Рухани келісім күні
Рухани жаңғыру: ішкі әлемді жаңарту және өркениетке ілесу
Рухани жаңғыру — адам баласының ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімінің серпілісі және жаңа өзгерістерді қабылдай білуі. Оны өркениеттің өрге жүзуімен, қоғамның дамумен қатар жаңаруымен байланыстырамыз.
Тарихи сабақ және мәдени дәлел
Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өркендей түсуіне рухани жаңғырудың ықпалы айқын. Көне замандардан жеткен көрікті қалаларымыз, сән-салтанатымен таңғалдырған ескерткіштеріміз және мәдени мұраларымыз — соның бұлтартпас айғағы.
Рухани жаңғырудың негізгі қағидалары
Елбасы рухани жаңғырудың бірнеше принципін ұсынды. Бұл қағидалар қоғамның жаңаруына бағыт беріп, елдің болашағына бағдар қалыптастырады.
Бәсекеге қабілеттілік
Ғаламданудың жаһандық жүйесіне еніп, XXI ғасырдың талаптарына бейімделу — сапалы табыстың кілті. Бұл қағида әр азаматтың да, тұтас елдің де жаңашылдыққа ашық болуын талап етеді.
Прагматизм
Ұлан-ғайыр қазыналарымызды ұқыпты пайдалану, қорғау, нақты мақсат қойып, соған жүйелі жету — түрлі саяси радикалды идеологияларға тосқауыл болатын маңызды бағдар.
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық код — халқымызға тән салт-санамыз бен асыл мәдениетіміз. Олар бойымызда жалындап, үні әрдайым естіліп тұрғанда ғана алға басу нығаяды.
Білімнің салтанат құруы
Қазіргі таңда білім бағдарламалары елімізге елеулі үлес қосып келеді. Табыс тізгіні — білімді, қабілетті, болашаққа жауапты жастардың қолында.
Революциялық емес, эволюциялық даму
XX ғасыр қасіреттерін жадымызда сақтап, одан сабақ алу қажет. Дүрбелең мен тұрақсыздық экономикалық күйреуге апаратынын бүгінгі әлемдік толқыныстар да дәлелдейді. Сондықтан қоғамды революциялық сілкініс емес, эволюциялық жаңару алға бастырады.
Қорытынды ой
Қорыта айтқанда, бұл — елдің дамуына бағытталған ұтымды қағидалар және халыққа арналған маңызды үндеу. Ішкі руханиятымызды күшейте отырып, сыртқы өзгерістерді дұрыс қабылдау арқылы жаңғырудың даңғыл жолына түсуге болады. Көшбасшы ұсынған бағдар — болашақ ұрпаққа арналған айқын жол.
Автор: Есенгелді Ерназар Қолғанатұлы, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы, №6 орта мектеп, 11 «А» сынып.