Аса қажетболғанда - гармондар

Гипотрофия

Гипотрофия көбіне жүре пайда болады. Оның негізгі себептері анасының соматикалық және гинекологиялық аурулары, ата-анасының зиянды әдеттері (алкоголь, темекі), сондай-ақ өндірістік зияндылықтар болуы мүмкін.

Жүре пайда болған гипотрофияның негізгі себептері

  • Алиментарлық фактор: баланы дұрыс тамақтандырмау (мөлшерден аз беру немесе тағам сапасының төмен болуы).
  • Инфекциялық фактор: баланың жиі ауыруы, әсіресе ас қорыту жүйесі ауруларында.
  • Күтімнің жеткіліксіздігі: гигиенаның, режимнің бұзылуы.
  • Тұқымқуалаушылық бейімділік.

Клиникасы

Денe салмағының төмендеу дәрежесіне қарай гипотрофияның үш дәрежесі ажыратылады.

I дәрежесі

Салмақ тапшылығы: 10–20%.

Теріасты май қабаты: іш аймағында сәл азайған.

Тәбет: көбіне сақталған.

Тері: сәл бозғылт, серпімділігі төмен.

Психикалық даму: жасына сәйкес.

Бұл дәрежені байқау қиын болуы мүмкін, сондықтан кейде уақытында емделмей қалады.

II дәрежесі

Салмақ тапшылығы: 20–30%.

Теріасты май қабаты: іште және аяқ-қолда айқын азайған.

Тәбет: төмендеген.

Тері: бозғылт, құрғақ; серпімділігі төмен.

Иммундық қорғаныс: әлсіреген.

Психикалық даму: қалыс қалған.

III дәрежесі

Салмақ тапшылығы: 30%-тен жоғары.

Бойының төмендігі: нормадан 4–5 см кем болуы мүмкін.

Теріасты май қабаты: денеде жоқ, бетте айқын азайған.

Тері: бозғылт, құрғақ, қабыршықтанған; серпімділігі күрт төмендеген.

Психикалық даму: айқын артта қалған.

Емі және күтімі

Жалпы қағидалар

  • Себебін анықтау және жою: алиментарлық, инфекциялық және күтімге қатысты факторларды түзету.
  • Күн тәртібін реттеу: ұйқы, серуен, тамақтану режимін тұрақтандыру.
  • Гигиеналық күтім: тері мен шырышты қабықтарды күту, киім мен төсек-орынды таза ұстау, бөлме тазалығын сақтау.
  • Негізгі ем: диетотерапия.

Қай жерде емделеді?

I дәрежесі көбіне емханада (амбулаторлық) емделеді.

II және III дәрежелері әдетте ауруханада емдеуді қажет етеді.

Диетотерапия (I дәрежесінде)

Тағам мөлшері баланың тиісті дене салмағына есептеледі.

Салмақ қосуы жеткіліксіз болса, ана сүтіне немесе бейімделген қоспаға езілген сүзбе, қант, кілегей қосу қарастырылады.

II–III дәрежесінде тамақтандырудың 3 фазасы

  1. 1-фаза (алғашқы 7–8 күн)

    Тамақты біртіндеп береді: мөлшердің 1/3 немесе 1/2 бөлігі.

  2. 2-фаза (келесі 7–8 күн)

    Жағдайы жақсарса, жасына сай тамақ мөлшеріне көшіріледі.

  3. 3-фаза

    Тағам құндылығы тиісті нормадан 15–30% арттырылады.

Қосымша ем

  • Массаж және емдік гимнастика.
  • Витаминдер кешені.

Ферменттік қолдау

Ас қорыту сөлдерінің ферменттік белсенділігін арттыру үшін дәрігер көрсетімімен пепсин, тұз қышқылы (1%), асқазан сөлі, панкреатин, фестал сияқты препараттар тағайындалуы мүмкін.

Тәбетті ынталандыру

Тәбетті ашу үшін дәрігер кеңесімен апилак (суппозиторий түрінде) және С, В1, В2, A витаминдері қолданылуы мүмкін.

Қажет болған жағдайда ғана және тек маман бақылауымен гормондық препараттар қарастырылады.

Ем нәтижелілігінің критерийлері

  • Баланың эмоционалдық тонусының жақсаруы.
  • Дене дамуының қалыпқа келуі.
  • Гемоглобин көрсеткіштерінің жақсаруы.
  • Терінің қызғылт түсі мен серпімділігінің қалпына келуі.
  • Ішкі ағзалар тарапынан айқын патологиялық өзгерістердің болмауы.

Диспансерлік бақылау

  • Бастапқы кезеңде аптасына 1 рет, кейін 2 аптада 1 рет бақылау жүргізіледі.
  • Қалыпты салмаққа есептеп, тағам мөлшері түзетіледі.
  • Витаминдер және ферменттік ем жалғастырылады.
  • Емханада массаж, гимнастика жасалып, ультракүлгін сәулемен емдеу қолданылуы мүмкін.

Аурудың алдын алу

Тамақтандыру және режим

  • Мүмкін болса, табиғи тамақтандыру.
  • Шырындар мен қосымша тағамдарды уақтылы енгізу.
  • Күн тәртібін дұрыс сақтау.

Инфекциядан қорғау және ағарту

  • Жұқпалы аурулардың алдын алу, баланы жиі ауырудан сақтау.
  • Ата-аналармен санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.