Бүгін сенің мерекең

Жылы сәлем және мерекелік құттықтау

Жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар!

1-бала: Армысыздар, мейірімді әжелер!

2-бала: Армысыздар, қызғалдақтай құлпырған қыздар!

Ана десем, сезім билер тым ыстық,
Жарасады адамдарға туыстық.
Бар адамға берсе ананың мейірімін,
Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Аналар, барша қонақтар, 8-наурыз мерекесі құтты болсын!

1-бала: Құрметтейік, балалар, аналарды —
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Оймен істейік әрбір қадамды.
Аналар, мерекелеріңіз құтты болсын!

2-бала: Баурап алар бір ауыз сәлемі,
Қазақ қызы әдепті де әдемі.
Қазақ қызы — ақылына көркі сай,
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі.
Құрметті қыздар, мерекелеріңіз құтты болсын!

«Қыз сыны» сайысы: мерекенің өзегі

1-бала: ... , білесің бе? Бүгінгі мерекеміз ерекше болмақ.

2-бала: Неге? Сиқыршы келе ме?

1-бала: Жоқ, таппадың.

2-бала: Ә, таптым! Қайрат Нұртас келетін шығар?

1-бала: Жоқ, ... Бүгін біз балабақшамыздың ең сұлу, ашық жүзді аруын таңдаймыз. Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасыңдар. Құрметті қонақтар, бүгін сіздер балабақшамыздағы бүлдіршін қыздардың асыға күткен «Қыз сыны» сайысын тамашалауға келдіңіздер! Көңіл сарайларыңыз ашылсын, күлкілеріңіз інжу-маржандай шашылсын!

1-бала: Арулар — асыл жандар, шуақ боп шашылғандар! Ақ маңдай, ашық жүзді, бота көз қыздарымызды салтанатпен ортаға шақырамыз.

2-бала: Қарсы алыңыздар!

Жеребе таратылады.

Қазылар алқасы

Жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға,
Әділдікпен қара қылды жаруға.
Алқасын қазылардың біз сайлайық,
Ақ аруды таңдауға бүгін баруға!

Қазылар алқасы:

  • ____________________________________
  • ____________________________________
  • ____________________________________
  • ____________________________________

Сайыс бөлімдері

Жүргізуші: Бүгінгі бүлдіршін аруларымыз төмендегі бөлімдер бойынша сынға түседі:

  1. Өзін таныстыру — тіл көркемдігі, сырт сымбаты, жүріс-тұрысы бағаланады.
  2. Өз өнері — ән айту, би билеу, ертегіден үзінді және т.б.
  3. Үй тапсырмасы
  4. Шаш үлгісі
  5. Сән үлгісі

«Жеті атасын білмеген — жетесіз» дейді халқымыз. Сол себепті де өзін таныстыру — сайыстың алғашқы шарты.

Айдай сұлу арулардың өнерін
Сәлемдесу рәсімінен көрейік.

____________________________________

1-бала: Құрметті қазылар алқасы, бағаларыңызды берсеңіздер. Келесі бөлімге дайындалу үшін аруларымызды қошеметпен шығарып салайық.

Әжеге құрмет: шағын көрініс

Жүргізуші:
Асқар тау — биігіміз, сенсің, әже,
Жүрегің теңіздей кеңсің, әже.
Ұл-қызың армансыз болар еді,
Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең, әже.

2-бала: О, балалар, алақай! Әжеміз келе жатыр. Жоғары шығып, төрге отырыңыз.

1-бала: Сізге арнап бүлдіршіндер өлең шумақтарын оқып береді.

Өлең 1

Әжем менің әлі де
Ұқсамайды кәріге.
Шай қайнатып береді
Қажет болса бәріне.

Қимыл: қол-аяғын уқалайды.

Өлең 2

Жұмсайды әжем мені де,
Тауыққа жем беруге.
Ауырады кей кезде
Аяғы да, белі де.

Қимыл: үстіне көрпе жабады.

Өлең 3

Біз дәрісін табамыз,
Қамқорлыққа аламыз.
Әжемізді өзіміз
Демде емдеп аламыз.

Қимыл: дәрі беріп, су ұсынады.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, бүлдіршіндер! «Ақ әжем» әні әжелерге арналып орындалады.

2-бөлім: Өз өнері

Жүргізуші: Ана — өмірдің бастауымен, таусылмайтын жалғасы. Ана — тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

1-бала: Ендеше, балаларымыз ана туралы ән арнайды.

Менің анам — ақылшым,
Күн секілді білгенге.
Шашырайды шуағы
Үйімізге кіргенде.

Ана — біздің күніміз,
Ана — біздің гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қысылмай.

Бізді өсірген апатай,
Еңбегің зор екен.
Құтты болсын, апатай,
Құтты болсын мерекең!

Аялаған, саялаған —
Бар бақытым, берекем.
Апатайым, құттықтаймын,
Бүгін сенің мерекең.

Мақтаным, апа,
Шат әнім, апа.
Өзіңе тақпақ
Жаттадым, апа.

Жүргізуші:
Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегімде мәңгі бірге боласың.
Сен — арқарсың, сен — аспансың, биіксің,
Сен — дархансың, сен — жомартсың, данасың.

«Анашым, қартаймашы» әні орындалады.

3-бөлім: Тақпақтар

Тақпақтар топтамасы

1) Үн қатасың бал тілмен, еркелеймін күнде мен. Құттықтаймын, анашым, сегізінші наурызбен!

2) Әлпештеген, аялаған, ақ сүт берген апатайым. Тақпақ айтып бүгін саған мерекеңмен құттықтаймын.

3) Жарқын жүзді жан анам, сендей болса бар адам — шаттық кетпес баладан.

4) Ана — өмір шырағы, ана — өмір бұлағы. Бесігімнің жыр-әні жүрегімде тұрады.

5) Біз доспыз гүлдермен, тек оны жұлмаймыз. Той күні бір-бірден анаға сыйлаймыз.

6) Еркелеймін, шаттанам, жарқын күлкің — бақ маған. Ақ бетіңнен сүйейін, келші, келші, ақ мамам.

7) Бал бөбегін баптаған мамам үшін мақтанам. Ақ бетіңнен сүйейін, келші, келші, ақ мамам.

Көрініс

1-бала: ... сен домбырамен ән айтасың ба, күй тартасың ба?

2-бала: Мен ән айтсам, сен қашып кетеді деп қорқып тұрмын. Одан да бізге «Балдаурен» ансамблі «Айналайын, анашым» әнін орындап берсін!

Ортада: «Балдаурен» ансамблі.

Жүргізуші:
Шалқып тассын әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.

Сүйікті аналарға арнап би орындалады.

Ойын: анаға тән күнделікті тірлік

Гүлдей жайнап тұр өңі,
Мейірлене күледі.
Үйдегі бар шаруаға
Үлгереді бір өзі.

Жүргізуші: Аналар, сіздермен ойын ойнасақ. Ойын шарты: күнделікті үй тірлігін пантомима арқылы көрсету. Ол үшін мына конверттерден өз қалауыңызбен біреуін таңдаңыздар. Ана пантомима арқылы тапсырманы бейнелейді, ал балалар қандай қимыл екенін табуы керек.

Қорытынды және марапаттау

Жүргізуші: Өнеріміз сайыста жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі — достық болып қалсын. Енді қорытынды сөзді әділқазыларға береміз.

Әділқазылар қыздарды номинациялар бойынша марапаттайды: «Көркем ару», «Әдемі ару», «Білімді ару».

1-бала: Демеңіз, біз өнерді аяп қалдық, мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

2-бала: Қош болып тұрыңыз, көріскенше — осымен сайысымыз аяқталды.

Жүргізуші: Қатысқандарыңызға көптен-көп рақмет! Келесі көктем мерекесіне аман-есен жетейік. Көріскенше, күн жақсы болсын, ағайын!