Топтарды таныстыру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушыларды Қ. Сәтбаевтың өмірі туралы әңгімемен таныстыру.

Дамытушылық

Қ. Сәтбаев есімімен байланысты кен орындары туралы білімін кеңейту; оқушыны ізденуге, ойлануға жетелеу; көркем сөйлеу дағдысын дамыту; танымын, елестету және сезіну қабілетін арттыру.

Тәрбиелік

Туған ел байлығын қорғауға баулу, ұлы тұлғалардың өмірін үлгі ету.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру

Топтарды таныстыру

  • 1-топ: Әдебиет орталығы
  • 2-топ: Дүниетану орталығы
  • 3-топ: Өнер орталығы

Әр топ бір-біріне жылы тілек айтып, сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.

II. Үй тапсырмасын тексеру және бағалау

  • М. Дулатовтың өмірбаяны
  • Шығармалары
  • Өлеңдерін жатқа айту

III. Жаңа сабақ

1) Қызығушылықты ояту

Мұғалім оқушыларға қоржынды көрсетіп, сұрақ қояды:

  • «Мен мынадай қоржын әкелдім. Оның ішінде не бар деп ойлайсыңдар?»

Жауабын білу үшін Әнуар Жапаровтың «Қазына көтерген бала» әңгімесін оқып, танысамыз.

2) Оқулықпен жұмыс

Электрондық оқулықтан мәтін тізбектей оқылады.

  • Мәтін кім туралы? (1–2-слайд: Қ. Сәтбаевтың балалық шағы туралы фото)
  • Қ. Сәтбаев туралы не білесіңдер?

3) Мәтінмен жұмыс

«Түртіп алу» жүйесі

  • + Мен үшін жаңалық
  • Мен үшін түсініксіз
  • v Мен білемін

Сұрақтарға әр топ кезектесе жауап береді (3-слайд):

  1. 1 Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлады? Неліктен?
  2. 2 Қапшықтың ішінен не шықты?
  3. 3 Қаныш қандай сурет салған?
  4. 4 Оның әр нәрсені білуге ынтазар болғанын неден аңғаруға болады?
  5. 5 Әңгімеден Қаныштың бойындағы қандай қасиеттерді байқадыңдар?
  6. 6 Қаныш туралы ұстазы не деді?
  7. 7 Қаныш тастарды не үшін әкелді деп ойлайсыңдар?

4) Топпен жұмыс (ой толғаныс)

Топтарға мәтін бойынша жеке тапсырмалар беріледі (4-слайд):

Әдебиет бағыты

Қанышқа мінездеме беру.

Өнер бағыты

Қаныштың бойындағы өнерін анықтау.

Дүниетану бағыты

Мәтіннен дүниетануға қатысты деректерді табу.

5) Сергіту сәті

Жемістердің бәрі бар,
Бау-бақшадан танып ал.
Ол үшін не керегін,
Берем әр зат дерегін.

Біреуін қағу керек,
Біреуін шағу керек,
Біреуін жару керек,
Біреуін қазу керек,
Біреуін үзу керек,
Біреуін үгу керек,
Біреуін жұлу керек,
Біреуін турау керек,
Біреуін тілу керек,
Біреуін аршу керек,
Біреуін қуыру керек...

Шатастырмай айт, кәне,
Ол қай жеміс аттары?

6) Қосымша әдебиетпен жұмыс

Әдебиет орталығы

Қаныштың өмірбаянын әңгімелеу.

Дүниетану орталығы

Қаныштың еңбектері туралы мәлімет тауып, оқып беру.

Өнер орталығы

Мәтінде ұстаздың көз алдына елестеген көріністі бейнелеу.

7) Қосымша деректер

Презентация арқылы қосымша мәлімет беріледі (7–10-слайд):

  • Қ. Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған монета
  • Қ. Сәтбаев атындағы ғаламшар
  • Қ. Сәтбаев атындағы канал (Ертіс–Қарағанды каналы)
  • Ақсу қаласындағы ескерткіш мүсін

IV. Қорытындылау

Білемін

Сабаққа дейінгі білімін жинақтау.

Білдім

Жаңа ақпарат пен негізгі ойды анықтау.

Білгім келеді

Келесі ізденіс сұрағын қалыптастыру.

Оқушылардың жұмысы қорытындыланып, бағаланады.

V. Үй тапсырмасы

Хрестоматия оқулығынан (12-слайд):

  • 106-бет: «Ерте есейген бала»
  • 122-бет: «Тұңғыш кен инженері»