Әр адамның өзінің бойына ерекше біткен таланты болады
Талант пен өнердің құдіреті
Әр адамның бойында өзіне ғана тән ерекше талант болады. Соның бірі — өнер. Әсем әуенмен ән салу, тал шыбықтай мың бұралып би билеу немесе нақышына келтіріп күй тарту кез келген жанға бұйыра бермейді.
Біздің сыныпта да өнерімен ерекшеленетін оқушылар көп. Айжан мектептегі барлық шараларда «Біз бақытты балалар» әнін орындап, көпшілікке танымал болды. Ал Анель бишілік өнерімен республика көлеміндегі сайыстарға қатысып, өзінің сүйікті билері арқылы көрерменнің ықыласына бөленіп жүр.
Айгерім соңғы екі жыл бойы мектептегі «Эстрада жұлдыздары» үйірмесіне қатысып, мектепішілік концерттерде ән шырқап келеді. Мадина болса «Жас толқын» би үйірмесінің белсенді мүшесі.
Қолөнерге қызығатын сыныптастарымыз да аз емес. Осындай қабілетті оқушылар — сыныбымыздың мақтанышы. Мен өз сыныптастарыммен мақтанамын және олардың келешекте елімізге адал қызмет ететін азамат болатынына сенімім мол.
Түйін
Халқымыздың «Өнер — ағып жатқан бұлақ, ғылым — жанып тұрған шырақ» деуі тегін емес. Өнер адамды биіктетсе, ғылым жол көрсетеді — екеуі де өмірді көркейтер асыл құндылық.