Құпия сөз
Құрметті мұғалім!
Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде дайындалды. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге үлгі болады.
Маңызды ескерту
- Жинақ ұсыныстық сипатта: білім алушылардың қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларды толықтыруға, өзгертуге және бейімдеуге болады.
- Қосымша материалдар (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форум талқылаулары мен бейненұсқаулықтар smk.edu ресми сайтында қолжетімді.
- Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған; пайдаланылған ресурстар қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынған.
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Тілек
Сізге жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Мазмұны
1-тоқсан
- Компьютер және қауіпсіздік 4
- Интернеттегі қауіпсіздік 6
2-тоқсан
- Ақпарат және оны өңдеу 13
3-тоқсан
- Біздің өміріміздегі алгоритмдер 18
- Талқылау және бағдарламалау 25
4-тоқсан
- Жобаны құру және таныстыру 31
Қалай пайдалануға болады
Әр бөлімде оқу мақсаты, бағалау критерийі, ойлау дағдыларының деңгейі, тапсырмалар және дескрипторлар берілген. Осы құрылымды сабақ жоспарына енгізіп, тапсырмаларды сынып ерекшелігіне қарай бейімдеңіз.
1-тоқсан: Компьютер және қауіпсіздік
Тақырып: Компьютерде қауіпсіз жұмыс істеу
- Оқу мақсаты
- 5.4.1.1 Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың салдары туралы қорытынды жасау
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Қауіпсіздік ережелерін бұзудың себеп-салдарын анықтайды.
Тапсырма
Суреттегі жағдайлардың неліктен қауіпті екенін түсіндіріңіз (әр жағдайға қысқа түсініктеме жазыңыз).
Дескриптор
- Компьютер алдында тамақтанудың салдарын түсіндіреді.
- Дұрыс отырмаудың салдарын түсіндіреді.
- Электр өткізгіш бөліктерін ұстаудың салдарын түсіндіреді.
- Компьютерде жұмыс істеу уақытын сақтамаудың салдарын түсіндіреді.
Тақырып: Компьютердің маңызды құрылғылары
- Оқу мақсаты
- 5.1.1.1 Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру
- Ойлау деңгейі
- Білу және түсіну
- Бағалау критерийі
- Процессор мен қатты дискінің қызметін анықтайды.
Тапсырма
- Құрылғылардың атауын жазыңыз.
- Көрсетілген құрылғыларды олардың қызметімен сәйкестендіріңіз.
| Құрылғы | Қызметі |
|---|---|
| Процессор | Берілгендерді өңдеу |
| Қатты диск | Үлкен көлемдегі ақпаратты ұзақ мерзімге сақтау |
Дескриптор
- Құрылғылардың атауын дұрыс жазады.
- Процессор мен қатты дискінің қызметін көрсетеді.
1-тоқсан: Интернеттегі қауіпсіздік
Тақырып: Интернетті пайдалану кезіндегі қауіптер
- Оқу мақсаты
- 5.4.2.1 Біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау
- Ойлау деңгейі
- Жоғары деңгей дағдылары
- Бағалау критерийі
- Заңсыз көшірудің салдарын бағалайды.
Тапсырма (жағдаят)
«Өмірді өзгерткен жаңалық» тақырыбында жоба байқауы жарияланды. Шарт бойынша үш ірі жаңалық туралы жоба дайындау қажет. Азамат интернеттен екі жаңалық туралы ақпарат алып, жобасына қосты. Ал үшінші жаңалық туралы ақпаратты рұқсат сұрамай-ақ сыныптасынан алып, оны да жобасына енгізді. Дайын жобаны Азамат әділқазылар алқасына жіберді.
Сұрақ
Азаматтың әрекетінің заңдылығын анықтаңыз.
Азамат _______________________________, себебі _______________________________
Дескриптор
- Көшірудің заңсыз екенін анықтайды.
- Заңсыз көшіруге қатысты қорытынды жасайды.
Тақырып: Компьютердегі деректерді қорғау (құпия сөз)
- Оқу мақсаты
- 5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Құпия сөзді қолдану себебін түсіндіреді және құжатқа құпия сөз орнату әдісін сипаттайды.
Тапсырма
- Құжатқа құпия сөз орнатудың себебін түсіндіріңіз.
- Құжатқа құпия сөз орнату әрекеттерінің ретін көрсетіңіз (1–6 қадам).
Дескриптор
- Құпия сөз орнатудың себебін жазады.
- Құпия сөз орнату қадамдарының ретін анықтайды.
Тақырып: Ортақ қолжетімді файлдармен жұмыс
- Оқу мақсаты
- 5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Ортақ қолданысқа рұқсат етілген файлдармен жұмыс дағдыларын көрсетеді.
Тапсырма
- Ортақ қолданысқа рұқсат етілген бума белгісін көрсетіңіз (A, B, C).
- Файлды ортақ бумаға орналастыру үшін әрекеттердің дұрыс ретін құрастырыңыз.
Әрекеттер (аралас берілген)
- Тышқанның оң жақ батырмасын шерту → «Қою» командасын таңдау
- Ортақ қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу
- Файлды белгілеу → «Көшіру» командасын таңдау
- «Менің компьютерім» нысанын ашу → «Желі» нысанын таңдау
Дескриптор
- Ортақ қолданысқа рұқсат етілген бума белгісін анықтайды.
- Файлды ортақ бумаға орналастыру әрекеттерінің тізбегін көрсетеді.
Мини-жоба: «Әлемді өзгерткен жаңалықтар»
Оқу мақсаты
5.4.2.2 Құжатқа құпия сөз орнату
Бағалау критерийі
Құжатқа құпия сөз қою үдерісін көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу
Бағалау критерийі
Ортақ бумадан файлды орналастырады, өзгертеді және жүктейді.
Тапсырма: мәтін құжатын құру және қорғау
Мәтін үлгісі
Құпия сөз — компьютермен немесе құжаттармен жұмыс істеу кезінде жеке басын немесе өкілеттігін растауға арналған шартты сөз немесе таңбалар жиынтығы.
Қауіпсіз құпия сөз құрудың негізгі ережелері:
- Таңбалар саны артқан сайын құпия сөздің сенімділігі күшейеді.
- @, # сияқты арнайы символдарды қолдану қажет.
- Құпия сөзді жиі ауыстыру керек.
- Құпия сөзіңізді басқа адамдармен бөліспеңіз.
Қосымша талап
- Осы құжатқа құпия сөз орнатыңыз.
- Құпия сөз орнату қадамдарының ретін сипаттаңыз.
Дескриптор
- Мәтін құжатын құрады.
- Құпия сөз орнату ретін сипаттайды.
- Құжатқа құпия сөз орнатады.
Тапсырма: операциялар мен жағдаяттарды сәйкестендіру
| Жағдаят | Операция |
|---|---|
| Біз сыныптастарымызбен жобаға суреттер қосып, мәтінді реттейміз. | Ортақ файлды өзгерту |
| Мен сыныптастарымның құжаттарындағы ақпаратты қолданамын. | Ортақ файлды жүктеп алу |
| Сыныптастарым менің топтамамдағы суреттерді қолдана алады. | Файлды ортақ қолданысқа қолжетімді ету (орналастыру) |
1.1 Файлды ортақ бумаға орналастыру қадамдары
- «Менің компьютерім» → «Желі»
- Жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу
- Файлды белгілеу → «Көшіру»
- Тышқанның оң жақ батырмасы → «Қою»
1.2 Ортақ бумадағы файлды өзгерту қадамдары
- «Менің компьютерім» → «Желі»
- Жалпы қолданысқа рұқсат етілген буманы ашу
- Файлды белгілеу → «Ашу»
- Файлды өзгерту → Сақтау
1.3 Ортақ бумадағы файлды жүктеп алу қадамдары
- «Менің компьютерім» → «Желі»
- Қажетті ортақ буманы ашу
- Ортақ бумадағы файлды белгілеу → «Көшіру»
- Өз бумаңызда оң жақ батырма → «Қою»
Дескриптор
- Операциялар мен жағдаяттар арасындағы сәйкестікті анықтайды.
- Жүктеу, өзгерту және орналастыру әрекеттерінің ретін көрсетеді.
2-тоқсан: Ақпарат және оны өңдеу
Тақырып: Біздің айналамыздағы ақпарат
- Оқу мақсаты
- 5.2.1.1 Әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету
- Ойлау деңгейі
- Білу және түсіну
- Бағалау критерийі
- Ақпараттың әртүрлі формада берілуін анықтайды.
Тапсырма
Ақпарат түрлерін анықтаңыз (әр әріпке сәйкес мысал жазыңыз).
Дескриптор
Ақпараттың берілу формаларын жазады.
Тақырып: Бағдарламалық қамтамасыз ету
- Оқу мақсаты
- 5.1.2.1 Бағдарламалық қамтамасыз ету ұғымын түсіндіру
- Ойлау деңгейі
- Білу және түсіну
- Бағалау критерийі
- Бағдарламалық қамтамасыз етуге анықтама береді және бағдарламалардың типін ажыратады.
Тапсырмалар
- Анықтама беріңіз: «Бағдарламалық қамтамасыз ету — бұл …»
- Көрсетілген бағдарламаларды жүйелік және қолданбалы түрлеріне бөліп жазыңыз (1–8).
Жүйелік БҚ
1, 2, 3, 4: ____________
Қолданбалы БҚ
5, 6, 7, 8: ____________
Дескриптор
- Бағдарламалық қамтамасыз ету анықтамасын жазады.
- Бағдарламаларды жүйелік және қолданбалы түрлеріне бөледі.
Тақырып: Растрлық кескінді жасау
- Оқу мақсаты
- 5.2.2.2 Растрлық кескіндерді құру және өңдеу
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Растрлық кескінді құрады және өңдейді.
Тапсырма
Графикалық редакторды қолданып, «Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында сурет салыңыз.
Дескриптор
- Сызық қалыңдығы мен түсін таңдайды.
- Үшбұрыш, дөңгелек сияқты стандартты фигуралар құралдарын қолданады.
- Ауыстыру, көшіру, өшіру амалдарын қолданып өңдейді.
Тақырып: Жоба жұмысы
- Оқу мақсаты
- 5.2.1.1 Әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Ақпаратты әртүрлі формада ұсынады.
Тапсырма
«Туған өлкемнің тарихы» тақырыбында жоба құрыңыз. Жобаны әзірлеу кезінде ақпараттың әртүрлі формаларын (мәтін, графика, дыбыс, сандық деректер) қолданыңыз және жұмысыңызды қорғаңыз.
Дескриптор
- Ақпаратты мәтіндік формада ұсынады.
- Ақпаратты графикалық формада ұсынады.
- Ақпаратты дыбыстық формада ұсынады.
- Ақпаратты сандық формада ұсынады.
- Өз жобасын қорғайды.
3-тоқсан: Біздің өміріміздегі алгоритмдер
Тақырып: Алгоритм ұғымы және мысалдар
- Оқу мақсаты
- 5.3.2.1 Алгоритм анықтамасын тұжырымдау
- Ойлау деңгейі
- Білу және түсіну
- Бағалау критерийі
- Алгоритм терминін түсіндіреді.
Тапсырмалар
- Алгоритмнің анықтамасын жазыңыз.
- Берілген суреттерді пайдаланып, алгоритмге мысал келтіріңіз: «Дастарқан дайындау», «Өсімдік өсіру».
Дескриптор
- Алгоритм анықтамасын жазады.
- Дастарқан дайындау алгоритміне мысал келтіреді.
- Өсімдік өсіру алгоритміне мысал келтіреді.
Тақырып: Орындаушылар және командалар жүйесі
- Оқу мақсаты
- 5.3.2.3 Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру
- Ойлау деңгейі
- Білу және түсіну
- Бағалау критерийі
- Орындаушылар мен олардың командалар жүйесін анықтайды.
Тапсырма
- Орындаушыға команда беретін нысандарды көрсетіңіз.
- Орындаушылар үшін сәйкес командалар жүйесін толықтырыңыз.
| Орындаушы | Командалар |
|---|---|
| Жуу | ______________ ____________________ ____________________ |
| «Отыр!» | _________ _________________ _________________ |
| Ақпаратты іздеу | ___ ____________________ ____________________ |
Дескриптор
- Орындаушыға команда беретін нысандарды анықтайды.
- Орындаушыларға арналған командалар жүйесін құрады.
Тақырып: Алгоритмді сөздік формада ұсыну
- Оқу мақсаты
- 5.3.2.2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Алгоритмді сөздік формада құрады.
Тапсырма 1
Оқушының үйден мектепке дейінгі жол жүру алгоритмін толықтырыңыз.
- 1. Үйден шығу: 1 қадам алға жүру
- 2. Оңға бұрылу
- 3. 2 қадам алға жүру
- 4. _____________________
- 5. _____________________
- 6. Оңға бұрылу
- 7. _____________________
- 8. _____________________
- 9. _____________________
- 10. Оңға бұрылу
- 11. 1 қадам алға жүру
Дескриптор
«Алға жүру», «Солға бұрылу», «Оңға бұрылу» командаларын дұрыс қолданады.
Тапсырма 2
«Алға (1 қадам)», «Оңға», «Солға» командаларын орындай алатын робот үшін A нүктесінен B нүктесіне баратын жолдың алгоритмін құрыңыз.
Дескриптор
- Командалар санын анықтайды.
- Командалар жүйесін қолданып, сөздік алгоритм жазады.
Тақырып: Лабиринттен шығу жолын табу
Оқу мақсаты
5.3.2.3 Орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру
Ойлау деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі
Орындаушының командалар жүйесін көрсетеді.
Командалар
Алға (1 қадам), Солға, Оңға
Тапсырма
A нүктесінен B нүктесіне жету үшін орындаушы қолданатын командалар жүйесін құрыңыз.
Дескриптор
- «Алға жүру» командасын қолданады.
- «Солға» және «Оңға» бұрылу командаларын қолданады.
- Нәтижеге жету үшін командалар тізбегін құрады.
Қосымша тапсырма
Зымыранның Юпитер ғаламшарына ең қысқа жолмен ұшу бағытын анықтаңыз және ұшу жолының сөздік алгоритмін жазыңыз. Ескерту: 1 ұяшық — 1 қадам.
Дескриптор
- Юпитерге дейінгі ең қысқа жолды анықтайды.
- Алгоритмді сөздік формада жазады.
Виртуалды лабиринт
Виртуалды лабиринт берілген. Орындаушыны және оның командалар жүйесін анықтаңыз: http:gamelayerlogicheskie-igrylabirinty
Дескриптор
- Орындаушыны анықтайды.
- Командаларды ретімен жазады.
Тапсырма: «Қызыл қоңыз»
Қызыл қоңыз үйіне жетуі үшін сөздік алгоритм құрыңыз.
Дескриптор
- Командалар санын анықтайды.
- «Алға жүру», «Солға», «Оңға» командаларын қолданады.
3-тоқсан: Талқылау және бағдарламалау
Тақырып: Менің алғашқы бағдарламам
- Оқу мақсаты
- 5.3.2.2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Алгоритмді сөздік формада сипаттайды.
Тапсырма
Дария бағдарлама құрды. Скрипттің мағынасын ашатын түсіндірме құрыңыз және нысандардың атауын жазыңыз.
| Скрипт | Түсіндірме | Нысан | Нысанның атауы |
|---|---|---|---|
| — | — | — | — |
Дескриптор
- Фон құру скриптіне түсіндірме жазады.
- Қозғалу скриптіне түсіндірме жазады.
- Нысандардың атауын анықтайды (сахна, спрайт).
Тақырып: Жандандырылған графика (шарт)
- Оқу мақсаты
- 5.3.2.2 Алгоритмді сөз түрінде ұсыну
- Ойлау деңгейі
- Қолдану
- Бағалау критерийі
- Алгоритм командаларын сөз түрінде қолданады.
Тапсырмалар
- Алгоритмде шартты сипаттау үшін қолданылатын команданы белгілеңіз: «Егер — онда».
- Берілген скрипт бойынша орындалатын шартты сипаттаңыз.
- Шарт ақиқат болған жағдайда Спрайт 1 орындайтын әрекетті жазыңыз.
Дескриптор
- Шарт командасын анықтайды.
- Скрипттегі шартты сипаттайды.
- Шарт ақиқат болғандағы әрекетті жазады.
Тақырып: Тармақталу және цикл командалары
- Оқу мақсаты
- 5.3.3.1 Тармақталу және цикл командаларын программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)
- Ойлау деңгейі
- Жоғары деңгей дағдылары / Қолдану
- Бағалау критерийі
- Тармақталу және цикл командаларын анықтайды, салыстырады және қолдана отырып бағдарлама құрады.
Тапсырма 1
Айша интерактивті ашық хат жасады. Тармақталу командасын қолданып, әріптерді жандандыратын бағдарлама жазыңыз.
Дескриптор
- Шарт ақиқат болғандағы команданы жазады.
- Шарт жалған болғандағы команданы жазады.
- Бағдарламаны іске қосады.
Тапсырма 2
- Scratch ортасында қолданылатын циклдік командаларды белгілеңіз.
- Сүңгуір мен Балық скрипттеріндегі айырмашылықты анықтаңыз және жауабыңызды түсіндіріңіз (қайталалау, әрқашан командаларын қолдану).
Дескриптор
- Циклдік командаларды анықтайды.
- Циклдер арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.
Тақырып: Ақиқатты іздеу барысында
Берілген сахна үшін Scratch бағдарламасын қолданып, қозғалыс алгоритмін құрыңыз.
Дескриптор
- «Егер» командасын қолданады.
- «Әрқашан» (цикл) командасын қолданады.