Бір күні бүркіт қара қарғаға кезігіп: - Қарғам, екеуіміздің де тегіміз - құс
Бүркіт пен қарға
Бір күні бүркіт қара қарғамен кездесіп: «Қарғам, екеуіміздің де тегіміз — құс», — дейді. — Бірақ сендер жуассыңдар: не болса соны жеп, үш жүз жылға дейін өмір сүресіңдер. Ал біз болсақ, отыздан әрең асып жығыламыз. Бұл қалай?
Сонда қарға: — Сендер жемтікті тірідей жеп, қанын ішесіңдер. — дейді. — Ал біз тек өлексемен күн көреміз.
Өлексе үстіндегі сынақ
Содан соң бүркіт пен қарға жемтік іздеуге шығады. Ұшып келе жатып, иен далада жатқан бір жылқының өлексесін көреді. Іздегені табылған қарға өлексені құшырлана шоқи бастайды.
«Ұзақ өмір сүрудің сыры осында ма екен?» деген оймен бүркіт те дәм татып көреді. Бірақ бірер шоқығаннан кейін-ақ кілт шегінеді.
— Құрысын… Иістеніп кетіпті, дәмі де жоқ екен. Жүрегімді айнытты. Мұндайды жеп үш жүз жыл өмір сүргенше, ата-баба салтынан айнымай, отыз-ақ жыл өмір сүргенім артық. — деп, бүркіт ұша жөнеледі.