақ өнімдерінің сапасына қойылатын санитарлық нормалар және медико-биологиялық талаптар (ҚРСО Денсаулық сақтау министрлігі, 1983 жылғы 1 тамыз).

3. Түр-түрі

Ашу сәтінен бастап дайын болғанға дейінгі мерзіміне қарай шұбат үш түрге бөлінеді:

Бәсең

Бір тәуліктік

Орташа

Екі тәуліктік

Күшті

Үш тәуліктік

Қосымша ақпарат

ӨСК коды А қосымшасында келтірілген.

4. Техникалық талаптар

4.1. Өндіріс талаптары

Шұбат сүт өнеркәсібі кәсіпорындары үшін белгіленген санитарлық нормаларды сақтай отырып, технологиялық нұсқау бойынша және осы стандарттың талаптарына сәйкес әзірленуі тиіс.

4.2. Шикізат және негізгі материалдар

Шұбатты әзірлеу үшін төмендегі шикізаттар мен негізгі материалдар пайдаланылуы тиіс:

  • ҚРСТ 166 бойынша шұбатқа арналған түйе сүті.
  • Шұбат өндіруге арналған қышқылды сүт өнімдерін дайындау кезінде сүт өнеркәсібі кәсіпорындарында бекітілген тәртіптегі нұсқауға сәйкес әзірленген сүтқышқылды бактериялардың және сүт ашытқысының таза дақылдары.