Сан үңгірді сабылып шарлап - шарлап, Түк таба алмай көзімнен жасым парлап

Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін,

Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін.

Ал түсіме осы шың жиі кіред,

Сезем, сезем, жері емес өзгелердің,

Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті,

Қаншама ұрпақ алмасты өңіріңнен,

Қар көмкерді, жаңғыртып жасын өтті.

Оны қазір тап басып айта алар кім?

Тап басса да, есесін қайтарар кім?

Осы шыңға өрлеймін түсімде мен,

Түн түндігін түргенде айқара күн.

Қазына іздеп сабылам үңгірлерден,

Тосын үннен сескеніп күңгірлеген,

Өз-өзіме жатқаным сауал қойып,

Іздегенім алтын ба, мүмкін, өлең?..

Сан үңгірді сабылып шарлап-шарлап,

Түк таба алмай көзімнен жасым парлап.

Оянамын, о, тәуба-ай, ертең тағы

Түс сапарға шығамын.

Маған арнап,

Іздемек боп тығылған қазынаны,

Қанағат қып аз дәулет, аз мұраны,

Жүрген жан ем, бұл сырым Аллаға аян,

Жоқ іздетіп неге үңгір қаздырады?

Не десең де,

Тылсым сыр ашылмаған,

Көрінеді көп жайдан басым маған.

Іздеп жүрген қазынам өлеңім бе,

Жазылмаған,сонан соң басылмаған,

Жыр шашуым жұртыма шашылмаған?..

Неге үнсізсің, мәңгі жас, жасыл ғалам?

Сүлеймен Баязитов



Ұқсас жұмыстар

«1986 жылғы желтоқсан оқиғасы және оның тарихи маңызы»
ЖЫР СҰЛТАНЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Еңсеп. Әңгіме
Жабайы алма
Нұрлан Оразалин поэзиясының тілі, стилі, поэтикасы
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Алпамыс батыр
Дулат ТҰРАНТЕГІ
Шәкәрім және Гете: поэзиядағы көркемдік пен таным үндестігі
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
ӘБДІКӘРІМ САТҰҚ ҚАРАХАН
СӘБИТҰЛЫ АСАНҚАЙҒЫ
ТОҚТЫБАЙҰЛЫ САҢЫРЫҚ
Валюта нарығындағы валюталық реттеудің нысаны мен әдістері
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Философия және саясаттану факультетінің 2006 жылы 19 желтоқсандағы Ғылыми кеңесінің мәжілісінің № 3 хаттамасынан
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
Ги де Мопассан Жалғыздық
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Асан Қайғының қаласы