Тақырып Ақпаратты шифрлеу

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жету бойынша сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі ретінде ұсынылады.

Жинақ ұсыныстық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, оларды бейімдеуге болады.

Қосымша ресурстар

Нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар, форумдағы талқылаулар және бейне нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Кімдерге арналған

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Дереккөздер және мақсат

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны

1 тоқсан

  • Компьютерлік жүйелер мен желілер бөлімі

2 тоқсан

  • Ақпаратты ұсыну бөлімі
  • Компьютерлік графика бөлімі

3 тоқсан

  • Компьютерлік ойындарды жасау бөлімі
  • Компьютерлік ойынды құру бөлімі

4 тоқсан

  • Мәтіндік құжатпен жұмыс бөлімі

1 тоқсан: Компьютерлік жүйелер мен желілер

Тақырып: Эргономика ұғымы

Оқу мақсаты: 6.4.1.1 — Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде және тиімді болу үшін)

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы эргономика міндетін анықтайды.

Тапсырма

Эргономиканың екі міндетін жазыңыз.

1. ________________________________________________
2. ________________________________________________

Тақырып: Эргономика ұғымы

Оқу мақсаты: 6.4.1.1 — Эргономика міндеттерін ойластыру және шешу (жоғары деңгейде және тиімді болу үшін)

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы эргономика мәселесін шешеді.

Тапсырма

Суретті қарастырыңыз. Суреттегі адамға денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың алдын алу үшін екі ұсыныс беріңіз.

1) ________________________________________________
2) ________________________________________________

Тақырып: Есептеуіш техникасының даму тарихы

Оқу мақсаты: 6.1.1.1 — Есептеу техникасының дамуының тарихы мен перспективасы туралы әңгімелеу

Ойлау дағдылары

Білу және түсіну

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы есептеу техникасы буындарына сәйкес құрылғыларды анықтайды.

Тапсырма

Берілген суреттерді қарап, олардың қай буынға жататынын анықтаңыз.

Тақырып: Компьютердің қызметі

Оқу мақсаты: 6.1.1.2 — Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара әрекетін түсіндіру

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы компьютердің негізгі құрылғыларының байланысын көрсетеді.

Тапсырма

Сызбаны қарап, шығару құрылғылары мен ішкі жадтың, сондай-ақ ішкі жад пен сыртқы жадтың арасындағы байланысты сызыңыз.

Ішкі жад
Процессор
Енгізу құрылғылары
Шығару құрылғылары
Сыртқы жад

2 тоқсан: Ақпаратты ұсыну

Тақырып: Ақпаратты тасымалдау

Оқу мақсаты: 6.2.1.3 — Ақпаратты беруші және қабылдаушы, байланыс арналарына мысал келтіру

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы ақпарат беруші мен қабылдаушыны анықтайды.
  • Байланыс арнасын анықтайды.

Тапсырма

Суретті қарастырып, төмендегілерді анықтаңыз:

Ақпарат беруші: ___________________________________
Ақпарат қабылдаушы: ______________________________
Байланыс арнасы: __________________________________

Тақырып: Ақпаратты шифрлеу

Оқу мақсаты: 6.2.1.1 — Мәтіндік ақпаратты кодтау және декодтау

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы ақпаратты кодтау және кері кодтау әдісін қолданады.

Тапсырмалар

  1. Кестені қарап, берілген сөздерді екілік кодта жазыңыз:
    • a) DATABASE
    • b) INFORMATION
    • c) COMPUTER GAME
    • d) SYSTEM
  2. Ондық санау жүйесінде берілген кодтар бойынша сөздерді анықтаңыз:
    a) 83 84 85 68 69 78 84
    b) 67 79 68 73 78 71
    c) 71 114 97 102 105 99 97
    d) 86 101 99 116 111 114

2 тоқсан: Компьютерлік графика

Тақырып: Векторлық бейнелерді құру

Оқу мақсаты: 6.2.2.2 — Векторлық кескіндерді құру және өңдеу

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы векторлық кескінді құрады және өңдейді.

Тапсырма

Векторлық графикалық редакторды пайдаланып, «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында сурет салыңыз.

Тақырып: Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру

Оқу мақсаты: 6.2.2.3 — Растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалау

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийлері

Білім алушы сипаттамасы бойынша растрлық және векторлық графиканы анықтайды.

Тапсырма

  1. Растрлық графикалық редакторды пайдаланып, «Жер асты әлемі» тақырыбында сурет салыңыз.
  2. Суреттің артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсетіңіз.

3 тоқсан: Компьютерлік ойындарды жасау

Тақырып: Сахна мен кейіпкерлерді бейнелеу

Оқу мақсаттары: 6.3.2.1 — Есептің шешімін кезең-кезеңімен талдау; 6.3.1.1 — Ойын ортасында программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру.

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы есепті шешу кезеңдерін анықтайды.
  • Ойын ортасында программалау сценарийін жүзеге асырады.

Тапсырма

  1. Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсететін сахна мен кейіпкерлерді құрыңыз. Есепті шешу кезеңдерін анықтаңыз.
    Орындалатын әрекеттер Орындалу кезеңі
    Спрайт 1 үшін скрипт жазу Сахнаны дайындау
    Спрайт 2 үшін скрипт жазу Екі спрайтты дайындау
    Ойынды іске қосу ________________________________
  2. Екі спрайт үшін скрипттерді жазыңыз.

3 тоқсан: Компьютерлік ойынды құру

Тақырып: Ойынды дыбыспен сүйемелдеу

Оқу мақсаты: 6.3.1.1 — Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы программалық кодқа дыбыстық сүйемелдеу қосады.

Тапсырма

Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге арналған спрайттар үшін дыбыс жазыңыз және оны скриптте қолданыңыз:

  1. Спрайт 1 үшін «Мяу» дыбысын жазыңыз.
  2. Спрайт 2 үшін «Гаф» дыбысын жазыңыз.
  3. Дыбыстарды скриптке енгізіңіз.

Тақырып: Жасалған жобаны жақсарту

Оқу мақсаты: 6.3.1.1 — Ойын ортасындағы программалау сценарийін жасау және жүзеге асыру

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы ойын ортасында программалау жобасын жүзеге асырады.

Тапсырма

Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге арналған жобаны жақсартыңыз:

  1. Сахнаны жақсартыңыз:
    • жүгіру алаңының екі жағына жалаушалар қосыңыз;
    • мәре сызығына FINISH жазуын орналастырыңыз.
  2. Кез келген спрайт мәре сызығына жеткенде көрермендердің шапалақтауы ойналатындай скрипт қосыңыз.

Тақырып: Жасалған жобаны жақсарту

Оқу мақсаты: 6.3.3.1 — Программа ортасында қателерді табу және жөндеу

Ойлау дағдылары

Жоғары деңгей дағдылары

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы программадағы қателерді анықтайды және жөндейді.

Тапсырма

Ойын ортасында жазылған скрипт үзіндісін қарастырыңыз. Ойын шарты бойынша спрайт келесі спрайтқа дейін 20 рет жүріп, әр жүрістен кейін киімін ауыстыруы керек. Қатені табыңыз және түзетіңіз.

Қате: ______________________________________________
Түзету: ____________________________________________

4 тоқсан: Мәтіндік құжатпен жұмыс

Тақырып: Сілтемелер

Оқу мақсаты: 6.2.2.1 — Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы құжатқа сілтеме жасайды.

Тапсырма

Ойын ортасында жүгіру жарысын көрсетуге құрылған жоба үшін мәтіндік құжат жасаңыз. Интернеттен ойын ортасында программалау туралы ақпарат тауып, мәтінді құжатқа енгізіңіз және алынған ақпаратқа міндетті түрде сілтеме көрсетіңіз.

Тақырып: Сілтемелер

Оқу мақсаты: 6.2.2.1 — Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме)

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы құжатқа сілтеме жасайды.

Тапсырма

Мәтіндік редакторда төмендегі мәтінді теріңіз және мәтіннің соңына көрсетілген сайтқа гиперсілтеме қойыңыз.

Болашақ энергиясы

ЭКСПО-2017 көрмесі тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеудің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған стратегияларды, бағдарламалар мен технологияларды зерттеуге бейімделген. Оның мақсаты — жаңармалы энергия көздерін пайдалануды және энергетикалық ресурстарды тиімді тұтынуды ынталандыру.

Мәтін соңында мына сайтқа сілтеме қойыңыз: http://completekazakhstanexpo2017kaz.html

Тақырып: Ойынға арналған құжатты дайындау

Оқу мақсаты: 6.4.2.1 — Авторлық құқық және плагиат ұғымдарын түсіндіру

Ойлау дағдылары

Қолдану

Бағалау критерийлері

  • Білім алушы құжатпен жұмыс барысында авторлық құқық пен плагиат талаптарын қолданады.

Тапсырма

  1. https://textantiplagiat веб-парақшасын ашыңыз.
  2. Келесі мәтінді теріп, бірегейлік пайызын анықтаңыз:
    Сән әлемі десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі мода ұғымы заман ағымымен бірге өзгеріп, үнемі жаңарып отыруды білдіреді. Дегенмен тереңірек үңілсек, сәндік және сәндену ұғымдары сонау тас дәуірінде Еуропада пайда болған.
  3. «Авторлық құқық» тақырыбында презентация жасаңыз.