Тәрбиеші апайларға мың алғыс

Салтанатты қоштасу кеші: балабақшамен қоштасу

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №21 «Алпамыс» бөбекжай-балабақшасында өткен қоштасу мерекесінің сценарийі. Тәрбиеші: Алгазиева Райкул Сақтағановна.

Өтініш: ертеңгілік барысында ұялы телефондарды өшіріп, тыныштық сақтап, әр баланың өнерін ықыласпен тыңдап, қошемет көрсетулеріңізді сұраймыз.

Кештің ашылуы

Дауыс (жариялау)

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата-аналар! “Бақытты балалық шақ” әуе ұшағы №21 “Алпамыс” бөбекжай-балабақшасына келіп қонғалы тұр».

(Ұшақтан екі жүргізуші түседі.)

Жүргізуші Аян

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Бүгінгі мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

Құрметті қонақтар, армысыздар,
Бәріңіз де есен-сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен,
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақ тілекті ағытып біз тастайық,
Қоштасатын әнімізді бастайық.
Әдеппенен өнегені үйреткен,
Бақшамызды есімізге сақтайық!

Жүргізуші Дамир

Добрый день, уважаемые родители, дорогие дети, гости нашего праздника!

Сегодня у нас торжественный день — мы прощаемся с нашим любимым детским садом. Мы хотим показать всё то, чему научились в детском саду.

Тәрбиешілерге құрмет

Сүйген өз қыз, өз ұлын,
«Бөбегім» деп аянбай.
Балабақша — өз үйім,
Апай болды анамдай.

(Тәрбиеші апайлар ортаға шақырылады. Әр баланың жетістігі атап өтіледі.)

Би: Вальс

Барлығы орындайды.

Құттықтау сөз

Баулып, баптап өсірген,
Бұзықтық етсек кешірген,
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді!

Балабақшамыздың меңгерушісі Эльмира Жалпақбайқызына құттықтау сөз беріледі.

Әндер мен қойылымдар

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Санжар.

Хор

Орындайтын: Жасұлан және топ.

Бірлік туралы тілек

Бір ата, бір ананың тірегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда — тірлік бар», — деген бабам,
Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!

Балалардың тақпақтары

Қасымжомарт

Балабақша, балабақша —
Шаңырағы шаттықтың.
Балабақша — қорғанышы
Балғын сәби жастықтың.
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін,
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Санжар

Балабақша — базарлы үй,
Көшедегі ажарлы үй.
Шаттығы бар шуақта,
Өз үйіміз сияқты.
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Біріншіге барамыз.

Кәусар

Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Қашықта болса арамыз,
Сіздерге келіп тұрамыз.
Мектеп — қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін —
Біз оқушы боламыз.

Бексұлтан

Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
Қолыма гүл аламын,
Дайын дәптер, қаламым.
Таңқалдырып достарымды,
Мен мектепке барамын.

Ханшайым

Қиындықтан қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Көңілді әуен сазымен,
Жаттауларды бастаймыз.
Мәпелеген анамыз —
Бақша болды панамыз.
Мектепке енді барамыз,
Оқып білім аламыз.

«Әліппе» қонақта: білім сайысы

Бар кітапқа бас болған — Әліппе, ғылым анасы.
Әліппеден басталған — даналықтың данасы.

(Ортаға «Әліппе» шақырылады.)

Әліппе (Айнұр)

Сәлеметсіздер ме, балалар! Менің атым — Әліппе.
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ержеткен —
Бауыржанда, Мәлікте.

Сендер әріптерді білесіңдер ме? Бір жыл бойы алған білімдеріңді көргелі келдім. Ендеше, білімдеріңді ортаға салыңдар!

Жасұлан

Отанымыз — анамыз,
Отан сүйген баламыз.
Оқып білім аламыз,
Оттай болып жанамыз.
«Отан» сөзін жазамыз.

Санжар

Өз жұртым — мыналар,
Ең жақын адамдар:
Әкем мен анам.
«Әке», «ана» сөзін жаза аламыз.

Жанерке

Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.
«Мектеп» сөзін құрамыз.

Әріптер шеруі (үзінді)

М

Момын менің мінезім,
Момындықтан бақ табам.
Мол жұмысты бір өзім,
Мойымастан атқарам.

Е (Қасымжомарт)

Елгезек мен баламын,
Ерінбеймін ешқашан.
Елімізді қорғайтын
Ер азамат боламын.

К (Балнұр)

Көкем — менің тірегім,
Көкем сүйер түлегін.
Көп жұмысын орындап,
Көмекші болып жүремін.

Т (Нұрдәулет)

Талмастан алға барамын,
Талабың — ұшқыр қанатың.
Тағылымы елдің өнеге,
Талаппен үлгі аламын.

Әліппе (Айнұр): Жарайсыңдар, балалар! Барлығың да алғыр, ақылды екенсіңдер. Талаптарың оң болсын!

Балабақшаға алғыс

Дильназ

Құшағында жарқылдап,
Өтті сәби күндерім.
Би биледім, ән тыңдап,
Алаңдауды білмедім.
Гүлге толы жан-жағым,
Асыр салып жүгірдім.
Өсті талап-талғамым,
Көп нәрсені ұғындым.
Рахмет саған, балабақша!

Нұрайлым

Сен үйреттің сөйлеуді,
Сенде ойым есейді.
Мектепке барам мен енді,
Балабақшам, қош бол енді.
Жеті жасқа толамыз,
Әдепті бала боламыз.
Қуантып ата-ананы,
Мектепке кетіп барамыз.
Рахмет саған, балабақша!

Гүлсезім

Мектепке ертең барамыз,
Оқимыз, білім аламыз.
Қашық емес арамыз,
Бақшадан кетіп барамыз.
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Мектепке кетіп барамыз.
Рахмет саған, балабақша!

Орыс тіліндегі қоштасу өлеңдері (үзінді)

Айнұр: Чему учат в школе… Сегодня мы прощаемся с любимым детским садом. Мы выросли, мы выросли!

Якия: Спасибо воспитателям, спасибо няням нашим, и доктору, и повару — мы всем «спасибо» скажем.

Аружан: Сегодня день особенный — и грустный, и веселый. Мы выросли, мы выросли, идем учиться в школу.

А. Талант: В сумке новые тетради, ручки и карандаши. До свиданья, лошадки — мы уже не малыши.

Санжар: Здесь дружили, мы играли, буквы первые узнали. Незаметно подрастали и совсем большими стали.

Бексұлтан: Прощайте, куклы, зайки, мышки — теперь важней тетрадки, книжки. Учеником прилежным будь — успехов, счастья и добрый путь!

Би: «Маленькие звезды»

Орындайтын: балалар тобы.

Музыкалық нөмірлер

«Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй…» — деп Абай атамыз айтқандай, Серікбай Дильназдың орындауында «Қазақтың ерке қызымын» әнін қабыл алыңыздар.

Би: «Гүлдер»

Ортада қыздар биі.

Ән (хормен): «Нұр аға»

«Дәл осындай бөбекжайды сыйлаған…» — алғыс әні.

Ән: «Астана»

Орындайтын: Дамир мен Дильназ.

Ән: «Астана»

Орындайтын: Аян мен Регина.

Көркем сөз

«Тәуелсіздік — қасиетті ұғым, дара сөз». Оқитын: Қасымжомарт.

Ұжымға мың алғыс

Меңгерушіге алғыс

Гүлдендірген бақшаны, балабақша меңгерушісі — жақсы адам.
Эльмира Жалпақбайқызына мың алғыс!

Әдіскерге алғыс

Жайдары жүз, ай қабақ,
Жүреді бізді аялап.
Тобымызға жиі кеп,
Білгеніңді сұрайтын.
Найла Әбдімұратқызына мың алғыс!

Аспазшыларға алғыс

Тәтті тағам пісірген, айран-сүтін ішкізген аспазшы апайларға мың алғыс!

Медбикелерге алғыс

Дәрі беріп, қамқор болған Жанар, Базаркүл апайларға мың алғыс!

Күтушілерге алғыс

Ақ төсекке жатқызған, тәтті тамақ жасаған күтушілер Айгүл, Жансая апайларға мың алғыс!

Барлығы бірге (хормен)

Баулап-баптап өсірдіңіз,
Балалық етсек кешірдіңіз.
Ұмытпаймыз өзіңізді,
Ұмытпаймыз сөзіңізді —
тәрбиеші апайларға мың алғыс!

Би: «Аққу»

Орындайтын: Регина.

Би: «Анаға құрмет»

Орындайтын: топ жігіттері.

Қорытынды бөлім

Жүргізуші Аян

Тәрбие берген бақшамыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Алда үлкен белес бар,
Сүрінбей өтіп барамыз.

Жүргізуші Дамир

Балабақша — шаттықтың шаңырағы,
Балғын шақтың қорғаны.
Қуанамыз, сыйлаймыз
Қуаныштың мың гүлін.
Бақшамызбен қимай біз
Қоштасатын күн бүгін.

Би: «Солнышко»

Орындайтын: балалар.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Мұхамеджан.

Ғажайып сәт

  • Сөмке
  • Алтын күнделік

Ән: «Балалық шаққа саяхат»

Орындайтын: Дильназ.

Жүргізуші Дамир (қоштасу сөзі)

Уважаемые родители, дорогие дошколята! Вот и закончился наш прощальный праздник с детским садом. Дорогие друзья, сверстники! Желаем вам счастливого будущего, чтобы перед вами не было преград. До свидания, детский сад — любимое наше гнездышко!

Жүргізуші Аян

Балабақшамыз көркейе берсін! Бақша ауласындағы шар ұшыру салтанатына шақырамыз!