Тірі табиғаттағы үдерістер
6-сыныпқа арналған жаратылыстану пәні: үлгі күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Оқу жүктемесі: аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат. Төменде тоқсандар бойынша бөлімдер, тақырыптар, оқу мақсаттары және жоспарланған сағат саны берілген.
1-тоқсан
18 сағат
Бөлім 6.1А — Ғылым әлемі
-
Ғылымның рөлі
6.1.1.1 — жаратылыстану ғылымдарының зерттеу нысандарын тізіп атау
Сағат саны: 1
-
Зерттеу сұрағы
6.1.2.1 — тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау
Сағат саны: 1
-
Зерттеуді жоспарлау
6.1.3.1 — жоспар бойынша зерттеу жұмысын жүргізу
Сағат саны: 1
-
Деректерді жинау және тіркеу
6.1.3.2 — қауіпсіз жұмыс жүргізу жағдайларын анықтау
6.1.4.1 — Халықаралық бірліктер жүйесінің өлшем бірліктерін пайдалану
Сағат саны: 1
-
Деректерді талдау
6.1.5.1 — алынған деректерді график түрінде көрсету
-
Қорытынды және талқылау
6.1.6.1 — алынған қорытындыларды әртүрлі формада ұсыну
Сағат саны: 1
Бөлім 6.1В — Ғалам. Жер. Адам
-
Макро- және микроәлем
6.2.1.1 — макро- және микроәлем нысандарының параметрлерін атау
Сағат саны: 1
-
Жер туралы жалпы мәліметтер
6.2.2.1 — Жер бетіндегі бақыланатын үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру
6.2.2.2 — Жердің қасиеттерін түсіндіру
Сағат саны: 2
-
Жер қабықтары және олардың құрамдас бөліктері
6.2.3.1 — Жер қабықтарының өзара байланысу тәсілдерін түсіндіру
-
Жердегі тіршілік
6.2.4.1 — Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы ғылыми болжамдарды салыстыру
6.2.4.2 — адамның Жерде тіршілік етуінің қазіргі жағдайларын бағалау
Сағат саны: 2
-
Жер бетін бейнелеу тәсілдері
6.2.5.1 — географиялық карталар мен шартты белгілерді жіктеу
6.2.5.2 — шартты белгілерді пайдаланып, географиялық карталарды оқу
6.2.5.3 — масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу
6.2.5.4 — географиялық координаттарды анықтау
6.2.5.5 — сағаттық белдеулер картасын пайдаланып, уақытты анықтау
Сағат саны: 3
-
Материктер мен мұхиттар
6.2.6.1 — жоспар бойынша материктер мен олардың физикалық-географиялық аймақтарының табиғат ерекшеліктерін анықтау
6.2.6.2 — жоспар бойынша мұхиттар табиғатының ерекшеліктерін анықтау
Сағат саны: 2
-
Халық географиясы
6.2.7.1 — халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау
6.2.7.2 — халық тығыздығы көрсеткіштеріне баға беру
6.2.7.3 — дүниежүзіндегі халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтарды анықтап, себептерін түсіндіру
Сағат саны: 2
-
Бақылау жұмысы
Сағат саны: 1
2-тоқсан
14 сағат
Бөлім 6.2А — Заттар және материалдар
-
Заттардың құрылысы мен қасиеттері
6.3.1.1 — атомдар мен молекулаларды, қарапайым және күрделі заттарды ажырату
6.3.1.2 — атомның негізгі бөлшектерін және олардың орналасуын сипаттау
6.3.1.3 — заттардың қасиеттерін (балқу және қайнау температураларын) сипаттау
Сағат саны: 4
-
Заттарды жіктеу
6.3.2.1 — заттарды органикалық және бейорганикалық заттар ретінде жіктеу
6.3.2.2 — тірі және өлі табиғатта қышқыл, сілтілі және бейтарап ортаны ажырату; әмбебап индикатор көмегімен ортаны анықтау
6.3.2.3 — бейтараптану үдерісін түсіндіру
Сағат саны: 4
-
Заттардың пайда болуы және оларға қол жеткізу
6.3.3.1 — жасанды материалдардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау
6.3.3.2 — тұрмыстық химия өнімдерінің қолданылу саласын және оларды қауіпсіз қолдану ережелерін түсіндіру
6.3.3.3 — Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолданылу салаларын анықтау
6.3.3.4 — Қазақстандағы пайдалы қазбаларды өңдеудің ірі орталықтарын атау және көрсету
6.3.3.5 — пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру
Сағат саны: 5
-
Бақылау жұмысы
Сағат саны: 1
3-тоқсан
20 сағат
Бөлім 6.3А — Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер
-
Өлі табиғаттағы үдерістер
6.4.1.1 — өлі табиғатта жүретін үдерістерді модельдеу (таулардың түзілуі, мүжілу үдерістері, табиғаттағы зат айналымы)
6.4.1.2 — табиғаттағы заттардың химиялық айналымын түсіндіру
Сағат саны: 2
-
Тірі табиғаттағы үдерістер
6.4.2.1 — жасуша компоненттерін анықтау
6.4.2.2 — тірі ағзаларға тән үдерістерді түсіндіру
6.4.2.3 — ағзалардың қоректену типтерін ажырату
6.4.2.4 — толыққанды тамақтану рационын құрастыру
6.4.2.5 — азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттардың болуын тестілеу
6.4.2.6 — ағзалардағы қоректік заттардың тасымалдануын модельдеу
6.4.2.7 — тыныс алу кезінде ішке тартылған және сыртқа шығарылған ауа құрамының айырмашылығын зерттеу
6.4.2.8 — ағзадан бөлініп шығатын өнімдерді атау
6.4.2.9 — тірі ағзалардың тітіркендіргіштерге жауап беру реакциясын зерттеу
Сағат саны: 8
Бөлім 6.3В — Энергия және қозғалыс
-
Энергия түрлері мен көздері
6.5.1.1 — энергия көздерін атау
6.5.1.2 — энергияның бөлінуі және жұтылуымен байланысты үдерістерді атау және мысал келтіру
6.5.1.3 — электр энергиясының өлшем бірлігін атау
6.5.1.4 — электр энергиясының құнын есептеу
6.5.1.5 — энергия алудың баламалы көздерін ұсыну
Сағат саны: 4
-
Қозғалыс
6.5.2.1 — қозғалыстың салыстырмалылығына мысал келтіру және түсіндіру
6.5.2.2 — қатты денелер, сұйықтар және газдар қысымын ажырату
6.5.2.3 — адам қаңқасының құрылысын сипаттау
6.5.2.4 — бұлшықеттің құрылысын сипаттау
6.5.2.5 — тірі ағзалар үшін қысымның маңызына мысал келтіру
6.5.2.6 — тиісті құралдарды қолдана отырып, атмосфералық және артериялық қысымды өлшеу, қорытынды жасау
Сағат саны: 5
-
Бақылау жұмысы
Сағат саны: 1
4-тоқсан
16 сағат
Бөлім 6.4А — Экология және тұрақты даму
-
Экожүйелер
6.6.1.1 — экожүйе құрамдас бөліктерінің өзара байланысын график түрінде көрсету және түсіндіру
6.6.1.2 — экожүйе ауысымдарының себептерін түсіндіру
6.6.1.3 — экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуын түсіндіру
Сағат саны: 5
-
Тірі ағзалардың саналуандығы
6.6.2.1 — өсімдіктер мен жануарлар түрлерін анықтауда ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану
6.6.2.2 — жергілікті экожүйелердегі тірі ағзалардың алуан түрлілігін зерттеу
Сағат саны: 3
-
Табиғатты қорғау
6.6.3.1 — өз аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау
6.6.3.2 — экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
Сағат саны: 3
Бөлім 6.4В — Әлемді өзгертетін жаңалықтар
-
Әлемді өзгерткен жаңалықтар
6.7.1.1 — әлемді өзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау
6.7.1.2 — жаратылыстану ғылымдарының дамуына қазақстандық ғалымдардың үлесін талқылау
Сағат саны: 2
-
Болашақ жаңалықтары
6.7.1.3 — ғылыми зерттеу бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау
Сағат саны: 1
-
Қорытынды бағалау
Сағат саны: 2
Жылдық қорытынды
- Аптасына
- 2 сағат
- Жылына
- 68 сағат
- Тоқсан саны
- 4