Құтты болсын ардақты анам
8 наурызға арналған мерекелік ертеңгілік
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Ақ жаулықты әжелер, асыл да аяулы аналар, ардақты апайлар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі — 8 наурыз, Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін бақшамызда думанды той. Күй күмбірлеп, жырдан шашу шашылсын! Қош келдіңіздер, қадірлі халайық — көңіл сергітер сәтке куә болыңыздар.
«Көктем аруы» байқауына қош келдіңіздер
Құрметті қонақтар, «Көктем аруы» атты байқауға қош келдіңіздер! Аруларымызды ортаға шақырмас бұрын, әділқазылар алқасының міндетін таныстырайық: әр қатысушының сұраққа жауабы, тапсырманы орындауы, киім үлгісі мен өнері жеке-жеке бағаланады.
Байқау 4 турдан тұрады
- 1 «Сәлем — сөздің анасы» (өзін-өзі таныстыру)
- 2 «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)
- 3 «Жүйрік болсаң, тауып көр» (сұрақ-жауап)
- 4 «Сұлулықтың сыры» (сән үлгісі)
I тур: «Сәлем — сөздің анасы»
Тәрбиеші:
Қайсысы әнші, кім биші —
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім жылдам —
Таланттарын табайық.
Жүргізуші:
Әдеппен де, ізетпен де танысуға тайсалмай, сахнаға қыздар шықты. Олай болса, өзін-өзі таныстыру сайысын бастаймыз.
Тәрбиеші:
8 наурыз күнін
Мерекелейді аналар.
Аналардың шаттығын
Құттықтайды балалар.
Мейіржан
Құтты болсын, ардақты анам,
Асыл анам, мерекең!
Құтты болсын, теңдік алған
Қуанышты мерекең!
Санжар
Мұрат, мүдде, мақсатым —
Жақсы күн мен жақсы түн.
Нағыз бақыт — ананың
Ақтау дер ем ақ сүтін.
Данияр
Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы, анашым!
Али
Менің әжем — бұл әже,
Айтқан сөзі дәл әжем.
Аман болса, көреді
Қызығымды әлі әжем.
Мұхамет
Баланың да тірегі,
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Данил
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын, анашым!
Әділқазылар бағасын шығарған соң, байқаудың келесі кезеңіне өтеміз.
II тур: «Өнерлі өрге жүзер»
Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін ортаға салады. Ән, би, көрініс немесе өзге де шығармашылық нөмірлер арқылы қатысушылардың шеберлігі бағаланады.
III тур: «Жүйрік болсаң, тауып көр»
Тәрбиеші: Сайыскерлер, сұраққа дайынсыздар ма? Қазіргі заманғы ару — заман талабына сай білімді болуы керек. Сондықтан келесі бөліміміз «Жүйрік болсаң, тауып көр» деп аталады.
1-сайыскер
- Біздің елордамыз қалай аталады? (Астана қаласы)
- Бір аптада неше күн бар? (жеті күн)
- Орыс тілінде «әже» қалай аталады? (бабушка)
2-сайыскер
- Адамда қанша көз бар? (екі)
- Қыс, жаз, күз, көктемді бір сөзбен қалай атаймыз? (жыл мезгілдері)
- Орыс тілінде «нан» қалай аталады? (хлеб)
3-сайыскер
- Қазақстан Республикасының Президентін ата. (Н.Ә. Назарбаев)
- Аспанда қанша күн бар? (1)
- Орыс тілінде «көктем» қалай аталады? (весна)
4-сайыскер
- Біздің Отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)
- Қызанақ, қияр, картоп — жеміс пе, әлде көкөніс пе? (көкөністер)
- Орыс тілінде «құстар» қалай аталады? (птицы)
5-сайыскер
- Кемпірқосақта қанша түс бар? (жеті түс)
- Кесе, табақ, шәйнек, қазан — бір сөзбен қалай аталады? (ыдыстар)
- Орыс тілінде «ата» қалай аталады? (дедушка)
6-сайыскер
- Қазақстан Республикасының рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
- Бағдаршамда қанша көз бар? (үш)
- Орыс тілінде «қол» қалай аталады? (рука)
Байқауға қатысушы қыздар сұрақтарға жауап береді. Әділқазылар бағасы дайын болғанша, ортамызға өнерпаз жігіттерімізді шақырамыз.
Бүгін бәрі ерекше: бишілердің өнері көп. Ұлдарымыз орыс биін билеп, мерекелік көңіл-күйді арттыра түседі.
Көрермендермен ойын
«Мереке», «ана», «балабақша» сөздерін қатыстырып, жүрекжарды тілек айту.
IV тур: «Сұлулықтың сыры»
Жүргізуші: «Көйлек киіп әдемі, тамсандырам елімді. Түрлі-түсті сән көйлек көз тартады не керек», — демекші, келесі кезекте «Сұлулықтың сыры» тақырыбындағы сән үлгісін тамашалаңыздар.
Қатысушылар көктем–жаз маусымына арналған киім үлгілерін көрсетеді.
Алдарыңызда балдырған тобының орындауында «Айналайын, ана» әні шырқалады.
Қорытынды және марапаттау
Келесі сөз кезегі — әділқазылар алқасына. Байқауға қатысқан аруларға төмендегі номинациялар бойынша жүлделер табысталады:
Номинациялар
- «Өнерлі қыз»
- «Мың бұралған биші»
- «Әдемі қыз»
- «Ақылды қыз»
- «Сүйкімді қыз»
- «Бас жүлде иегері — ару»
Жүргізушінің тілегі
Аналар, бақыт аралында қалықтап жүріңіздер, жанарларыңызға мұң қонбасын. Осымен ертеңгілігімізді аяқтаймыз: гүл бітсін бәріміздің қадамымызға!
Ардақты аналар, апалар! Мерекелеріңіз құтты болсын!