Әткеншектер көздің жауын алатындай айнала
Павлодардың көдесін текке таптаман,
Базар кезіп Гробнодан Тысаға аттанам.
Келген жұртты алдау үшін ойнадым,
Уыс толы олжа таппай қоймадым.
Әткеншектер көздің жауын алатындай айнала
Көңіліңді аулар еді жай ғана,
Қырдан келген табындардың ішінен
Аузын ашып ат таңдадым тісінен,
Аумалы бақ мағандағы бұйырды.
Ат алдым базардан аңдарсың күйімді,
Қалдырмас ол мені, сірә, алыс-жақын жолда ол.
Атыластай құлпырған қара түсті сәйгүлік енді
Маған жолдас ол.
Булы көбік үстін жапқан сапардан соң салқындаған,
Жуан тамыр жұқа тері астында тыным таппай солқылдар.
Жанарымды қадаған ем терең өткір от ойнаған көзіне,
Алаулаған қыр оттары елестеді көзіме.
Папахаңды жерге ұр да қара да тұр қағып сәтке таңдайды,
Жел желпіген жібектейін қара жолы қандай-ды.
Қожасымен іштік, жедік қысыр сөзден ауызымыз көпіріп,
Әткеншекті құйындатып тептік дерсің лепіріп.
Хош бол, қожа, алдымыздан аңқиды иісі жусанның,
Таңдай кеуіп алыс жолда қатты шаршап сусадым.
Шықты неше қарсы алдымнан құм дағы,
Ұйтқи соққан бұрқасыны жеңіспенен ұрыстардың мұндағы.
Гробниден Тысаға дейін сайды, баурайды,
Батқан күннің сәулесі матадан червон аумайды.
Бірінші мен атты әскердің аттарының тиген табаны
Ақша бұлттар бізге алыстан аққу боп қанат қағады.
ПАВЕЛ ВАСИЛЬЕВ
Қазақ тіліне аударған: Сүлеймен Баязитов
Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
Мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары және жер телімдерін безендіруге қойылатын талаптар
Атлантида ол қандай болған?
Қазақ халқының материалдық мәдениетінің белгілері
Архитектура, сәулет өнері
Конструктивтік шешімдер
Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен
Бағзыдан жеткен баба жыр
Тұлғалық қатынастардың бұзылуымен байланысты емес қорқыныштарды реттеу әдістері
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
АЙНАЛАЙЫН
Айналайын балам
Майдандағы жауынгерлеріміз оқысын
Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар
Лимфа түйінінің іріңдеп, инфекцияның айналадағы клеткаға таралуы
Айнала аппақ қар. Даланың табиғаты тып - тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде
Марғасқа жырау (туған және өлген жылдары белгісіз) (XVII ғ. ) - ақын, жауынгерлік рухтағы жырларды шығарушы, қазақ поэзиясындағы көне дәстүрді жалғастырушы
Айнала аппақ қар
Айналайын жиырмада
Михаил Терентьевич Харин (1923 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы Зырянов ауданы Снегирево селосы) - 2 - дүниежүзілік соғысқа қатысушы, қатардағы жауынгер, барлаушы, топ командирі