Шығармашылық жұмыстарды орындау

Құрметті мұғалім!

Бұл тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде дайындалды. Жинақ — мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, сондай-ақ оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.

Жинақтың ұсыныстық сипаты білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін ескере отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейненұсқауларды Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.

Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!

Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар және т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.

1-тоқсан: Сәндік-қолданбалы өнер

Тақырыптар ұлттық қолөнер, нобай дайындау, шығармашылық жұмыс орындау, безендіру және жұмысты қорғау бағыттарын қамтиды.

Қалыптастырушы бағалау 8-сынып (қыздар)

Тақырып: Қазақтың ұлттық сәндік-қолданбалы бұйымдары (ши тоқу, киіз басу)

Оқу мақсаттары

  • 8.1.2.1 — тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін түсіндіру.
  • 8.1.3.1 — шығармашылық идеяларды дамытуда өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін (АКТ-ны қоса) қолдану.

Бағалау критерийлері

  • Өнер, қолөнер және дизайн түрлерінің ерекшеліктерін көрсетеді.
  • Шығармашылық идеяларын таныстыруда ақпарат көздерін қолданады.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну

Тапсырма

Қазақ ұлттық мәдениетіндегі қолөнердің ерекшеліктерін анықтаңыз. Ақпарат көздерін (АКТ) пайдаланып, берілген ұлттық қолөнер түрлерін салыстырыңыз.

Дескриптор

  • Қолөнер түрлерін анықтайды.
  • Қолөнер түрлерін салыстырады.
  • Айырмашылықтары мен ерекшеліктерін атайды.

Тақырып: Бұйымдарға нобайлар дайындау

Оқу мақсаттары

  • 8.1.5.2 — графика тәсілдерін және АКТ-ны қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтау, графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.
  • 8.1.4.1 — алған білім мен тәжірибеге сүйеніп, шығармашылық әрекеттерді жоспарлау.

Бағалау критерийлері

  • Графика тәсілдерін қолданады.
  • АКТ арқылы бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтайды.
  • Технологиялық құжаттар дайындайды.
  • Білім мен тәжірибе негізінде шығармашылық әрекеттерін жоспарлайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану

Тапсырма

Нобайда бейнеленген сәндік бұйымның орындалу кезеңдерін және қажетті материалдарды кестеде көрсетіп, нобайыңызды таныстырыңыз.

Кезең Үдеріс Материалдар мен құралдар Бюджет Мерзімі
1 Ізденіс кезеңі Нобай орындау Қайталама шикізат және т.б.
2 Техникалық-конструкторлық кезең
3 Аяқтау кезеңі

Дескриптор

  • Нобайды орындауда АКТ мен бейнелеу техникаларын қолданады.
  • Сәндік бұйымның орындалу кезеңдерін анықтайды.
  • Қажетті материалдар мен құралдарды (қайталама шикізат және т.б.) анықтайды.
  • Идеяны жетілдіру деңгейін көрсетеді және таңдауын дәлелдейді.

Тақырып: Шығармашылық жұмыстарды орындау

Оқу мақсаттары

  • 8.2.1.1 — күрделі идеялар мен сезімдерді білдіру үшін көркем құралдарды өз бетінше анықтау, таңдау және қолдану.
  • 8.1.6.4 — шығармашылық жұмысқа қажетті технологиялар мен материалдарды өз бетінше таңдау және біріктіру.

Тапсырма

Көркем еңбек құралдарын пайдаланып, жүннен немесе киізден заманауи сөмке жасаңыз.

Дескриптор

Көркем еңбек құралдарын қолданады; заманауи сөмке жасайды.

Тақырып: Әшекейлерді пайдалана отырып сәндеу

Тапсырма

Ұлттық ою-өрнекті қолдана отырып, шығармашылық жұмысты сәндеу тәсілдеріне қысқаша түсіндірме беріңіз. Өз жұмысыңызда қолданған тәсілді сипаттаңыз.

1-тәсіл

2-тәсіл

3-тәсіл

Дескриптор

Бұйымды сәндеуде ұлттық элементтерді қолданады; қолданған тәсілін сипаттап жазады.

Тақырып: Жұмысты қорғау және көрмеге ұсыну

Тапсырма

Жасаған бұйымыңызды төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып таныстырыңыз.

  1. 1Жұмысыңыздың идеясы қандай болды?
  2. 2Оны жүзеге асыра алдыңыз ба?
  3. 3Жұмысты орындау үшін қандай кезеңдер мен іс-әрекеттерді орындадыңыз?
  4. 4Өз жұмысыңыздың қандай жақсы жақтары бар?
  5. 5Жұмыс барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
  6. 6Жұмысыңызды жақсартуға қатысты қандай ойларыңыз бар?

Дескриптор

  • Жұмысының идеясын түсіндіреді.
  • Орындау кезеңдері мен іс-әрекеттерін сипаттайды.
  • Күшті тұстары мен қиындықтары туралы ой бөліседі.
  • Жетілдіру жолдарын ұсынады.

2-тоқсан: Дизайн және технология

Негізгі бағыттар: қазақтың ұлттық киімі, этностиль, ою-өрнек стилизациясы, өлшем алу, құжаттандыру, тігіс түрлері, кестелеу және жұмысты қорғау.

Тақырып: Қазақтың ұлттық киімі. Этностиль. Ою-өрнек стилизациясы

Тапсырма 1

Ақпарат көздерін пайдаланып, қазақ ұлттық киімдерінің ерекшеліктері мен түрлерін анықтап, сипаттаңыз. Кестені толтырыңыз.

Киім атауы Сипаттамасы
1 Қамзол
2
3
4
5

Тапсырма 2

Киім үлгілерінің стиль түрлерін анықтаңыз: A) ___ B) ___ C) ___ D) ___

Дескриптор

  • Ұлттық киім түрлерін анықтайды.
  • Ұлттық киімдердің ерекшеліктерін ажыратады.
  • Кестені толтырады және стиль түрлерін анықтайды.

Тақырып: Этностильдегі бас киімдер (өлшем алу)

Тапсырма

Бас өлшемдерін түсіру бойынша тапсырманы орындаңыз.

Бас айналымы

Бас киімнің тереңдігі

Дескриптор

Бас киімнің дизайнын құруда өлшемдерді қолданады.

Тақырып: Бұйым дайындаудың реттілігі (құжаттандыру)

Тапсырма

Бұйым дайындаудың реттілігін анықтап, орындау кезеңдерін көрсетіңіз (1–4).

1 —
2 —
3 —
4 —

Дескриптор

Бұйым дайындаудың реттілігін анықтайды және орындау кезеңдерін көрсетеді.

Тақырып: Тігістерді талдау және қолдану

Тапсырма

Тігістердің сипаттамасын жазып, талдау жүргізіңіз. Кестені толтырыңыз және қорытынды жасаңыз.

Тігіс атауы Орындалу әдісі
1
2
3
4

Дескриптор

Тігістердің сипаттамасын жазады; тәжірибелік жұмыста қол және тігін құрал-жабдықтарын қолданады.

Тақырып: Бұйымдарды әшекейлеу (кестелеу)

Тапсырма

Кесте түрлерін ажыратыңыз, орындалу әдісін сипаттаңыз. Таңдауыңыз бойынша кестенің бір түрін таңдап, орындаңыз.

1) _________
2) _________
3) _________
4) _________

Өзіңіз қолданған кесте түрі

5) _________

Дескриптор

Кесте түрлерін ажыратады; орындалу әдістерін сипаттайды; таңдаған кесте түрін орындайды.

Тақырып: Жұмысты қорғау (онлайн ұсыну)

Тапсырма

Шығармашылық жұмысыңызды төмендегі сұрақтарға сүйеніп қорғаңыз.

  1. 1Қандай кесте түрлерін білесіз және қай түрін таңдадыңыз?
  2. 2Кестелеу барысында қандай құрал-жабдықтарды қолдандыңыз?
  3. 3Қандай талаптарға сүйендіңіз?
  4. 4Кесте үшін қандай мата түрін таңдадыңыз?
  5. 5Кесте өрнегін дайындау жолдарын атаңыз.
  6. 6Жұмыстың жақсы тұстарын және қиындық тудырған сәттерді сипаттаңыз.

3-тоқсан: Дизайн және технология

Бұл тоқсанда зерттеу, топпен жұмыс, технологиялық карта құру, материалдарды салыстыру, пішу және өңдеу кезеңдері жүйеленеді.

Тақырып: Тұтынушы қажеттілігін зерттеу (тұтас жеңдер)

Тапсырма

Ақпарат көздерін пайдаланып, тұтынушылардың өнімге деген қажеттіліктеріне зерттеу жүргізіп, кестені толтырыңыз. Соңында қорытынды жасаңыз.

Зерттеу парағы Тұтынушылар жайлы мәлімет Қандай өнімді таңдайды (стилі, пішімі)? Сіздің ұсынатын өніміңіз (стилі, пішімі)?
1 Жастар 18–44 жас
2 Орта жастағылар 44–59 жас
3 Егде жастағылар 60–74 жас

Қорытынды сұрақ

Неліктен тұтынушы сіздің өніміңізді таңдауы керек?

Тақырып: Нобай дайындау және құжат жасау (топпен жұмыс)

Тапсырма

Топ мүшелерімен келісіп, нысанның нобайын салыңыз. Дайындау реттілігін анықтап, қолданылатын тиімді тәсілдерге сипаттама беріңіз. Графикалық және технологиялық құжаттар дайындаңыз.

1-кезең

Өлшемдерді түсіру, құралдар мен мата таңдау және т.б.

2-кезең

3-кезең

Тақырып: Технологиялық карта (түймелік және сыдырма)

Тапсырма

Түймелікті өңдеу және сыдырманы қондырып тігу бойынша технологиялық карта құрыңыз. Операцияларды ретімен орындаңыз және жұмыс барысында техника қауіпсіздігін сақтаңыз.

Код Операция Құрал-жабдықтар Нұсқаулар
1 Бүйір тігісті айыра үтіктеу Үтік
2 Сыдырманы бүйір тігіске көктеу Қол ине Тігіс ені: 1 см
3 Тең түсуін тексеру
4 Сыдырманы машинада тігу 22-А Тігіс ені: 0,5–0,7 см
5 Түймелікті үтіктеу Үтік

Тақырып: Табиғи және жасанды теріні салыстыру

Тапсырма

Табиғи және жасанды терінің түрі мен қасиетін ажыратыңыз. Салыстырып, кестені толтырыңыз.

Өнімнің қасиеттері Табиғи тері Жасанды тері
Сырт көзге тартымдылығы
Мыжыраюы
Ылғал өткізгіштігі
Электрлендіргіштігі
Созылмалы-икемділігі
Жылу сақтағыштығы
Жалпы қорытынды

Тақырып: Қол және машина тігістері (өңдеу, біріктіру, сәндеу)

Тапсырма

Қол және машина тігістерінің орындалу ретін кестеге түсіріңіз. Орындалған жұмысты тиімді өңдеп, сәндеңіз.

Қол тігіс атауы Орындау реті Машина тігіс атауы Орындау реті
Алдыңғы ине тігісі Бекіту тігісі Тігісті бір жаққа қарай жатқыза үтіктеп, бекіту
Артқа ине тігісі Айыра үтіктеп, бекіту тігісі
Ілмек тігісі Француз тігісі
Қайырып өңдеу тігісі

Тақырып: Ою-өрнек элементтерімен безендіру және сапаны талдау

Тапсырма

Дайын өнімді ою-өрнек элементтерімен безендіріп, қолданылған әдіс-тәсілдерге талдау жасаңыз.

Қол және машина тігістері
Кестелеу түрі (алтын/күміс, біз кесте, шым кесте, айқас крест)
Ұлттық ою-өрнек түрі
Моншақ, бисер, тастар және т.б.

Тақырып: Жұмысты қорғау

Тапсырма

Тоқсан барысында орындаған дайын жұмыстарыңызды сыныпқа ұсынып, қорғаңыз.

Дескриптор

Дайын жұмыстарын таныстырады және қорғайды.

4-тоқсан: Үй мәдениеті

Негізгі назар — интерьер стилдері, 2D/3D форматтағы сәндік бұйымдар, материалдарды тиімді таңдау және техника қауіпсіздігі.

Тақырып: Интерьерге арналған сәндік бұйымдар (2D/3D формат)

Тапсырма

Интерьер стильдеріне сипаттама беріп, сол стильде қолданылатын материалдарды анықтаңыз.

Интерьер стилі Сипаттамасы Қолданылған материалдар
Хай-тек
Экостиль
Модерн
Этностиль

Дескриптор

Интерьер стильдеріне сипаттама береді; стильдердің ерекшеліктерін ашады; қолданылған материалдарды анықтайды.

Тақырып: Нобай дайындау және материал/құрал таңдау

Тапсырма

Интерьерге арналған бұйымның нобайын орындап, қолданылатын материалдар мен құралдарды таңдаңыз. Орындау технологиясын ескеріңіз.

1) Нобай

Композиция, өлшем, пішін

2) Материалдар мен құралдар

Таңдау және негіздеу

3) Технология

Орындау реттілігі

Дескриптор

Бұйымның нобайын орындайды; материалдар мен құралдарды таңдайды; орындау технологиясын ескереді.

Тақырып: Интерьерге арналған 2D/3D сәндік бұйымдарды жасау

Бұйымды өз бетінше материалдар мен техниканы таңдай отырып дайындаңыз. Жұмыс эстетикалық және техникалық талаптарға сай болуы керек. Орындау барысында техника қауіпсіздігін сақтаңыз және қолданылған идеяларды талдап, жұмысты жетілдіруге арналған негізделген ұсыныстар жасаңыз.

Нәтиже

Эстетикалық және техникалық талапқа сай бұйым

Талдау

Идеяларды бағалау және жетілдіру

Қауіпсіздік

Материалдар мен құралдарды қауіпсіз қолдану