Досын сүйетін кім

Мақсаты

Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оятып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімді күшейту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.

Көрнекіліктер

  • Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың суреті
  • Мемлекеттік рәміздер
  • Әнұранның фонограммасы
  • Слайд материалдары

Әдіс-тәсілдер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Әнұран орындау
  • Би
  • Қимылды ойын

Шаттық шеңбері

Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасады:

Өлең

Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.

Сұрақ-жауап бөлімі

Жүргізуші сұрақ қояды, балалар жауап береді:

  • Арайлаған таңды сүйетін кім?

  • Алтын сәулені сүйетін кім?

  • Жарқын даланы сүйетін кім?

  • Туған жерді сүйетін кім?

  • Ата-ананы сүйетін кім?

  • Досын сүйетін кім?

  • Еліміздің болашағы кімдер?

Тәуелсіздік және Ата Заң

Қазақстан Республикасы — тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылы алды. Егемендігін алғаннан кейін 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата Заңы қабылданды. 30 тамыз — мемлекеттік мереке, Конституция күні.

Елдігімнің — реңі,
Теңдігімнің — тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым — арай таңым!

Осы сәтте жүргізуші балаларға Конституция кітабының суретін көрсетеді.

Мемлекеттік рәміздер

Еліміздің тәуелсіздігін айқындайтын өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары — үлкендер де, балалар да — мемлекеттік рәміздерді және олардың мәнін білуі әрі түсінуі тиіс. Ту, Елтаңба және Әнұранды құрметтеу — өз Отаныңды құрметтеу.

Сұрақтар

  • Біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
  • Қазақстанның елордасы қай қала?
  • Елбасымыз кім?
  • Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
  • Рәміздер туралы не білеміз?

Елтаңба

Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй,
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл — таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.

Жүргізуші Елтаңбаны көрсетіп, мазмұнын түсіндіреді.

Ту

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.

Жүргізуші Туды көрсетіп, мәнін түсіндіреді.

Әнұран

Әнұраным — жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім — сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады
Республика әнұраны.

Жүргізуші балаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындауды ұсынады.

Қимылды ойын: «Киіз үй»

Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.

Шығармашылық бөлім

Слайд көрсету

Тақырыпқа сай слайдтар көрсетіліп, балалардың түсінігі бекітіледі.

Би: «Қамажай»

Қыздардың орындауында «Қамажай» биі орындалады.

Қорытынды

Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін. Осы игі тілекпен «Конституция күні» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.