Директор мырза сөзін жалғастырып
Сенімнің күші: бір мектептегі тосын сабақ
Сан-Франциско қаласында бір мектепте ерекше оқиға болады. Мектеп директоры үш мұғалімді кабинетіне шақырып: «Сіздер — осы мектептің ең таңдаулы, ең үздік, ең шығармашыл ұстаздарсыздар» деп, үлкен жауапкершілік жүктейді.
Жауапкершілік жүктелген тапсырма
Директор мұғалімдерге келесі оқу жылына дейін мектептің «ең үздік, ең ақылды» делінген 90 оқушысын тиянақты оқытып, білімін шыңдауды тапсырады. Олардың білмегенін үйретіп, есептеу амалдарын жылдам орындауға дағдыландырып, өз мүмкіндігін толық ашатынына сенім білдіреді.
Мұғалімдер де, оқушылар да, ата-аналар да бұл ұсынысты қуана қабылдайды. Осылайша оқу жылы үлкен жігермен басталып, нәтиже де соған сай болады: жыл соңында аталған оқушылар қаладағы өзге мектептердің көрсеткіштерінен озып, оқу үлгерімі мен білім сапасы бойынша ең жоғары нәтижелерге қол жеткізеді.
Күтпеген шындық
Оқу жылы аяқталған соң директор әлгі үш мұғалімді қайта шақырып: «Алғысым шексіз» дей отырып, таңғаларлық бір жайтты мойындайды:
«Сіздерге “ең ақылды, ең үздік” деп тапсырған 90 оқушы — кездейсоқ таңдалған, орташа деңгейдегі балалар еді».
Мұғалімдер абдырап қалады. Естігеніне сенер-сенбесін білмейді. Бірақ бір нәрсе айқындалады: кез келген оқушыға сенім артып, ерекше көңіл бөліп, жүйелі талап қойса, нәтиже болуы әбден мүмкін.
Тағы бір мойындау
Директор сөзін жалғастырып, екінші бір шындықты айтады: «Сіздер де бұл мектептің ең үздік шығармашыл мұғалімдері емес едіңіздер». Ол мұғалімдердің есімдерін ұстаздар арасында жеребе арқылы таңдап алғанын түсіндіреді.
Сонда директор қорытынды жасайды: мұғалімдер өздерін «үздікпін» деп сенгендіктен, сол сенім олардың еңбегін ұштап, керемет нәтижеге жеткізген.