1941 жылдың маусымынан 46 - армия 236 - атқыштар дивизиясы 496 - жеке атқыштар рота құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан

Шиловский Леонид Прокофьевич

Шиловский Леонид Прокофьевич (1919, Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Ақжар ауылы — 1943 жылғы 3 қараша, Украина, Днепропетровск облысы, Кринички ауданы, Потоки селосы) — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Ұлты — орыс.

Әскери қызметі

Майданға қатысуы

1941 жылғы маусымнан бастап

Әскери бірлігі

46-армия, 236-атқыштар дивизиясы

Құрамы

496-жеке атқыштар ротасы

Ерлігі

1943 жылғы 26 қыркүйекте Шиловский Днепр өзенінен (Украина, Днепропетровск облысы, Верхнеднепровск ауданы, Сошиновка маңы) алғашқылардың қатарында өтті. Сол ұрыста ол жеке өзі 11 жау әскерин жойды.

Марапаттары мен құрметтері

Ең жоғары атағы

Ерекше ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1943 жылғы 3 қараша).

Ордендері мен медальдары

  • Ленин ордені
  • Қызыл Жұлдыз ордені
  • Медальдар

Ақтөбе облысы, Хромтау қаласында бір көшеге Шиловский есімі берілген.