Куратордың сөзі
Бұл материал тәрбиелік сағаттың құрылымын, мақсат-міндеттерін және оқушылардың патриоттық құндылықтарын дамытуға бағытталған жұмыстарды жинақтайды.
Мақсат және күтілетін нәтиже
Мақсаты
Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін және тарихын тануға баулу; жалпыадамзаттық құндылықтарды, терең көзқарасты қалыптастыру арқылы танымдық белсенділігін арттыру.
Оқушының бейіні
Жалпыадамзаттық және мәдениетаралық білімдері қалыптасқан, сыни ойлайтын, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Білім беру құндылықтары
- Әріптестік — бірлесе әрекет ету мәдениеті.
- Азаматтық жауаптылық — қоғам алдындағы міндетті сезіну.
- Ашықтық — пікір алмасуға және жаңалыққа дайын болу.
Мектеп миссиясымен үндестігі
Мектеп қауымдастығы өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, білімді әрі зияткер тұлғаны тәрбиелеуге бағытталады. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принцип ретінде қалыптастыру — осы миссияның өзегі.
Жаһандық азаматтық тұлғасы
Өз Отанын шынайы сүйетін, әлем халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтейтін, әлемнің дамуына өз үлесін қоса алатын тұлға.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Бейнеролик
- Түрлі-түсті парақшалар
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі 5 минут
Сергіту сәті: «Сәлемдесу ойыны»
Белгі берілгенде куратор амандасу түрін айтады, ал оқушылар бір-бірімен тез әрі әртүрлі тәсілмен амандасады: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, тіземен, иекпен, өкшемен, арқамен.
Ойын: «Сантики, Фантики, Лимпопо»
- Барлығы шеңберге тұрады; бір оқушы бөлмеден шығады.
- Шеңберден «жүргізуші» таңдалып, қимылдарды көрсетеді.
- Ойыншылар қимылды білдіртпей қайталайды.
- Сырттағы оқушы кіріп, жүргізушіні табуға тырысады; тапса, жүргізуші сыртқа шығып, ойын жалғасады.
Топқа бөлу
Қорапшадан алынған қағаздағы суретке қарай оқушылар 4 топқа бөлінеді: От, Су, Күн, Ай.
Негізгі бөлім
Куратордың сөзі: «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі мемлекеттік басым міндеттердің қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарының 7 тұғыры
- 1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы.
- 2. Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.
- 3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият.
- 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім.
- 5. Жалпыға ортақ еңбек қоғамы.
- 6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
- 7. Ұлттық қауіпсіздік және өңірлік, жаһандық мәселелерді шешуге белсенді қатысу.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы мен құндылықтары кеңейтілген түрде 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында да атап өтілді. Жаңа қазақстандық патриотизмнің идеялық негізі — осы құндылықтарды жастарға жүйелі насихаттау.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
2017–2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты бағыты — Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеяларын оқушылар арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау. Мақала кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.
Бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=bAt3v6T3WNkОқушылар бейнероликті тамашалап, сұрақ қояды және өз ойымен бөліседі.
EXPO-2017 туралы талқылау
Куратор көрме туралы қысқаша ақпарат береді, жетекші сұрақтар қояды. Көрмені тамашалаған оқушыларға өз әсерін айтуға мүмкіндік беріледі.
Топтық жұмыс: постер дайындау және қорғау
Әр топ тақырып бойынша постер әзірлеп, негізгі ойды қорғайды.
1-топ
Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?
2-топ
Қандай патриот адамдарды білесіңдер? Олар кімдер? Неліктен?
3-топ
Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (Мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны.)
4-топ
«Мен патриотпын, себебі…»
Қорытынды бөлім
Рефлексия
Оқушылар кері байланыс парақтарын толтырып, өз әсері мен қорытынды ойын белгілейді.
Куратордың қорытынды сөзі
Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Ол асулар мен қиындықтарды жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем ететін, әлемді таңғалдырып, талай жаңалық ашатын білімді ұрпақ қажет. Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңге жалғайтын, елдің болашағы үшін жауап беретін — бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
«Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан!»
— Абай
Пайдаланылған әдебиеттер
- 1. Egemen Қазақстан газетінің ресми сайты: https://egemen.kz
- 2. YouTube-тағы Хабар телеарнасының Khabar News ресми каналы: https://www.youtube.com