Жаңа жылдарыңмен достар
Қыс келді
Қыс келді. Күн қатты суытып, боран соқты. Адамдар қалың киімдерін киіп, күнделікті жұмыстарын істеп жүр. Құстар жылы жаққа ұшып кетсе де, қарға қарқылдап, қыс бойы ұшып жүреді.
Аппақ әлем
Айнала аппақ мамықтай қарға оранып, ерекше бір жарық нұрға бөленеді. Қардың сыңғырлаған үнін, аяздың қытықтаған салқынын сезінгенде қыс мезгілінің өзіне тән сұлулығы айқын байқалады.
Балалардың қысқы қызығы
Даладағы ойындар
- Шанамен сырғанау
- Коньки тебу
- Аққала жасау
- Мұз үстімен шаңғымен сырғанау
Мектептегі көңілді сәттер
Мектепте де оқушылар бір-бірін қарға құлатып, қар атысып ойнайды. Ойынға беріліп кеткендері сонша — беттері қып-қызыл болып, алмадай жайнап кетеді.
Қысқы мейрамдар
Қыста көптеген мейрамдар болады. Жаңа келе жатқан жыл — Маймыл жылы. Жаңа жыл мерекесі өте қызықты өтеді: әр үйде дастархан жайылып, көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылды қарсы аламыз.
Дәстүрлі дайындық
- Үйде дастархан жаю
- Шыршаны безендіру
- Жаңа жылды сағат 12-де қарсы алу
Түнгі көрініс
Түн ортасы ауғанда жастар отшашу атып, аспанды түрлі түске бояйды. Қыстың қызығы көп — қуанышы да мол.
Маймыл жылы құт әкелсін! Жаңа жылдарыңмен, достар!