Тәңкі өзі турасында

Тәңкі би Қаржауұлы — Тәңкі шешен

Тәңкі би Қаржауұлы (ел ішінде кеңінен белгілі аты — Тәңкі шешен) шамамен 1763–1765 жылдары дүниеге келіп, 1830 жылы Кіші (Арал) Қарақұм өңірінде қайтыс болған деседі. Оның болмысында батырлықтан гөрі шешендік, сөзге ұста би ретіндегі қасиет айқынырақ көрінеді. Сондықтан да халық жадында ол бүгінге дейін «Тәңкі шешен» атымен сақталған.

Шыққан тегі туралы

Ел шежіресінде Тәңкінің арғы бабалары Сарғасқа руының Метейі тармағымен байланыстырылып айтылады. Бұл дерек ауызша тарихта ғана емес, белгілі ақындардың шығармаларында да ұшырасады.

Ақын сөзімен айғақталған тұлға

Көрнекті ақындардың бірі Молдахмет Дабылов өзінің шежіре-дастанында Тәңкінің билікке бейімділігін, дауда сөзден тосылмайтын табиғатын ерекше атап өтеді:

«…Метейден Тәңкі шешен сайрап туды,
Билікті талай дауда алған жығып…»

Молдахмет Дабылов, шежіре-дастанынан