Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент муғалімдер институтын бітіріп, Бұхара облысында мұғалім, мектеп директоры қызметтерін атқарған
Файзулла Юлдашев
15.09.1912, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы — қайтыс болған жылы белгісіз
Файзулла Юлдашев — Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант. Ұлты — өзбек.
Самарқанд педагогикалық техникумын және Ташкент мұғалімдер институтын бітірген. Соғысқа дейін Бұхара облысында мұғалім, кейін мектеп директоры қызметтерін атқарған.
1942 жылғы маусымда Кеңес әскері қатарына шақырылды. Сол жылдың қазан айынан бастап Воронеж майданына қарасты 38-армияның 180-атқыштар дивизиясы, 42-атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты.
Днепрден өту және ерлік
1943 жылғы 27 қыркүйекте аға сержант Юлдашев алғашқы десантшылар құрамында Киев облысы, Вышгород ауданы, Новые Петровцы ауылы маңында Днепрдің оң жағалауына өтті.
Қолма-қол ұрыста басып алынған плацдармды ұстап қалу үшін өз бөлімшесімен бірге қаһармандықпен шайқасты.
Осы ұрыстағы ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.10.1943).
Соғыстан кейінгі қызметі
1944 жылы кіші лейтенанттар курсын бітірді. 1945 жылы запасқа шығарылды. 1948 жылы Өзбекстан Коммунистік партиясының жоғары мектебін аяқтады.
1980–1990 жылдары Өзбекстанның Наманган облысы, Наманган ауданы, Ирвадан ауылында тұрды. Құрметті демалысқа шыққанға дейін орта мектеп директоры қызметін атқарды.
Ирвадан ауылында жерленген.