Шұғынық гүл төркіні

Өмірбаяны

Жақыпбаев Жұматай (1945—1990) Алматы облысы, Талдықорған ауданындағы Ешкіөлмес ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын кітапхана меңгерушісі қызметінен бастаған.

Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газетінде, облыстық радиода және «Жалын» альманахында поэзия бөлімінің редакторы болып қызмет атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған.

Есте қалдыру

Алматы қаласындағы көшелердің біріне ақынның есімі берілген.