Қорытынды сөз

Армысыздар, ардақты азаматтар! Отбасының тірегі — ер-азамат, елді бастар — ер-азамат. Құтты болсын мереке баршаңызға! Бақ-береке әкелсін әр отбасыға!

Халқымызда: «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыс тілейміз.

Бүгінгі 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

Ізгі тілектер

Ағалар — біздің кең арқау, асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды, ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.

Еңбектерің жемісті, биік шың боп,
Шапағатты шуақ — нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Кеш барысы

Ән: «Гүлдерайым».

Мерекелік бағдарлама

Бүгінгі мерекелік кештің сөз кезегін лицей директоры Е. Алиевке береміз.

Кешіміз 5 топқа бөлінген қыз-келіншектеріміздің ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін көрсетумен жалғасады. Сонымен қатар әр топ өздері дайындаған ойындарын ойнатады.

Ұстаз — ер-азаматқа құрмет

Меңгертетін, бейімдейтін мамандыққа,
Үйрететін жақсылық, адалдыққа.
Балғын жасты баулитын болашаққа —
Зор құрмет, ұстаз — ер-азаматқа!

Бүгінгі сый-құрмет — тек сіздерге арналады.

Топтардың мерекелік тартуы

1-топ (1-стол)

1-стол басындағы қыз-келіншектердің дайындаған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

  1. Ерекше тілек
  2. Өнер көрсету
  3. Ойын ұйымдастыру

Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,
Билейді, ойнап-күліп, ән салады.

2-топ (2-стол)

Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да. Сондықтан халқымыз ер-азаматты жердің қорғаны, елдің тұтқасы деп ерекше ардақтаған.

Мұхтар Шахановтан

«Жердің аман тұрғандығы —
Сол намысқой еркектердің арқасы...»

«Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін —
Еркектердің даңқы артсын!»

Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымыз! Жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!

3-топ (3-стол)

Келесі кезекті 3-столдағы қыз-келіншектердің игі тілектеріне берейік.

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,
Жүректегі жалын отын сақтаймыз.
Олар қате істер істеп жатса да,
Бетке шауып, онысын да айтпаймыз.

Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,
Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.
Кешке таман кеш келіп жатса да,
Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.

Осы қыздар неге солай жасаймыз?
Көбін олар, азын біздер асаймыз.
Ұл туса — той жасаймыз дүркіреп,
Ал қыз туса — кейде ренжи бастаймыз.

Ішіп келсе, сорпасын да дайындап,
Ақырын сөйлеп, сөзімізді пайымдап,
Жігіттердің көңіліне жағам деп,
Кетеміз ғой шаршы жерге қайыңдап.

Жұмысына кедергі де болмаймыз,
Ұялыдан іздеп, маза алмаймыз.
Шаршап келсе алдынан шығып тағы да,
Есі жоқтай өтірік күліп, алдаймыз.

Ер-азаматтар, аман болыңыздар!

4-топ (4-стол)

Ән.

Тәрбие мәні бар әңгіме

Ерте кезде жаугершілік жиі болған шақта, қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.

— Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің айырбасқа берер малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол — өз өмірім. Досымды босатыңдар, — дейді.

Қолбасы оны сынамақ болып: — Жарайды, сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол — сенің көзің. Екі көзіңді ойып аламын! — дейді.

— Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат, — дейді жігіт.

Сөйтіп, жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: — Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, — деп түйіпті.

Біз сіздерге осы достардың достығындай достықты, ауызбіршілікті, адалдықты тілейміз.

5-топ (5-стол)

5-стол басындағы қыз-келіншектердің мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

Француздар: «Әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады», — дейді екен.

Әйелді қадірлей білетін, түсіне алатын, сүйе алатын, кішкентай кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!

Бата беру

Ізгі тілек пен дұға жасалатын сәт.

Қорытынды сөз

Мерекелік кештің түйіні мен алғыс.

Ескерту

Санат: Қазақша сценарийлер жинағы. Дереккөз ретінде көрсетілген сілтеме бастапқы мәтінде берілген. Құқық белгісі (©) бастапқы нұсқада сақталған.