Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау
Зәрді бактериологиялық зерттеуге жинау
Бұл нұсқаулық балалардың зәрінен инфекция қоздырғыштарын анықтау үшін зәрді дұрыс және стерильді түрде жинау тәртібін сипаттайды.
Мақсаты
Балалардың зәріндегі ықтимал инфекция қоздырғыштарын анықтау.
Көрсеткіші
Балада бүйрек аурулары анықталған жағдайда (немесе күдік болғанда) зерттеу жүргізіледі.
Кері көрсеткіші
Жоқ.
Қажетті құралдар
- Стерильді зәр жинауға арналған ыдыс.
- Стерильді тығыны бар пробирка (3–5 мл үлгіге).
- Зертханаға жолдама бланкісі (У-1030).
- Сабынды су және антисептикалық ерітінді.
Маңызды: Зәр тек стерильді ыдысқа жиналады. Стерильділік бұзылса, нәтиже бұрмалануы мүмкін.
Іс-әрекет алгоритмі
- 1 Стерильді ыдысты дайындаңыз.
- 2 Зертханаға жолдаманы толтырыңыз (У-1030).
- 3 Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін сабынды сумен жуыңыз, кейін антисептикалық ерітіндімен өңдеп, сумен шайыңыз.
- 4 Зәрдің алғашқы порциясын унитазға жіберіңіз. Одан кейін ортаңғы порциясын стерильділікті бұзбай стерильді ыдысқа жинаңыз. Сол үлгіден стерильді пробиркаға 3–5 мл құйыңыз.
- 5 Зәрдің соңғы порциясын унитазға жібертіңіз.
- 6 Пробирканы стерильді тығынмен жауып, үлгіні 1 сағат ішінде зертханаға жеткізіңіз.
Ескерту: Қыс мезгілінде зәрді зертханаға жылытқышы бар бикспен (жылуын сақтайтын контейнермен) жіберіңіз.
Нәтижені бағалау
Қалыпты жағдайда микробтар саны 100 000-ға дейін.