Б. Атыханұлы атындағы 36 гимназия
Ыбраи Сымбат, 8-сынып • Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Жетекшісі: Қожаниязова З.
Ұстаздықтың орны бөлек
Жер бетінде мыңдаған мамандық бар. Солардың ішінде ұстаздықтың жөні бөлек. Менің ойымша, ең қиын әрі күрделі мамандықтардың бірі — осы. Өйткені қандай мамандық иесі болса да, бәрі алдымен ұстазынан үйреніп, білім алады.
Ұстаз — ой-сананы қалыптастырып, тәлім-тәрбие мен білім беретін тұлға.
Сондықтан ұстаздар қауымына әрдайым құрметпен қарауымыз керек.
Ыбырай Алтынсарин — алғашқы ұстаздардың бірі
Қазақ даласында алғаш ұстаз атанған тұлғалардың бірі — Ыбырай Алтынсарин. Ол балаларды: «Кел, балалар, оқылық!» деп оқуға, білім алуға шақырды. Бұл жолдар бүгінде көптеген мектептердің маңдайшаларында жазулы тұр.
Өлең жолдары:
Мектебің, мынау класың!
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың!
Мектептің алғашқы қадамы және ұстаздың еңбегі
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған сәттен бастап қолымызға қалам ұстатып, әріп танытып, сандарды санатып, жазуға үйрететін — біздің аяулы ұстаздарымыз. Олар түрлі өлеңдерді жаттатып, білімге деген қызығушылығымызды оятады.
Ұстаздардың еңбегімен біз жыл сайын сыныптан сыныпқа көшеміз: жаңа пәндер қосылады, жаңа оқулықтармен танысамыз, жаңа мұғалімдерден тәлім аламыз. Осылайша біліміміз кеңейіп, ойымыз өседі.
Қоштасу және үлкен өмірге қадам
Әр оқушы 11-сыныпқа келгенде, мектеппен қимай қоштасады. Мектеп бітіруші түлек атанған соң, арманының соңынан еріп, өзі таңдаған мамандығына сай жоғары оқу орнына түсуді мақсат етеді.
Негізгі ой
Біздің болашақта қандай тұлға болып қалыптасуымызға ұстаздың қосар үлесі орасан.
Ұстаздардың еңбегін сөзбен айтып жеткізу қиын. Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын саналы ұрпақ тәрбиелеп жүрген ұстаздарға мың алғыс!
Санат: KZ портал — Қазақша рефераттар жинағы