Энциклопедиялық анықтамалық

Талғат Кеңесбаев

Талғат Кеңесбаев (1961 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Сарыжал ауылы) — жазушы.

Білімі

1992 жылы Семей педагогикалық институтын бітірген.

Шығармашылық жолы

  • Алғашқы шығармалары 1980 жылдары баспасөз беттерінде жарық көрді.

  • 1988 жылы республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанды.

  • Тұңғыш кітабы «Француз әтірінің иісі» 1990 жылы жарық көрді.

Пайдаланылған әдебиет

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: Аруна Ltd. ЖШС, 2010.

ISBN: 9965-26-096-6