Қазақ отбасындағы орны ерекше әрі қадірлі

Әженің орны мен қадірі

Әже — баланың әкесінің шешесі, туыстық қатынасты білдіретін атау. Қазақ отбасында әженің орны ерекше әрі қадірлі.

Әже — отбасының ғана емес, тұтас әулеттің де ұйытқысы. Ол ағайын-абысынның бірлігі мен татулығын сақтайтын сыйлы ана, кейінгі ұрпаққа тәрбие беретін тәлімгер әрі ақылгөй.

Дәстүрдегі мәні

Қазақ қоғамында жиі кездесетін дәстүр бойынша жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесінің бауырына салады. Бұл — ұрпақ сабақтастығын бекітіп, отбасы ішіндегі мейірім мен жауапкершілікті нығайтатын өнегелі жол.

Менің әжем

Мен де әжемнің тәрбиесінде өсіп келемін. Әжемді өте жақсы көремін. Себебі ол мені қыдыртып, тәттілер әперіп, әрдайым көңілімді көтереді.

Айналайын әжешім,
Ақылы асқан данасың.
Немере үшін не керек —
Бәрін тауып бересің.