ЖАСЫЛ АРАЖЕГІШ
Жасыл аражегіш
Жасыл аражегіш (кейде көк боздақ деп те аталады) сарыалқым аражегіштен бірнеше белгісімен ерекшеленеді: алқымындағы ашық сары дақ та, арқасындағы ашық қызғылт жолақ та болмайды. Реңкі онша шұбар емес, дауысы да сәл өзгеше — мұны ажырату үшін құсты жақсы танып-білу қажет.
Түр онша көп таралмаған және көбіне өзен аңғарларына бейімделген.
Таралуы және қыстауы
Жасыл аражегіш Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында кездеседі. Негізгі мекені — ірі өзендердің аңғарлары: Сырдария, Ембі, Жайық, Сарысу, Шу, Іле. Қыстауды Африка мен Арабияда өткізеді.
Ұя салу ерекшеліктері
Бұл құс ұя салу үшін міндетті түрде тік жарды қажет етпейді: ін қазуға жер бедеріндегі болмашы кедір-бұдырдың өзі жеткілікті. Тіпті арба не көлік дөңгелегінің ізін де пайдалана береді.
Іле және Шу өзендерінің аңғарларында дөңгелек іздеріне салынған ұялардың көлікпен басылып қалғаны жиі ұшырасады. Дегенмен жасыл аражегіш ұяларын көбіне құмды жерлерге орналастырады.
Көшіп-қону мерзімі
-
Келуі: сәуірдің екінші жартысында.
-
Кетуі: қыркүйек–қазан айларында.