Шығармашылық жаттығуларға қатыс

Құрметті мұғалім!

Бұл қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмекші құрал ретінде әзірленді. Жинақ мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі болып табылады.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары берілген тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыруға, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеуге, сондай-ақ оқу мақсаттарына жетуге бағытталған сындарлы кері байланыс беруге көмектеседі.

Жинақ ұсынымдық сипатта берілген: білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік бар.

Қосымша ресурстар

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Кімдерге арналған

Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Ескерту

  • Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды.
  • Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Мазмұны

1-тоқсан

  • 1-бөлім: Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту
  • 2-бөлім: Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындары

2-тоқсан

  • 3-бөлім: Гимнастика арқылы денені дамыту
  • 4-бөлім: Қазақ ұлттық қозғалыс ойындары

3-тоқсан

  • 5-бөлім: Денеге түсетін күш пен денсаулық
  • 6-бөлім: Қозғалыс ойындарының әралуандығы

4-тоқсан

  • 7-бөлім: Топтық ойындар арқылы әлеуметтік дағдылар
  • 8-бөлім: Денсаулық және дене белсенділігі

1-тоқсан · 1-бөлім: Атлетика арқылы дене қасиеттерін дамыту

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі

Оқу мақсаты: 2.3.4.1 — Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін аз ғана дене жаттығуларын орындау кезінде қиындықтар мен тәуекелдерді түсінеді, оларға жауап қайтарудың негізгі жолдарын анықтайды.

Бағалау критерийлері

  • Жаттығу орындау барысында туындайтын қиындықтарды анықтайды.
  • Тәуекелдерді атайды.
  • Алдын алу жолдарын ұсынады.

Тапсырма

Суреттегі жаттығуға қара. Берілген жаттығуларды орында. Жаттығулардың ағзаға әсері қандай? Орындау кезінде туындауы мүмкін қиындықтар мен тәуекелдерді анықтауға тырыс.

Дескриптор

  • Жаттығуды талапқа сай орындайды.
  • Жаттығулардың дене бітімін, сымбатты және бұлшықеттерді нығайтатынын айтады.
  • Ықтимал тәуекелдерді атайды (қолдың тайып кетуі, құлап қалу, аяққа дұрыс түспеу).
  • Қиындықтарды анықтайды (дене салмағын ұстай алмауы, тізені көтере алмауы).
  • Алдын алу жолдарын ұсынады (қолды нық ұстау, тізені бүгіп, аяқтың ұшына түсу).

Тақырып: Денсаулық туралы жалпы түсінік

Оқу мақсаты: 2.3.1.1 — Дене жаттығуларын жасау барысында сауықтыру артықшылықтарын талқылау және сипаттау.

Бағалау критерийлері

  • Сауықтыру жаттығуларын орындайды және сипаттайды.
  • Жаттығулардың ағзаға пайдасы туралы пікір білдіреді.

Ойлау дағдылары: қолдану, жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Жалпы дамыту жаттығуларының кешенін орында. Жаттығулардың ағзаны сауықтыруға тигізетін әсері мен пайдасы туралы ой бөліс. Орындау барысында бұлшықеттерде болған өзгерістерді сипатта.

Дескриптор

  • Берілген жаттығуларды орындайды.
  • Қимыл-қозғалыстың сауықтыру пайдасын түсіндіреді.
  • Сауықтыру артықшылықтары туралы әңгімелейді.
  • Денедегі өзгерістерді сипаттайды (бұлшықеттердің қатаюы, дағдының қалыптасуы).

Тақырып: Таңғы жаттығулар жиынтығы

Оқу мақсаты: 2.3.2.1 — Дене белсенділігінің алдында қыздырудың маңызын көрсету және түсіндіру.

Бағалау критерийлері

  • Қыздыру және ширату жаттығуларын орындайды.
  • Босаңсыту және қалпына келтіру жаттығуларын кешенді орындайды.
  • Қыздыру мен босаңсытудың ерекшеліктерін ажыратып, маңызын түсіндіреді.

Тапсырма

Қыздыру (ширату) жаттығуларының кешенін және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларын орында:

  • Бір орында жүру
  • Созылу
  • Секіру
  • Терең дем алу

Денені ширату және босаңсыту жаттығуларын орындау не үшін қажет? Топта талқыла.

Дескриптор

  • Ширату жаттығуларын орындайды.
  • Босаңсыту жаттығуларын кешенді орындайды.
  • Ширату (қыздыру, дайындау) мен босату (қалпына келтіру) айырмашылығын анықтайды.
  • Маңыздылығын түсіндіреді.

Тақырып: Таңғы жаттығулар жиынтығы (ағзадағы өзгерістерді бақылау)

Оқу мақсаты: 2.3.3.1 — Дене жаттығуларын орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді қалай бақылайтынын білу.

Бағалау критерийлері

  • Жаттығу кезінде ағзадағы өзгерістерді анықтайды.
  • Өзіндегі өзгерістерді қадағалайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну, қолдану.

Тапсырма

  1. Жерге сызылған түзу сызықтың бойына (немесе жерге түзу қойылған арқанға) тұр.
  2. 10–15 секунд бойы сызыққа (немесе арқанға) тимей, бір жағынан екінші жағына секір.
  3. 1 минут демал да, осы тапсырманы үш рет қайтала.
  4. Жұпта немесе топта еркін секіру жаттығуларын орында.

Дескриптор

  • Жаттығуды үш рет талапқа сай орындайды.
  • Еркін секіру жаттығуларына қатысады.
  • Өзгерістерді атайды (жүректің жиі соғуы, терлеу, қызару, шаршау).
  • Өз ағзасын бақылап әрекет етеді (тыныстың жиілеуі, әлсіздену, бас айналу және т.б.).

Тақырып: Лақтыру, секіру және жүгіру дағдылары

Оқу мақсаты: 2.1.2.1 — Қимылдарды өздігінен байланыстыру арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру.

Бағалау критерийлері

  • Негізгі қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын анықтайды.
  • Жаттығуларды байланыстыра орындап, машықты жақсарту жолдарын ұсынады.

Тапсырма

Суретке мұқият қара да, қимыл-қозғалыс жаттығуларының байланысын ата. Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығуларды өзара байланыстыра отырып орында. Ұзындыққа бір орыннан секіру жаттығуын жаса.

Дескриптор

  • Жаттығулардың байланысын атайды.
  • Гимнастикалық жаттығуларды реттілікпен орындайды.
  • Байланысты ескере отырып секіруді орындайды.
  • Жақсарту жолдарын ұсынады (қолды алшақ/жақын ұстау, санап орындау, қайталау және т.б.).

Тақырып: Лақтыру, секіру және жүгірудің эстафеталық элементтері

Оқу мақсаты: 2.1.1.1 — Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Әртүрлі дене жаттығуларын орындайды.
  • Қимыл-қозғалыс дағдыларының сапасын жақсарту туралы ой бөліседі.

Тапсырма

  • Бір орында тұрып орындалатын қарапайым жаттығуларды жаса.
  • Секіртпемен орындалатын эстафеталық жүгіруге қатыс.
  • Топтық жұмыс: қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жолдарын талқыла.

Дескриптор

  • Жаттығуларды бір орында тұрып, реттілікпен орындайды.
  • Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру туралы ой бөліседі.
  • Эстафеталық жарысқа қатысады.
  • Секіртпемен орындалатын жаттығуларды орындайды.
  • Сапаны жақсарту бойынша ұсыныс айтады.

Тақырып: Қимыл-қозғалысқа қатысу мүмкіндіктері

Оқу мақсаты: 2.3.5.1 — Мектепте және мектептен тыс уақытта дене қимылдарына қатысу мүмкіндігін түсіне бастау және анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Қатысу мүмкіндіктері туралы айтады.
  • Мектепте және мектептен тыс уақыттағы әрекеттерді атайды.

Ойлау дағдылары: білу және түсіну, қолдану.

Тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Әртүрлі спорт түрлеріне қатысты құралдарды анықтап, ата. Саған қай спорт түрі ұнайды? Онымен қай уақытта айналысасың? Мектепте қандай секцияларға қатысу мүмкіндігің бар? Мектептен тыс уақытта қандай спортпен айналысасың немесе қандай дене қимылдарын жасайсың?

Дескриптор

  • Әр спорт түріне қатысты құралдарды атайды.
  • Өзі ұнататын спорт түрін айтады.
  • Мектептегі секция түрлерін атайды.
  • Мектептен тыс уақытта айналысатын спорт түрлері мен қимылдарын атайды.
  • Өз мүмкіндіктерін сипаттайды.

1-тоқсан · 2-бөлім: Спорттық ойындарды меңгеру үшін қозғалыс ойындары

Тақырып: Қозғалмалы ойындардағы қимыл дағдыларының спектрі

Оқу мақсаты: 2.2.8.1 — Әртүрлі жаттығуларды орындау кезіндегі рөлдерді көрсету және атау.

Бағалау критерийлері

  • Өз рөлін анықтайды.
  • Өзгенің рөлін айқындайды.
  • Рөлдердің айырмашылығын сипаттайды.

Тапсырма (топтық жұмыс)

Суретке мұқият қара. Ойынның шартын құрастыр, рөлдерді анықта. Құрастырылған ереже бойынша ойынға қатыс. Рөлдермен алмас.

Дескриптор

  • Ойын шартын анықтайды.
  • Рөлдерге қатысты ережелерді бекітеді.
  • Рөлдерді алмастыра отырып, әділ әрі бәсекелі ойнайды.
  • Өз рөлін сақтайды (қуушы, қашушы).
  • Рөлдердің айырмашылығын сипаттайды.

Тақырып: Доппен қозғалмалы ойындар (тебу дағдылары)

Оқу мақсаты: 2.1.2.1 — Қимылдарды байланыстыру арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру.

Бағалау критерийлері

  • Негізгі қимылдардың байланысын анықтайды.
  • Байланыстыра орындап, жақсарту жолдарын ұсынады.

Тапсырма

  1. Қашықтыққа тебу: жеңіл футбол добын барынша алысқа теп, доптың артынан жүгіріп барып, қайта теп.
  2. Биіктік пен қашықтыққа тебу: допты ауаға көтеріп теп.
  3. Дәлдік үшін тебу: допты конусқа қарай немесе орындық аяқтарының арасына дәлдеп теп.

Кеңістікте доппен орындалатын жаттығулардың байланысын анықта.

Дескриптор

  • Допты қашықтыққа тебуді орындайды.
  • Допты биіктікке тебуді орындайды.
  • Допты дәлдеп тебуді орындайды.
  • Қимылдардың реттілігін сақтайды.
  • Жаттығулардың байланысын анықтайды (тебу әрекеті).
  • Жақсарту жолдарын ұсынады (аяқты допқа жақын қою, екпін алып тебу, астынан тебу, аяқтың ішкі жағымен тебу, қайталау).

Тақырып: Доппен қозғалмалы ойындар (жеке және топтық жұмыс)

Оқу мақсаты: 2.2.2.1 — Мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей бастау және өзіндік жұмыс туралы білімді нығайту.

Бағалау критерийлері

  • Өзіндік және топтық жұмыста қимыл-қозғалыс мақсаттарына жету ережелерін атайды және ұстанады.

Тапсырма

Жеке жұмыс

Биік конустың төбесіне қойылған үлкен теннис добын алақаныңмен және ұрғышпен (бита) соғып, доптың ұшу қашықтығын өлше. Айырмашылығын анықта. Ұрғышпен соққандағы қашықтыққа жету үшін алақанмен соғуды қалай жаттықтыру керектігі туралы ойыңды айт.

Топтық жұмыс

Эстафеталық ойынға қатыс. Командаңның жеңу немесе жеңілу себептерін анықта. Қимыл-қозғалыс мақсаттарына қол жеткізу үшін не істеу керектігі туралы ой бөліс.

Дескриптор

  • Қолын артқа серпіп, допты алақанымен ұрады.
  • Ұрғышты нық ұстап, допты бағытына қарай ұрады.
  • Қолмен және ұрғышпен соққандағы айырмашылықты анықтайды (алысқа ұшу).
  • Мақсатқа жетудің жолдарын сипаттайды.
  • Топтық әрекетке қатысады, ережені сақтайды.
  • Қимыл-қозғалыс мақсаттарына жетудің жолдарын ұсынады.

Тақырып: Қозғалыстар арқылы ойындар (идея, стратегия, жоспар)

Оқу мақсаты: 2.2.1.1 — Қозғалыс идеяларын, стратегияларын және жоспарларын талқылау және көрсету.

Бағалау критерийлері

  • Жаттығу құру үшін идея ұсынады және жоспар құрады.
  • Оңтайлы орындау үшін стратегия ұсынады.

Ойлау дағдылары: қолдану, жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Суретке мұқият қара. Белгіленген кеңістікте допты кедергілердің арасымен алып жүру жаттығуларын орында. Топта талқыла: допты басқаруға арналған жаңа жаттығу түрін ойлап тап, ойын ережесін құрастыр және орындау стратегияларын нақтыла.

Дескриптор

  • Допты кедергілердің арасымен қолмен алып жүреді.
  • Допты аяқпен алып жүреді.
  • Кедергілерден алып жүрудің тәсілдерін ұсынады (алма-кезек ырғыту және т.б.).
  • Оңтайлы стратегия ұсынады (жеңу, нысанды тез өту жолдары).

Тақырып: Қолайлы оқыту ортасын құру

Оқу мақсаты: 2.2.3.1 — Түрлі жаттығуларды орындауда қолайлы орта құрудың маңызын мойындап, идеяларды, ресурстар мен кеңістікті ескеру.

Бағалау критерийлері

  • Қолайлы ортаның қажеттілігін айқындайды.
  • Идея, ресурс және кеңістікті ескере отырып орындайды.

Тапсырма

Ойынның шартын анықта. Кеңістік пен ресурстарды ескере отырып, ойынға қатыс.

Дескриптор

  • Ойын барысында қолайлы орта қалыптастырады.
  • Өзінің және өзгелердің идеяларын ескеріп, ойын шартын анықтайды.
  • Қажеттілікке қарай кеңістік пен ресурстарды басқалармен бөліседі.

Тақырып: Жұптық және топтық жұмыстар

Оқу мақсаты: 2.3.5.1 — Мектепте және мектептен тыс уақытта қимыл-қозғалысқа қатысу мүмкіндігін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Қатысу мүмкіндіктері туралы айтады.
  • Мектепте және мектептен тыс уақыттағы әрекеттерді атайды.

Тапсырма

Бүкіл сыныппен қозғалмалы ойынға қатыс. Ойын ережесін сақтап ойна. Мектепте және мектептен тыс уақытта қандай қозғалмалы ойындар ойнайтының туралы әңгімеле.

Дескриптор

  • Қозғалмалы ойынға белсенді қатысады.
  • Мектептегі және мектептен тыс уақыттағы қозғалыстарын сипаттайды.
  • Қозғалысқа қатысу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді.

2-тоқсан · 3-бөлім: Гимнастика арқылы денені дамыту

Тақырып: Қауіпсіздік ережесі

Оқу мақсаты: 2.3.4.1 — Жаттығу орындау кезіндегі қиындықтар мен тәуекелдерді түсіну және алдын алу жолдарын анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Қиындықтарды анықтайды.
  • Тәуекелдерді атайды.
  • Алдын алу жолдарын ұсынады.

Тапсырма

Суреттерде бейнеленген жаттығуларды орында. Орындау барысында туындаған қиындықтарды ата. Қандай тәуекелдер болуы мүмкін? Олардың алдын алу жолдарын айт.

Дескриптор

  • Жаттығуларды талапқа сай орындайды.
  • Қиындықтарды атайды (аяқ күшінің әлсіздігі, итеріле алмауы, салмағын көтере алмауы).
  • Тәуекелдерді анықтайды (домалау кезінде мойынның қайырылып қалуы, саусақ буындарына күш түсуі, қолдың тайып кетуі және т.б.).
  • Алдын алу жолдарын ұсынады (ретімен, бірқалыпты орындау, бірнеше рет қайталау, досының көмегі және т.б.).

Тақырып: Әртүрлі физикалық іс-әрекеттер арқылы күшті дамыту

Оқу мақсаты: 2.3.2.1 — Белсенділік алдында қыздырудың маңызын көрсету және түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Әртүрлі қарқындағы жаттығуларды орындау барысында қыздыру мен босаңсыту жаттығуларының маңыздылығын анықтайды.

Тапсырма

Қарапайым қыздыру жаттығуларын жаса. Төмендегі күшке бағытталған қозғалыстарды орында:

Гантель

25 рет

Отырып-тұру

25 рет

Аяқты созу

25 рет

Аяқты тік көтеру

25 рет

Денені қалпына келтіру жаттығуларын жаса. Қыздыру және босаңсыту жаттығулары не үшін қажет? Түсіндір.

Дескриптор

  • Қыздыру жаттығуларын орындайды.
  • Күшке бағытталған жаттығуларды орындайды.
  • Қалпына келтіру жаттығуларын орындайды.
  • Қыздыру мен босаңсытудың маңызын түсіндіреді.

Тақырып: Кең ауқымды гимнастикалық жаттығулар

Оқу мақсаты: 2.1.2.1 — Қимылдарды байланыстыру арқылы негізгі қозғалыс дағдыларын түсіну және жетілдіру.

Бағалау критерийлері

  • Негізгі жаттығулардың байланысын анықтайды.
  • Байланыстыра орындап, жақсарту жолдарын ұсынады.

Тапсырма

  1. Берілген гимнастикалық жаттығуларды орында.
  2. Топталудың түрлерін ата және орында.

Екі тапсырмадағы жаттығулардың байланысын анықта. Қимыл-қозғалысты жақсарту жолдарын ұсын.

Дескриптор

  • Гимнастикалық жаттығуларды орындайды.
  • Топталу түрлерін атайды және орындайды (отырып, арқаға жатып, аяққа отырып).
  • Жаттығулардың байланысын анықтайды (созылу, иілу).
  • Жақсарту жолдарын ұсынады (аяқты түзу созу, қолды нық ұстау, басты тізеге қою және т.б.).

Тақырып: Өрмелеу (кеңістіктегі өзгерістер)

Оқу мақсаты: 2.1.5.1 — Кеңістікте және динамикада қарапайым өзгерістер мен іс-қимылдарды ұғыну және жеткізе білу.

Бағалау критерийлері

Кеңістікте өрмелеудің түрлерін көрсете отырып, қимыл-қозғалыстағы өзгерістерді анықтайды.

Тапсырма

  1. Суретке мұқият қара. Суретте бейнеленген өрмелеу түрлерін орында.
  2. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеп жүруді орында.

Жаттығуларды орындау кезінде қимыл-қозғалыста болған өзгерістерді сипатта.

Дескриптор

  • Аяқ пен қолды алмастырып жоғары өрмелейді.
  • Гимнастикалық орындық үстімен тізерлеп өрмелейді.
  • Орындық үстімен аяқ пен қолды алмастыра өрмелейді.
  • Гимнастикалық қабырғамен өрмелеп жүруді орындайды.
  • Қимыл-қозғалыстағы өзгерістерді сипаттайды.

Тақырып: Өрмелеу (өз машығын бағалау)

Оқу мақсаты: 2.1.4.1 — Қимыл кемшіліктерін түзету үшін өз күшті және осал тұстарын түсіну және түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Түрлі жаттығуларды орындау кезінде өз қозғалыс машығының жақсы және осал тұстарын ажыратады.

Ойлау дағдылары: жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Суретте бейнеленген жаттығу түрлерін орында. Орындау барысында өз қозғалыс машығыңның күшті жақтары мен осал тұстарын анықтап, сипатта.

Жаттығу мысалдары

  • Қабырға сатысын ретімен басып шығу.
  • Гимнастикалық қабырғамен көлденең жүру.
  • Қабырғаның бір бұрышынан жоғарылап көтерілу.
  • Денені аяқ ұшына тұрып көтере өрмелеу.

Дескриптор

  • Жаттығуларды ретімен орындайды.
  • Күшті жақтарын көрсетеді (ептілік, сенімділік, үйлесімді орындау).
  • Осал тұстарын анықтайды (қол мен аяқты дұрыс алмау, қорқыныш, үйлесімсіздік және т.б.).

Тақырып: Тепе-теңдікті дамыту (ережені сақтау)

Оқу мақсаты: 2.2.2.1 — Командада жұмыс істеу және өзіндік жұмыс дағдыларын нығайту.

Бағалау критерийлері

Өзіндік және топтық жұмыс кезінде қимыл-қозғалыс мақсаттарына жету ережелерін атайды және ұстанады.

Тапсырма

  1. Әртүрлі құрылғыларда орындалатын жаттығуларға қатыс. Қозғалыс түрін ата.
  2. «Әтештер шайқасы» ойынына қатыс.

Тапсырмаларды орындау үшін қимыл-қозғалыс кезінде нені сақтау қажет? Жұпта ой бөліс.

Дескриптор

  • Берілген жаттығуларды әртүрлі құрылғыда орындайды.
  • Қозғалыс түрін атайды (тепе-теңдікті сақтап жүру).
  • Ойын ережесін сақтайды.
  • Тепе-теңдікті сақтаудың маңызын түсіндіреді.

Тақырып: Тепе-теңдікті дамыту (шығармашылық тапсырма)

Оқу мақсаты: 2.2.5.1 — Қажет болған жағдайда шығармашылық міндеттерді талқылау және қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Өзінің және өзгелердің шығармашылық тапсырмалары туралы ойын айтады.
  • Қажетіне қарай сындарлы ұсыныс жасайды.

Ойлау дағдылары: жоғары деңгей дағдылары.

Тапсырма

Берілген тепе-теңдікті сақтау жаттығуларын орында. Өз орындауыңдағы жеке дағдыларыңды және өзгелердің орындауын жақсартуға қатысты ойыңды айт. Жұптық жұмыс: тепе-теңдікті сақтауға арналған қарапайым жаттығулар ойлап тап.

Дескриптор

  • Тепе-теңдік жаттығуларын орындайды (тізерлеп тұрып қарама-қарсы қол мен аяқты созу; қырынан оң/сол қол мен аяққа тұру; отырып сол аяқ пен оң қолды созу).
  • Өзіндегі жақсы қалыптасқан дағдыларды сипаттайды.
  • Өзгенің орындауына қатысты ұсыныс береді.
  • Тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығуларды құрастырады.