Оқушылар жауабы

Кіріспе

Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Рәміздерім — мақтанышым» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

Оқушылар орындарынан тұрып, Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

Әнұран — ел рухы

Поэтикалық жолдар

Жанғаным:

Батырлықтың уызына жарыған,
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта,
Кім айта алар «болмаған» деп Әнұран.

Түсіндірме

Айжол: «Гимн» сөзі көне грек тілінен аударғанда «ұран», «ұран салу» деген мағынаны білдіреді. Қазақ елінде де ру-тайпалардың таңбасы, жалауы болғандай, елді бірлікке шақыратын ұраны болған. Жау шапқанда сарбаздарды жинау үшін ұран айтылып, елге хабар берілген. Бұл ұран жауынгерлерге рух беріп, ерлікке жұмылдырған.

Сұрақ–жауап

Жүргізуші: Балалар, Қазақстанның Әнұранының әнін және сөзін жазғандар кімдер?

  • Әні: Шәмші Қалдаяқов
  • Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов

Камила: Әнұран — адамға зор рухани әсер беретін күш. Онда халықтың, ұлттың және мемлекеттің бірлік нышаны бар.

Ту — тәуелсіздіктің айғағы

Поэтикалық жолдар

Еркін:

Бәрі болған қараң сынды көне ел —
Белгі де, ерлік өнер де.
Жаһандағы ең жауынгер халықта,
Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?

Тарихи мәні

Жүргізуші: Ерте кезеңдерде ту бейбіт уақытта құрметпен сақталып, көбіне жаугершілік кезде ғана шығарылған. Тудан айырылу — өліммен тең саналған. Қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған қиын кезеңдерде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би орда басында бас қосып, ел бірлігіне ұйысқан. Сол тұста Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан деген дерек айтылады.

Рәміз қабылданған күн

Гүлназ: 1992 жылғы 4 маусым — тарихи күн. Сол күні Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік Туын және Елтаңбасын бекітті.

Жалғас: Тудың ортасында күн, оның астында қалықтап ұшқан қыраналтын түстес.

Елтаңба — ортақ шаңырақ

Поэтикалық жолдар

Аянна:

Бас білдіріп жер тарпитын тарпаңға,
Жасы тұрмақ шығады екен қарт аңға.
Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба.

Сұрақ–жауап

Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының Елтаңбасында нелер бейнеленген?

  • Күн сәулесі
  • Көк аспан
  • Шаңырақ
  • Жұлдыз
  • Қанатты тұлпар
  • Бидай сабақтары

Мағынасы

Көк аспан, күн сәулесі, жұлдыз

Жанғаным: Көк аспан — кеңшіліктің, тыныштық пен биіктіктің белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері сәулетті өмірді аңғартады, ал биіктегі жұлдыз — Отанымыздың жұлдызы жоғарылап, бақыт нұрын шашып тұрғанын білдіреді.

Шаңырақ

Еркін: Елтаңбадағы алтын шаңырақ «Қазақстан — қара шаңырақ» деген қасиетті ұғыммен астасады. Ол шаңырақ астындағы халықтардың бірлігін, ортақ үйдің берекесін бейнелейді.

Қанатты тұлпар

Гүлназ: Қанатты тұлпардың бейнесі қазақ аңыз-ертегілеріндегі еркіндік пен асқақ арман идеясынан алынған. Ол — жеңіске ұмтылу мен рух биіктігінің нышаны.

Бидай сабақтары

Аянна: Бидай сабақтары — молшылықтың белгісі. Ашық аспаны, жарқыраған жұлдызы, биік шаңырағы бар елдің перзенті болу — үлкен жауапкершілік.

Ой түйін

Камила:

Енді бүгін өлген Туым тірілді,
Әнұраным жалғап алды ғұмырды.
Босағада қалып кеткен Елтаңбам,
Баяғыша төріме кеп ілінді.

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Қорытынды

Айжол: Алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің шаңырағынан күн сәулесі тарап, кең даласы ырыс-берекеге толып, тілінің мәртебесі биік болсын!

Жүргізуші:

Қорыта айтқанда, жерімізді, рәміздерімізді және Отанымызды құрметтеуге, патриоттық сезімімізді нығайтуға ұмтылайық. Туған жер — киелі ұғым, оны әр қазақстандық қадірлеп, қастерлеуге міндетті екенін ұмытпайық. «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен мақтанар» дейді халқымыз. Елімізді қорғайтын ер-азаматтар, саналы ұрпақ, тәрбиелі ұл-қыздар көбейе берсін.