Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Салтанатты жүргізушілер сөзі
1 жүргізуші: Бар әлемге шын танылдық, міне, біз. Елін сүйген Елбасымыз деп білеміз. Тең аталып, Қазақстан мен Нұрсұлтан егіз ұғымдай қатар айтылады. Күнге беттеп көш жүріп, ел даңқы жаһанға естіліп келеді. Елбасын құрметтейтін ерекше күнде ақ пейілді көпшілік, армысыздар!
2 жүргізуші: Азаттықпен елге қонды тосқан бақ, Қазақ елін мойындауда дос таңдап. Елбасының еңбегімен нұрлана, Қазағымның мерейі тұр аспандап. Елі үшін олжа салып қиырдан, ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. Мерекелеріңіз құтты болсын, Елбасының құрметіне жиылған көпшілік!
Тарихи негіз
1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылдың 1 желтоқсанында алғаш рет Қазақ КСР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім.
Бұл — өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан күнін мемлекеттілік тарихындағы мерейлі күн ретінде бағалауға негіз болады.
2 жүргізуші: Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтті. Бұл — баршамыз үшін қуанышты оқиға болды.
Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлі іс-шараға айналуға лайық екенін шынайы сезіммен атап өткен жөн. Биыл да осы мерекені бірге атап өтпекпіз.
Елі үшін нар жүгін көтеріп, сенімі нық үнінен сезіледі. Дүниедегі дүбірлі сәттерде Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!
Ресми ашылу және гимн
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі — шаттыққа елді бөледі. Тағдыры тарих өрелі, көк тудың желбірегені!
«Көк Ту» әні. Ту ұстаған оқушылар залдың екі жағынан жүріп өтіп, сахнаға келіп тұрады.
Мектеп оқушыларының монтажы
Көрермен назарына мектеп оқушылары дайындаған мерекелік композиция ұсынылады.
Құттықтау сөздер
1 жүргізуші: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай құттықтау сөз аудан әкімі _____________________ мырзаға/ханымға беріледі.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымы атынан беріледі.
Ел тынысын тереңінен танып, кең. Шарапаты бар адамға дарып тең. Елбасының есімі бұл тарихта анық өшпес алтын әріппен қалар.
Жиынды жабу
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.
«Көк Ту» әні.
Ту ұстаушылар сахнадан шығып кетеді.
Марапаттау рәсімі
Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады.
Марапаттау үшін аудан әкімі __________________ және аудандық мәслихат хатшысы ________________ ортаға шақырылады.
Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық, елін сүйген елі үшін жаралып. Сол кісідей болса — болсын әр алып, адамдықтың аласармас үлгісі. Бір өзінен жатқаны шын таралып, бүгін Тұңғыш Президент күніне әсем әнді шырқата бір салалық!
Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концерті ұсынылады.
Арнайы қонақ
Қадірлі көпшілік, мерекенің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен бірге әсем әндерден құралған концерттік бағдарламасын сіздердің алқаларыңызға ұсынғалы отыр. Қош келдіңіздер!
Дереккөз: http:www.1900-p.html ©