Әріптестермен ынтымақтастық

Білім беру жүйесіндегі жаңаша көзқарас

ХХІ ғасыр — білім мен ғылымның ғасыры (Н.Ә. Назарбаев)

12 жылдық білім Құзыреттілік

Білім саласында 12 жылдық оқытуға көшуге байланысты маңызды қадамдар жасалып келеді. Бұл үрдіс білімді әрі білікті ұрпақ тәрбиелеу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту қажеттілігінен туындап отыр.

Қазіргі ұстаз — рухани кемел, адамгершілігі жоғары, жауапкершілігі мол, рефлексия жасауға қабілетті, үздіксіз өзін дамытуға ұмтылатын маман. Ол тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық құзыреттерді меңгеріп, әдіснамалық тұрғыдан қалыптасқан болуы тиіс.

Ұлттық білім беру моделін қалыптастыруға әсер ететін факторлар

  1. Білім беру сапасын жетілдіру.
  2. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін жүйелі дамыту.
  3. Педагогикалық үдерісті жетілдіру.
  4. Бірлесіп жұмыс істеудің тиімді формалары мен әдістерін іздеу.

Осы бағытта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің деңгейлік бағдарламалар бойынша курстары арқылы өзекті мәселелерді талқылап, нақты бағдар береді.

Еңбек нарығы және кәсіби білім

ХХІ ғасырдағы күрделі міндеттердің бірі — еңбек нарығы талаптарына сай техникалық және кәсіби білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру. Білікті отандық кадрларды даярлау, білім деңгейін әлемдік стандарттарға жақындату және өмір бойы оқу мәдениетін орнықтыру — мұғалім еңбегінің тікелей нәтижесі.

Білім беру жүйесін реформалау — оқушының білімді меңгеру үдерісінде тиімді әдістерді пайдалану, тәрбиемен ұштастырылған оқыту арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруды көздейді.

Жаңаша оқыту: оқушының белсенді рөлі

Жаңаша оқытуда оқушы мұғалім түсіндіргенді ғана қабылдамайды: сұрақ қояды, пікірталасқа қатысады, ізденеді, зерттейді. Дәл осындай әрекет оқушы интеллектісін ашады және шығармашылық әлеуетін дамытады.

Нәтиже

  • Оқушы оқуына жауапкершілік алады.
  • Білімді қолдану дағдысы қалыптасады.
  • Сын тұрғысынан ойлау дамиды.

Мұғалім құзыреттілігі: заманауи талап

Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мектептің де, мұғалімнің де басты міндеті — оқушылардың білімді тек «иеленуіне» емес, оны орынды жерде қолдана білуіне жағдай жасау. Ол үшін мұғалім әртүрлі стратегияларды қай кезде, қандай мақсатпен қолдану керегін нақты білуі тиіс.

АКТ және ақпараттық сауат

Мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді құрал ретінде қолдануды меңгеріп, ақпараттық-басқару жүйелерін де орынды пайдалана алуы қажет.

Ынтымақтастық және кәсіби орта

Әріптестермен бірлесіп оқу ортасын құру, жоспарлау, жүргізу және басқаруға үлес қосу — мұғалім дамуының маңызды бөлігі.

Мұғалім өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін үнемі рефлексия жасап отыруы тиіс. Оқушылардан күтілетін дағдылар — сын тұрғысынан ойлау, қарапайымнан күрделіге қарай талдау жасау, ынтымақтастықты кеңейту.

Үздіксіз кәсіби даму: әсер ететін факторлар

Үздіксіз кәсіби дамуға арналған көлемді зерттеуде Кембридж университетінің оқытушылары Опфер мен Педдер (2010) мұғалімдердің кәсіби оқуына ықпал етіп, оқушылардың оқу нәтижелерін арттыратын алты факторды анықтаған:

1

Шынайы жағдайға барабар әрекет

2

Бастама

3

Әріптестермен ынтымақтастық

4

Арнайы мән-мәтін

5

Нақты сыныптағы тәжірибелік жұмыс

6

Оқу кезеңінің ұзақтығы

Сапалы оқытудың өлшемі

Сапалы оқытудың басты ерекшелігі — мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін бағалай алуы. Осылайша оқушы өз оқуына жауапты болады, ал табысты нәтиже мұғалімнің заманауи оқыту үдерісіне бейімделе алуымен тығыз байланысты.

Мемлекеттік бағдар және өмір бойы оқу

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында білім беруді жаңғыртуды жалғастыру қажеттігін атап өтті: сапалы білім беру индустрияландыру мен инновациялық дамудың негізіне айналуы тиіс. Сонымен қатар «өмір бойы білім алу» әр қазақстандықтың жеке кредосына айналуға тиіс деген ой айқын көрсетілді.

2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауда оқыту жүйесіне заманауи әдістемелер мен технологияларды енгізу қажеттігі айтылды. Бұл — әлемдік білім кеңістігіне кірігудің, білім сапасын тұрақты арттырудың маңызды шарты.

Орбисинова Майра Басипқалиқызы

Қ. Смағұлов атындағы орта мектебінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі

Атырау қаласы