Тарих халықтың кешкен өмірі, пешенелі тағдырының тасқа басылған айғағы және өлмес тірі шежіресі

Кіріспе

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Механика-математика факультеті. Қошқарбаев Нұрбол, Елемес Толқынай.

Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өз даму жолын таба білген ел. Бүгінде Қазақстан — мүмкіндіктері зор мемлекет қана емес, сол мүмкіндіктерді нақты жүзеге асырып отырған ел.

Ең жаңа тарихтың басталуы

Қазақстан Республикасы — бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқы өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихтың басталуы. Халқымыз бұған дейін де талай өтпелі дәуірді бастан кешірді.

Алдағы міндет — өткенімізден ақпарат беретін деректерді іздеп табу, жинау, жүйелеу және сақтау арқылы тарихымызды жазу. Бұл — қазақ тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі.

Шежіре және тарихи жады

Қазақтың шежірелік зердесінде тарих көбіне жеке тұлғалардың өмір дерегінен немесе мәдени-рухани ахуалынан бұрын, ең алдымен адам туралы мәлімет беруді басты нысана етеді. Шежіре — ру тарихы, ұлтымыздың ажырамас бөлшегі.

Шежіре нені баяндайды?

  • Ата-бабаларымыздың терең тарихтағы хал-жағдайын;
  • мәдениеті мен тұрмысын;
  • шаруашылық жүргізу тәсілдерін;
  • өсіп-өну, көші-қон, қауымдық байланыстарды;
  • көрші елдермен қарым-қатынасты.

Тектілік танымы және азаматтық жауапкершілік

Барша қазақ халқын алып бәйтерек десек, үш жүзге кіретін және кірмейтін рулар — оның бұтақтары. Сондықтан өзін парасатты санайтын әрбір қазақ азаматы өніп-өскен ортасын және шыққан тегін айқын білуі қажет.

«Жігітке бақытта оңай, дәулетте оңай, болса егер қабырғасы халқы оның».
Әбубәкір Кердері

Тәуелсіздік тарихын жазу — уақыт талабы

Тарих — халықтың кешкен ғұмыры, маңдайға жазылған тағдырдың айғағы әрі өлмес, тірі шежіре. Қазіргі қарқынды өмір ағынында уақыт пен кеңістік көзді ашып-жұмғандай алмасып жатқандай көрінеді. Осындай кезеңде көкірегімізге хатталып, санамызда өшпестей із қалдырған Тәуелсіздік тарихын жүйелі түрде жазудың да өз кезегі келгендей.