Отанды сүю - әрбір қазақ азаматының міндеті

Менің Отаным — Тәуелсіз Қазақстан

Бүгін көк туымыздың асқақ желбіреуі мен бейбіт өміріміз — батыр ата-апаларымыздың ерлігі мен төзімінің нәтижесі. Қазақстан халқы ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді.

Тарихтың ауыр сабақтары

1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында мыңдаған қазақ жауынгері қаза тапты. Бұл соғыс ешкімге оңай тиген жоқ. Жеңіс пен тыныштықтың құны — ұмытылмас қайғы мен қастерлі ерлік.

Желтоқсан рухы

1986 жылдың 16 желтоқсанында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты көптеген жастар алаңға шықты. Көтеріліс кезінде талайы қыршыннан қиылды. Олардың ерлігі — азаттыққа ұмтылған ел рухының айқын көрінісі.

Бірлік, татулық және жауапкершілік

Қазақстан — көпұлтты ел. Қазақ халқының қонақжайлығы мен кеңпейілділігі татулықтың берік негізіне айналды. Сондықтан біз бейбітшілікте, өзара сыйластықпен өмір сүріп келеміз.

«Отан үшін отқа түс — күймейсің» — деп Бауыржан Момышұлы бекер айтпаған.

Отанды сүю — әрбір азаматтың міндеті. Мен де өскенде еліме пайдамды тигізіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімді қосқым келеді. Елім, жерім деп еңбек етіп жүрген ағаларымыз аман болсын!