Анель мен апасына сөз беру

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз

Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз — көнеден келе жатқан, бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған ұлық мереке.

Жаңа күн

«Наурыз» сөзі ең алдымен «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді.

Теңелу мен жаңару

Күн мен түн теңеліп, табиғат түлеп, жаңа жылдың бастауы ретінде тойланады.

Ай аты

Наурыз — ай атауы ретінде де қолданылған көне ұғым.

Халық барлық игі бастаманы, маңызды істі осы күнмен ырымдап бастаған. Сондықтан бұл мереке «Ұлы істің ұлы күні», яғни «Ұлыстың ұлы күні» деп аталған. Наурыз — бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр, көңілге гүл сыйлайтын қастерлі күн.

Негізгі ой

Наурыз — еңбекке, бірлікке, достыққа үндейтін, жаңару мен үмітті дәріптейтін халықтық мереке.

Мерекелік көріністің мақсаты

  • Ұлыстың ұлы күні — Наурыз туралы білімді тереңдету.
  • Оқушылардың тіл мәдениетін, мәнерлеп оқуын, ән айтуын, би билеуін, сөйлеу дағдысын және сөздік қорын дамыту.
  • Елін сүюге, салт-дәстүрді қастерлеуге, мерекені құрметтей білуге тәрбиелеу.

Мереке өрнегі: дәстүрлер мен көріністер

Жарапазан: береке шақырған жыр

«Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, мереке қарсаңында балалар жарапазан айтып, жарысады. Бұл дәстүр туралы Ерәли анасы екеуі әңгімелейді. Жарапазан айтқан балаларға сыйлық табысталады.

Қыдыр ата түні: үміт пен дайындық

Ертеде Қыдыр ата Наурыздың 21-інен 22-іне қараған түні келіп, қарсы алған жанға сый дарытады деген сенім болған. Сол себепті жұрт бұл түнге айрықша дайындалып, жақсылық күтеді.

Ұйқыашар

Ұйықтап қалмас үшін жастар «Ұйқыашар» ұйымдастырған. Бұл туралы Зарина апасымен және Амина айтып береді.

Селт еткізер

Ұлдар қыздарға жауап ретінде қонаққа келгенде «Селт еткізер» сыйлаған. Көріністе ұлдар сыйлықтарын ұсынады.

Ән, өлең және ұлттық ойындар

Бұл сәтте ән шырқалып, жыр төгіліп, ойын ойналған. «Наурыз» әні Маржан Болатованың орындауында ұсынылады. Ұлттық ойындардан «Сақина салмақ» ойынын Маржан Камзинова апасымен, ал «Тақия тастамақ» ойынын Маржан Болатова анасымен көрсетеді.

Таңды қарсы алу: есік-терезе ашылған тілек

Ел түнімен дайындалып, таңды қарсы алу үшін далаға шығып, есік-терезелерін айқара ашқан. Бұл — «Қыдыр ата үйге кірсін, береке дарысын» деген ниет.

Күннің сөзі (Еңлік)

Самарқанның көк тасы,

Ериді мен келгенде.

Тоң боп қатқан топырақ,

Жібиді мен келгенде.

Енесіне баласын,

Телиді мен келгенде.

Тар көңілдер түнерген,

Кеңиді мен келгенде.

Ақ жүзіңді бері бұр,

Тұсыңа бір келгенде.

Таң атқанда жұрт бір-бірін құттықтап, көрісіп амандасқан. Еңлік пен Дильназ төс қағыстырып амандасуды көрсетеді. Ата-аналар мен балалар да құшақтасып көріседі.

Наурыз бата: ақ тілек, адал ниет

Осы тұста наурыз бата беріледі. Бекарыс көпшілікке ақ тілегін арнайды.

Береке басы — ас: Наурыз көже

Мерекенің берекесі — ас. Бұл күнгі негізгі тағам — Наурыз көже. Оның мәнін Бекарыс анасы екеуі түсіндіреді.

Жаңару нышаны: ағаш отырғызу және игі дәстүрлер

Наурыз — тек думан емес, жаңарудың нақты ісі. Аружан әкесімен бірге ағаш отырғызу туралы ой бөліседі. Сонымен қатар бұл күні шаңырақ көтеру, шілдехана жасау, тұсау кесу секілді игі дәстүрлер де жаңғырады.

Соның ішінде «Саумалық» дәстүрі жайлы Анель апасымен таныстырады.

Қорытынды

Қоғамдық өмір өрістеп, сан ғасыр зулап өтсе де, Наурызды теріс деген ешкім болмаған. Өйткені оның бойында еңбек те бар, бірлік те бар, достық та бар. Мереке соңында музыка қосылып, «Қара жорға» биі биленеді.

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын, ағайын!

Бұл күн әр шаңыраққа ырыс пен ынтымақ, денсаулық пен береке әкелсін.