Жиырма бесінші көктем
Өмірбаяны
Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында дүниеге келді. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдады.
Еңбек жолы
- Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болып бастады.
- 1956–1959 жылдары «Пионер» журналында әдеби қызметкер болды.
- 1959–1971 жылдары «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор қызметін атқарды.
- 1971–1973 жылдары «Балдырған» журналында жауапты хатшы болды.
- 1973–1984 жылдары «Жалын» альманахының бас редакторы болды.
- 1984–1986 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметін атқарды.
- Кейін «Балдырған» журналының бас редакторы болды.
Шығармашылық белес
Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Осы уақыттан бері ақынның қырықтан астам кітабы басылды.
Тұманбай Молдағалиев орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлеңдерін қазақ тіліне аударып, ұлттық әдебиеттің өрісін кеңейтті.
Марапаттары мен атақтары
- 1968 — «Жаңа дәптер» жинағы үшін Республика Комсомолы сыйлығы.
- 1982 — «Жүректегі жазулар» кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы.
- 1992 — Бүкіл түркі дүниесі ақындарының Физули және Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтары.
- Қазақстанның халық жазушысы.
- 2004 — «Парасат» ордені.
Ән мәтіндері
Ақын Н. Тілендиевтің, Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтің көптеген әндеріне өлең жазды. Кең танылған әндерінің қатарында: «Құстар әні», «Құстар қайтып келеді», «Бақыт құшағында», «Әнім сен едің», «Шақырады көктем» және басқалары бар.
2007 жылы ақынның ән мәтіндері топтастырылған «Құстар қайтып барады» атты жинағы жарық көрді.
Қоғамдық мойындау
- 1957 — Тың жерді игергені үшін медалі.
- 1970 — Еңбектегі ерлігі үшін медалі.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.