Септеулік шылаулар
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Мұғалім
Қызылорда облысы, Арал ауданы, №61 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі пәні мұғалімі — Жиенбаев Жарас Тұрғанбайұлы.
Сабақ тақырыбы
Септеулік шылаулар
Түрі мен типі
- Сабақ түрі: аралас
- Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Әдістері мен ресурстары
- Әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, жарыс
- Көрнекіліктер: септеулік шылауға қатысты кесте, үлестірме парақтар, арқан
- Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Септеулік шылау туралы білімді кеңейту; теориялық білімді практикалық тұрғыда қолдануға бағыттау.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін дамыту; өз бетінше жұмыс істеуге және шығармашылық қабілетті қалыптастыруға ықпал ету.
Тәрбиелік
Адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру арқылы оқушының танымдық белсенділігін арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Оқушылармен сәлемдесу.
- 2 Кезекші есебін тыңдау, оқушыларды түгелдеу.
- 3 Сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу.
- 4 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
- 5 Оқушыларды екі топқа бөліп, топ басшыларына бағалау парағын тарату.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Үй тапсырмасы үлестірме парақтар арқылы тексеріледі. Әр парақта теориялық сұрақ және мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына тиісті шылауды қою тапсырмасы беріледі.
№1
- 1) Шылау дегеніміз не? Мысал келтір.
- 2) Мақал: «Ер жігіт ел … туады, ел … өледі» (тиісті шылауды қой).
№2
- 1) Шылаудың неше түрі бар? Атап шық.
- 2) Мақал: «Әлі келген алып … жығады, шалып … жығады» (тиісті шылауды қой).
№3
- 1) Шылаудың дербес мағынасы бола ма?
- 2) Мақал: «Өз басыңды дауға берсең … , жолдасыңды жауға берме» (тиісті шылауды қой).
№4
- 1) Шылаулар сөйлем ішінде сөйлем мүшесі бола ала ма?
- 2) Мақал: «Еріншек түске … ұйықтайды, кешке … есінейді» (тиісті шылауды қой).
№5
- 1) Шылау түрлене ме?
- 2) Мақал: «Борсық ұрған … семіреді» (тиісті шылауды қой).
№6
- 1) Шылаулар басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасала ма?
- 2) Мақал: «Жаманның ақылы түстен … кіреді» (тиісті шылауды қой).
№7
- 1) Бір кезде толық лексикалық мағынасы болып, кейін шылау қызметіне ауысқан сөздерге мысал келтір.
- 2) Мақал: «Отан … отқа түс — күймейсің» (тиісті шылауды қой).
№8
- 1) «Шылаулар түрленбейді» дегенді қалай түсінесің?
- 2) Мақал: «Білекті түр … еңбек ет, етекті түр … елге жет» (тиісті шылауды қой).
№9
- 1) Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Атап шық.
- 2) Мақал: «Ердің күйін сұрама, жұрттан сауын сауған … . Малдың жайын сұрама, қонысынан ауған … .» (тиісті шылауды қой).
№10
- 1) Шылау қай сөз табына ұқсайды? Ұқсастықтарын түсіндір.
- 2) Мақал: «Ақыл — дария, алсаң … таусылмайды. Жер — қазына, саусаң … таусылмайды» (тиісті шылауды қой).
Қосымша: қалған оқушылардан үйге берілген жаттығу жұмысы тексеріліп, ауызша сұралады.
III. Жаңа сабақ: септеулік шылаулар
Шылаудың түрлерін жеке-жеке қарастырмас бұрын, септеулік шылауларға тоқталайық.
Мысал
Жаңағы сөзден соң кейбіреулері қуанды.
Септеулік шылаулар — белгілі бір септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп, оған қосымша (мезгілдік, мекендік, шектік, себептік, мақсаттық т.б.) мән үстеп, оны екінші сөзбен сабақтастыра байланыстыратын шылау түрі. Септеулік шылауларды септеуліктер деп те атайды.
Септеуліктердің септік тұлғаларымен тіркесуі
Атау септігі
арқылы, тәрізді, сияқты
Барыс септігі
дейін, шейін, кейін, соң, таман, қарай, жуық, тарта
Шығыс септігі
бері, бұрын, әрі, гөрі
Көмектес септігі
қатар, қабат, қоса, үшін
Ескерту: берілген тізім сабақ мақсатына сай қысқаша үлгі ретінде ұсынылады.
IV. Жаңа сабақты бекіту
Бекіту кезеңі «Арқан тартыс» ойыны арқылы ұйымдастырылады. Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Ойшылдар» және «Тапқырлар».
«Ойшылдар» — 347-жаттығу
Септеулік шылаулардың қай сөз табына тіркесіп, қандай мағына беріп тұрғанын анықтаңдар.
«Тапқырлар» — 348-жаттығу
Септеулік шылауларды тауып, олардың қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын талдаңдар.
V. Шығармашылық жұмыс
I тапсырма — «Ойшылдар»
Септеулік шылауларды қатыстыра отырып, «Еріншектің әлегі» тақырыбына өлең құрастырыңдар.
Ұйқасқа нұсқау
… дейін, … шейін, … босқа, … кейін.
I тапсырма — «Тапқырлар»
Септеулік шылауларды орынды қолданып, «Досым туралы» тақырыбына эссе жазыңдар.
II тапсырма
Мақал-мәтелдердің жалғасын (сыңарын) табыңдар.
- 1) Палуанның жаманы — … . Шалдырған соң өкінер — … .
- 2) Ажал ақымақ үшін алтау, … .
- 3) Жалғыз жүріп жол тапқанша, … .
- 4) Адам болып туған соң, … .
- 5) Көрпеңе қарай, … .
- 6) Жеріне қарай егін ек, … .
- 7) Ақсақ қой, … .
VI. Сабақты қорытындылау
Рефлексия: «Мен нені білдім, нені үйрендім, нені үйренгім келеді?» Оқушылар сызба-парақтарды толтырады.
VII. Үй тапсырмасы
350-жаттығу. Көркем шығармадан әрі, бері, кейін, бұрын сөздерінің бірде шылау, бірде үстеу қызметінде қолданылатын тұстарын тауып, 8 сөйлем жазыңдар.
VIII. Бағалау
Бағалау парақтары жиналып, оқушылардың жұмысы қорытынды баға арқылы бағаланады.