Құрсақ - құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан түрады
Абдомен
Абдомен (лат. abdomen — «құрсақ») — дененің құрсақ бөлігі. Құрсақ құрсақ қабырғасынан және ішкі ағзалар орналасқан құрсақ қуысынан тұрады.
Құрсақ қабырғасының қабаттары
Құрсақ қабырғасы сырттан ішке қарай төмендегі қабаттардан тұрады:
-
1Тері.
-
2Теріасты қабат және бұлшықеттерді қаптайтын беткей шандырдың (фасцияның) екі қабаты.
-
3Құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті.
-
4Құрсақтың тік бұлшықеті — адамда құрсақтың алдыңғы бетінде, ал жануарларда құрсақтың төменгі жағында орналасады.
-
5Құрсақтың ішкі қиғаш бұлшықеті.
-
6Құрсақтың көлденең бұлшықеті.
-
7Көлденең құрсақ шандыры.
-
8Ішперде (сірлі қабық).