Тантай батыр елшілігі - 1718 жылы желтоқсанда Қайып ханның Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Қазан каласына жіберген елшілігі
Тантай батыр елшілігі (1718)
Тантай батыр елшілігі — 1718 жылдың желтоқсанында Қайып ханның Ресеймен келіссөз жүргізу үшін Қазан қаласына жіберген дипломатиялық миссиясы.
Елшіліктің құрамында Тантай Арыстановпен бірге Тоғынұр батыр Құлтабаев болды.
Миссияның негізгі мақсаты
- Қазақ жеріне келген орыс елшісі Федор Жилинді Қазан қаласына жеткізіп салу.
- Қазан губернаторы П. С. Салтыковпен жоңғарларға қарсы бірлескен әскери қимылдарды талқылау.
Келіссөз барысында Қазан губернаторы елшіліктің жоңғарларға қарсы бірлесе күресу жөніндегі ұсынысын қабылдағанымен, мұндай келісімді Ресейдің орталық үкіметі мақұлдамады.