Менің анам - менің жүрегім

Ана туралы ой

Ана — баланы жарық дүниеге әкелген қастерлі де аяулы жан. Ана — жұмаққа бастар жол. «Ақ шашты ана: жастығым — балам дейді, ақылды бала: ай-күнім — анам дейді» деген сөздің астарында мәңгілік шындық бар.

Ана мен баланың арасын көзге көрінбейтін тылсым, сырлы жіп жалғап тұрғандай. Әрбір бала үшін өміріндегі ананың рөлі ерекше.

Ана махаббаты — сөзбен өлшенбейтін әлем

Ана махаббатын сөзбен толық жеткізу мүмкін емес сияқты. Жер бетіндегі ең жылы сөздер мен ең ізгі тілектер, меніңше, ең алдымен анаға лайық. Ана алақаны — ақ шынардың саясындай, баласына қорған, жүрегіне медет.

Ана — үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі. Қыз бала өз анасынан тәлім алып, анасына қарап бой түзейді, өмірге көзқарасын қалыптастырады.

Парыз

Ананың ақ сүтін ақтау — әр баланың борышы. Қазақ даналығы ананың еңбегін еш нәрсемен өтей алмайтынымызды еске салады.

Құрмет

Ананы сыйлаған бала кез келген жерде құрметке бөленеді. Анасы бар адам өзін ешқашан жалғыз сезінбейді, рухани тұрғыда жасарып тұрады.

Нәзіктік пен қуаттың бастауы

Әр баланың жүрегіне ең алдымен ананың жылуы қонады. Адамның сұлулығы мен жақсы қасиеттері — түн ұйқысын төрт бөліп, аялап өсірген ананың мейірімінен бастау алады. Ана алақаны — ең ыстық, ең нәзік ұғымдардың бірі.

«Әйел жерден шыққан жоқ, ол да еркектің баласы. Ерлер көктен түскен жоқ, әйел — оның анасы».

— А. Тұрмағанбетов

Ана — жүректің өзегі

Ана көрегендігінің теңдесі жоқ. Мен үшін анам — жүрегімнің ең қымбат үні. Ана — қыз баланың досы, серігі, сырласы, құрбысы.

Тарихтан бір мысал

Ұлжан — Абай Құнанбайұлының анасы. Анасының асыл қасиеттерін бойына сіңіріп өскен Абайдың есімі тарихта мәңгі қалды. Бүгінгі жас ұрпақ та аналарынан жақсы қасиеттерді үйреніп, сол өнегелі жолды жалғауға ұмтылуы керек.

Жүректен шыққан жыр

Нұрын шашқан күнімсің ғой, жан анам,
Бар шуағын баласына арнаған.
Бір өзіңнен қуат алып өмірде,
Сенің салған сара жолды жалғағам!