Жалғама - күрылысы мен жалғану сипатына байланысты артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары, артериола - венулалық жалғама болып бірнеше түрге бөлінеді
Анастомоз (гр. anastomosis — «жалғасу») — адам мен жануарлар организмінде мүшелерді және жүректі тікелей байланыстыратын негізгі (магистральды) қан тамырларының бүйірлік тармақтарының өзара қосылып, шеткері аймақтарда байланыс түзуі.
Анастомоздар құрылысы мен жалғану сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді: артерия доғалары, артерия торлары, ғажап торлар, тамырлар тораптары және артериола-венулалық жалғама.
Анастомоз түрлері
Артерия доғалары
Артерия доғалары бір мүшені қоректендіретін бірнеше артериоланы өзара доға тәрізді біріктіреді. Бұл байланыс қан ағысының балама жолдарын сақтауға көмектеседі.
Артерия торлары
Қан тамырларының соңғы тармақтары өзара қосылып, торланып орналасса, оны артерия торлары деп атайды.
Ғажап торлар (капиллярлар торы)
Екі артерияның немесе екі венаның арасында орналасқан қылтамырлар (капиллярлар) торы «ғажап тор» деп аталады.
Бауырда
Вена капиллярларының торы түрінде кездеседі.
Бүйректе
Артерия капиллярларының торы түрінде кездеседі.
Тамырлар тораптары
Дене мүшелерінің әртүрлі жазықтық деңгейлерінде орналасқан қан тамырлары өзара байланысып жалғасқанда, тамырлар тораптары түзіледі.
Артериола-венулалық жалғама
Артериолалар мен венулалар қылтамырларға тарамдалмай, тікелей өзара байланысса, артериола-венулалық жалғама пайда болады.