Құстардың кейбірі адамға дос
Ғ. Ақтаев атындағы №6 орта мектеп
1 «А» сынып оқушысы: Айтбенбет Темірлан
Жетекшісі: Табылдина Бағлан
Құстар — табиғаттың керемет тіршілік иелері
Құстар — табиғаттың ерекше жаратылысы, әрі біздің жақын достарымыз. Анам үнемі: «Құстарға қамқор болып, оларды қорғау керек», — деп айтып отырады. Расында да, құстар табиғатқа сән береді, олардың үні де, қимылы да өзгеше әсем.
Табиғатқа сән, көңілге қуаныш
Құстардың әуені ерекше, түр-түсі көркем. Олар табиғатқа ажар беріп, адамның көңілін көтереді.
Көшіп-қону — табиғат заңдылығы
Кейбір құстар күн суытқанда жылы жаққа ұшып кетеді, ал күн жылынғанда қайта оралады. Бұл — табиғаттың өз тәртібі.
Адамға жақын құстар
Құстардың кейбірі адамға өте жақын. Солардың бірі — қарлығаш. Ол ұясын көбіне аула маңына салады, адамдарға жақсылық ойлайтын құс деп есептеледі. Қараторғай да сүйкімді, кішкентай құс. Ал аққу маған ерекше ұнайды: ол өте әдемі, киелі құс деп айтылады. Сондықтан аққуды атуға болмайды.
Маңызды ереже
- Құстарға жем шашып, қамқорлық жасайық.
- Ұяларын бұзбайық, жұмыртқаларын жарудан аулақ болайық.
- Құстарды қорғап, ерекше құрметпен қарайық.
Достар, құстарға жанашыр болайық! Өйткені құстар — біздің досымыз.