Менің анам - асыл жан
Ана туралы ой
Мен өз анамды өте жақсы көремін. Ол маған өмір сыйлады. Ең жылы сөзін айтып, мейірімін төгетін жан — менің анам.
Сабақтан «екі» алсам, ұялып қызарады; ал «бестік» алсам, балаша қуанады. Оның қуанышы да, уайымы да менімен бірге.
Әр ана өз баласын жақсы көреді, ал әр бала өз анасын ерекше санайды. Мен үшін де анам — жүрегіме ең жақын, ең қымбат жан.
Негізгі ой
Менің анам — асыл жан.