Туған жерді сүйетін кім
Ашық сабақтың мақсаты
Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, елжандылыққа тәрбиелеу; патриоттық сезімін қалыптастыру; Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі
- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті
- Мемлекеттік рәміздер
- Әнұранның фонограммасы
- Слайд
Әдіс-тәсілдері
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Өлең оқу
- Би
- Сергіту сәті
Шаттық шеңбер
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Сұрақ-жауап
- Арайлаған таңды сүйетін кім?
- Мен.
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
- Біздер.
Тәуелсіздік және Конституция
Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз 1991 жылы тәуелсіздік алды. Егемендігін алғаннан кейін 1995 жылы 30 тамызда Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз — мемлекеттік мереке, Конституция күні.
Негізгі ой
Тәуелсіздіктің айғағы — мемлекеттік рәміздер. Әрбір азамат — ересек те, бала да — рәміздерді және олардың мәнін білуі әрі түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу — Отанды құрметтеу.
Сұрақтар және жауаптар
Балалар, біз қай елде тұрамыз?
Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Қазақстанның елордасы қай қала?
Астана.
Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?
Иә. Олар: Әнұран, Ту, Елтаңба.
Рәміздер туралы тақпақтар
Айгерім
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл — таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Ирина
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Лаура
Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады
Республика әнұраны.
Орындау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Сергіту сәті
Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Слайд көрсетіледі.
Би
«Қара жорға» биі орындалады.
Қорытынды
Тәрбиеші: Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесі асқақ Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін! Осы тілекпен «Конституция күні» тақырыбындағы сабағымызды аяқтаймыз.
Санат: Қазақша ашық сабақтар жинағы • Дереккөз: http:wwwsabak815-tamyz_30.html • ©