Радиоактивті заттар күмістенудің негізінде өздерін өздері әртүрлі деңгейде қараю арқылы фотоүлбірге түсіреді
Авторадиография
Авторадиография (грек. autos — «өзім, өздігінен»; лат. radio — «сәуле»; грек. grapho — «жазамын») — зерттеу нысандарында (жануар немесе өсімдік жасушалары, ұлпалар, ағзалар) белгіленген радиоактивті изотоптардың жинақталу деңгейін талдауға арналған цитологиялық әдіс.
Әдістің мәні
Зерттеу нысандарына енгізілген радиоактивті изотоптар жасушалардың, ұлпалардың немесе ағзалардың жұқа кесінділері бетіне қойылған, радиоактивті сәулеленуге сезімтал фотоүлбір эмульсиясындағы бромды күмістің күмістенуіне әсер етеді — нәтижесінде таза күміс түзіледі.
Радиоактивті заттар осы күмістену процесі арқылы фотоүлбірде әртүрлі дәрежеде қараю түрінде «із» қалдырады. Фотоүлбірдегі қарайған күміс түйіршіктерінің (дәндерінің) саны мен таралуына қарап, нысан бөліктеріндегі радиоактивті заттардың жинақталу деңгейі анықталады.