Ана - менің өмірдегі тіреуім

Анаға арналған жүрек сөзі

Осы шығармамды аяулы анама арнағым келеді. Анам мен үшін дүниедегі ең қымбат жан. Маған жарық дүние сыйлап, әлпештеп өсірген, түн ұйқысын төрт бөліп, барлық керегімді алдыма тосып, тыным таппай жүрген жан — ол менің Анам.

Шексіз махаббат

Менің анама деген махаббатым шексіз. Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес. «Ана! Ана! Ана!» дегенде толқымайтын жан жоқ шығар.

мейірім қамқорлық тірек

Өмірдегі ерекше жан

Ана — бала өміріндегі ерекше жан. Ана — менің өмірдегі тіреуім. Сәби кезімізде түнде шырылдап жылағанымызда, анамыз әрдайым жанымыздан табылатын.

Мен қуансам — менімен бірге қуанып, ренжісем — көңілімді аулайтын жан да сол: менің Анам.