Internet- тің жетітіктері

Internet-тің жетістіктері

Internet технологиясы үнемі және жылдам өзгеріп отырады. Internet-пен жұмыс істеу жеңілдеген сайын, негізгі өзгеріс торапты кім және қандай мақсатпен қолданатынында байқалады. Көпшілікті жиі мазалайтын сұрақ: «Web-тен маған керекті ақпаратты таба аламын ба?»

Сол себепті бір жаққа телефон соқпас бұрын немесе кітапханаға бармас бұрын, адамдар алдымен Web арқылы ақпарат іздейді.

Негізгі идея

Web — ақпаратқа тез қол жеткізудің, адамдарды табудың, зерттеудің және қызметтерді салыстырудың тиімді ортасы.

Адамдарды іздеу

Егер қажетті адамның қайда екенін білмесеңіз, оны қазіргі уақытта кез келген жерден табуға мүмкіндік бар. Бұл үшін қызмет каталогтарын немесе телефон кітапшаларын қолдануға болады.

Компанияларды, өнімдерді және қызметтерді табу

«Сары парақ» (Yellow Page) сияқты каталог қызметтері қызықтыратын саладағы компанияларды табуға көмектеседі. Адресті жылдам табу үшін аймаққа сәйкес кодты енгізуге болады. Осылайша қолыңыз жетпей жүрген тауарды немесе қызметті де оңай анықтайсыз.

Зерттеу

Бұрын кейбір заң кеңселері қажетті ақпарат үшін сағатына $8600 төлеуге мәжбүр болса, қазір оны Internet арқылы әлдеқайда төмен бағамен алады. Жылжымайтын мүлік компаниялары бағалауға қажет демографиялық деректерді пайдаланады. Ғалымдар соңғы зерттеу нәтижелерімен алмасады, ал кәсіпкерлер болашақ нарықтарды зерделейді.

Білім

Мектеп мұғалімдері әлемдегі оқыту бағдарламаларын бақылап отыра алады. Колледж оқытушылары студенттерімен электрондық пошта арқылы байланысып, телефон шығынын үнемдейді. Студенттер курстық жұмыстарын компьютерде орындайды, сондай-ақ диалогтық режимде энциклопедияның соңғы басылымын және басқа да қажетті материалдарды пайдалана алады.

Сапар

Үлкенді-кішілі қалалар, штаттар және тұтас мемлекеттер туралы туристік әрі пайдалы ақпаратты Web-тен табуға болады. Сапар шегушілер ауа райы мәліметтерін, көлік қозғалысының кестесін, мұражайлардың жұмыс уақытын және басқа да анықтамаларды желіден алады.

Маркетинг және сауда

Бағдарламалық қамтамасыз ету өндірушілері желіде өнімдерін сатып, жаңа нұсқаларын ұсынады. Internet арқылы көптеген тауар түрі сатылады: электронды кітаптар, музыкалық таспалар мен жазбалар және басқа да өнімдер. Клиенттер каталогтарды қарап, өзіне қажет ақпаратты жылдам табады.

Денсаулық сақтау

Науқастар мен дәрігерлер медицинадағы соңғы жаңалықтарды біліп отырады, тәжірибе алмасады және күрделі медициналық мәселелерді шешуде бір-біріне көмектеседі.

Инвестиция

Адамдар акция сатып алып, қаржысын тиімді айналымға жібере алады. Кейбір компаниялар өз акцияларын онлайн режимде ұсынады. Нәтижесінде инвесторлар жаңа өнеркәсіптерді қолдайды, ал кәсіпорындар капитал тартады.

Конференциялар мен аукциондарды ұйымдастыру

Ұйымдастырушылар хабарландыру жасау, өтініш қабылдау, қатысушыларды тіркеу сияқты жұмыстарды Web арқылы атқарады. Ақпарат үнемі жаңарып отырады, қағаз шығыны мен тасымалдау шығындары едәуір қысқарады.

Дін және қоғамдық ұйымдар

Діни және басқа да қоғамдық ұйымдар Web-те өздері туралы ақпарат жариялап, адамдарды қауымдастықтарына шақыратын парақшалар жүргізеді.