Үйкеліс күші

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (7-сынып)

Жалпы: 68 сағат

Жүктеме: аптасына 2 сағат

Төменде 7-сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар бөлімдері, тақырыптар, оқу мақсаттары және сағат саны жүйеленіп берілді.

1-тоқсан

Негізгі ұғымдар: физикалық құбылыстар, өлшеу, механикалық қозғалыс

Физика – табиғат туралы ғылым (2 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Физика – табиғат туралы ғылым 7.1.1.1 — физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру 1
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері 7.1.1.2 — табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату 1

Физикалық шамалар мен өлшеулер (4 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) 7.1.2.1 — физикалық шамаларды олардың SI жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру 1
Скаляр және векторлық физикалық шамалар 7.1.2.2 — скаляр және векторлық физикалық шамаларды ажырату, мысалдар келтіру 1
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу. №1 зертханалық жұмыс: Кішкентай денелердің өлшемін анықтау. №2 зертханалық жұмыс: Физикалық шамаларды өлшеу.
  • 7.1.2.3 — еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k), мега (M)
  • 7.1.3.1 — ұзындықты, көлемді, температураны және уақытты өлшеу; нәтижені аспап қателігін ескере отырып жазу
  • 7.1.3.2 — қатарлау әдісі арқылы кішкентай денелердің өлшемін анықтау
  • 7.1.3.3 — физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
2

Механикалық қозғалыс (9 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы. Санақ жүйесі 7.2.1.1 — материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру терминдерінің физикалық мағынасын түсіндіру 2
Қозғалыстың салыстырмалылығы 7.2.1.2 — механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру 1
Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар 7.2.1.3 — түзу сызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты ажырату 1
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу 7.2.1.4 — қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу 1
Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
  • 7.2.1.5 — s(t) графигін тұрғызуда осьтерде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу
  • 7.2.1.6 — орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигінен: (1) тыныштық күйін, (2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысты анықтау
  • 7.2.1.7 — бірқалыпты қозғалыста s(t) графигінен жылдамдықты анықтау
4
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Қорытынды бағалау жұмысы 1

2-тоқсан

Негізгі ұғымдар: тығыздық, күштер, деформация, үйкеліс

Тығыздық (6 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Масса және денелердің массасын өлшеу 7.2.2.11 — электронды, серіппелі және иінді таразылармен массаны өлшеу 1
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу 7.2.2.12 — мензурканы пайдаланып қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу 2
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі. №3 зертханалық жұмыс: Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау
  • 7.2.2.13 — тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.2.14 — тәжірибе арқылы сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
1
Тығыздықты есептеу 7.2.2.15 — тығыздық формуласын есептер шығаруда қолдану 2

Денелердің өзара әрекеттесуі (9 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Инерция құбылысы 7.2.2.1 — инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру 1
Күш 7.2.2.2 — күнделікті өмірден күш әсеріне мысалдар келтіру 1
Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ 7.2.2.10 — масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату 2
№4 зертханалық жұмыс: Серпімді деформацияларды зерделеу
  • 7.2.2.4 — серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
1
Деформация 7.2.2.3 — пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру 1
Серпімділік күші. Гук заңы 7.2.2.5 — Гук заңы бойынша серпімділік күшін есептеу 1
Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру. №5 зертханалық жұмыс: Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу
  • 7.2.2.6 — тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау
  • 7.2.2.7 — үйкелістің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
1
Бір түзу бойымен әсер ететін күштерді қосу
  • 7.2.2.8 — күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету
  • 7.2.2.9 — бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
1
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Қорытынды бағалау жұмысы 1

3-тоқсан

Негізгі ұғымдар: қысым, Паскаль заңы, Архимед күші, жұмыс және қуат

Қысым (17 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің молекулалық құрылымы 7.3.1.1 — молекулалық құрылым негізінде газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау 2
Қатты денелердегі қысым
  • 7.3.1.2 — қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және оны өзгерту әдістерін сипаттау
  • 7.3.1.3 — қатты дененің қысым формуласын есептер шығаруда қолдану
2
Сұйықтар мен газдардағы қысым. Паскаль заңы
  • 7.3.1.4 — газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру
  • 7.3.1.5 — сұйықтардағы гидростатикалық қысым формуласын қорыту және оны есептерде қолдану
2
Қатынас ыдыстар 7.3.1.6 — қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру 1
Гидравликалық машиналар
  • 7.3.1.7 — гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау
  • 7.3.1.8 — гидравликалық машиналарды қолдануда күштен ұтысты есептеу
1
Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу 7.3.1.9 — атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеу әдістерін ұсыну 2
Манометрлер. Сорғылар 7.3.1.10 — манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау 1
№6 зертханалық жұмыс: Архимед заңын зерделеу
  • 7.3.1.11 — кері итеруші күшті анықтау және оның көлемге тәуелділігін зерттеу
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
2
Кері итеруші күш
  • 7.3.1.12 — сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру
  • 7.3.1.13 — Архимед заңын есептер шығаруда қолдану
2
№7 зертханалық жұмыс: Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау
  • 7.3.1.14 — дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
2

Жұмыс және қуат (2 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Механикалық жұмыс. Қуат
  • 7.2.3.1 — механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.3.7 — қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
  • 7.2.3.8 — механикалық жұмыс пен қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
2
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Қорытынды бағалау жұмысы 1

4-тоқсан

Негізгі ұғымдар: энергия, күш моменті, жай механизмдер, астрономия негіздері

Энергия (4 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия
  • 7.2.3.2 — механикалық энергияның екі түрін ажырату
  • 7.2.3.3 — кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану
  • 7.2.3.4 — жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергия формуласын қолдану
2
Энергияның сақталуы және түрленуі
  • 7.2.3.5 — энергияның түрленуіне мысалдар келтіру
  • 7.2.3.6 — механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
2

Күш моменті (7 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Жай механизмдер
  • 7.2.4.1 — механиканың алтын ережесін тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру
  • 7.2.4.2 — күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
1
Дененің массалық центрі. №8 зертханалық жұмыс: Жазық фигураның массалар центрін анықтау 7.2.4.3 — жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау 1
№9 зертханалық жұмыс: Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
  • 7.2.4.5 — тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
1
Иіндіктің тепе-теңдік шарты 7.2.4.4 — тепе-теңдіктегі денелер үшін күш моменттері ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану 2
Пайдалы әрекет коэффициенті. №10 зертханалық жұмыс: Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау
  • 7.2.4.6 — көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау
  • 7.1.3.3 — қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
2

Жер және Ғарыш (4 сағ)

Тақырып Оқу мақсаттары Сағат
Аспан денелері туралы ғылым 7.7.1.1 — геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру 2
Күн жүйесі 7.7.1.2 — Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу 1
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл) 7.7.1.3 — жыл мезгілдерінің ендікке байланысты ауысуын және күн мен түн ұзақтығын түсіндіру 1
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау Қорытынды бағалау жұмысы 1

Ескертпе: қауіпсіздік және зертханалық жұмыстар

Жоспардағы зертханалық жұмыстар (№1–№10) барысында физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері міндетті түрде сақталады. Өлшеу нәтижелері аспаптардың қателіктерін ескере отырып рәсімделеді.